2. Спирттер күкірт қышқылды ортада (H2SО4конц.) ацетат ерітінділерімен әрекеттескенде иісі арқылы анықталатын күрделі эфирлер түзеді. Мысалы, этанолмен әрекеттескенде этилацетат CH3COOC2H5түзіледі:
2CH3COONa + H2SО4 → Na2SО4 + 2СН3СООН CH3COOH + С5Н11ОН ⇄ СН3СООС5Н11 + Н2О Тәжірибе: Ацетат ерітіндісінің бірнеше тамшысына (немесе құрғақ натрий ацетатына) 3-4 тамшы концентрлі күкірт қышқылын және соншама мөлшерде амил спиртін С5Н11ОН, 1-2 тамшы күміс нитратын қосады. Қоспаны су моншасында қыздырып, содан соң сынауықтағы сұйықтықты суық су құйылған стаканға аудару керек. Өзіне тән иісі бар амилацетаты пайда болады.
Тәжірибе жасау шарттары: 1) өткір иісті амил спиртін көп мөлшерде алмау керек, себебі, алмұрттық эссенция амилацетатының иісін анықтауға кедергі жасайды;
2) қоспаны 4-5 мин шамасында ғана қыздыру қажет (амилацетаты түзіл-генге дейін);
3) реакцияны тездету үшін катализатор ретінде күміс нитраты пайдаланылады.