СН3СОО–ацетат-ион бір негізді CH3COOH әлсіз қышқылдың (pK = 4,76) анионы, сулы ерітінділері түссіз болып келеді, гидролизге ұшырайды. Қышқыл ортада спиртермен реакциясында күрделі эфирлер түзеді. Ацетат-ион лиганд ретінде көптеген металдармен комплексті қосылыстар түзеді.
Аммоний ацетаты, сілтілік және басқа да металдар ацетаттары суда жақсы ериді.
Күкірт қышқылыацетаттармен әрекеттесе отырып олардан бос сірке қышқылын ығыстырып шығарады. Сірке қышқылын қыздырған кезде бөлі-нетін өзіне тән иісі арқылы анықтайды.
CH3COO- + Н+ ⇄ CH3COOH
Тәжірибе: Сынауыққа 4-5 тамшы натрий ацетаты ерітіндісін құйып, 2 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызады. Жайлап қыздыру керек. Сірке қышқылын иісі арқылы анықтауға болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) NO2–-, S2–, S2O32– - иондары кедергі келтіреді.