Аналитические группы анионов ► катионов


Күшті тотықтырғыштар реакциясы



бет25/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

2. Күшті тотықтырғыштар реакциясы. Күшті тотықтырғыштар (KMnO4, MnO2, KBrO3, гипохлорит натрия NaClO, хлорлы су, хлорамин және т.б.) қышқылдық ортада бромид-ионын бромға дейін тотықтырады, мысалы:
10Br- + 2MnO4- + 16H+ → 5Br2 + 2Mn2+ + 8H2O
2Br- + Cl2 → Br2 + 2Cl-
5Br- + BrO3- + 6H+ → 3Br2 + 3H2O және т.б.

Түзілген бром ерітіндіге сары-қоңыр түс береді, оны су қабатынан ограникалық еріткіштер (хлороформ, төртхлорлы көміртегі, бензол және т.б.) арқылы бөліп алуға болады. Органикалық еріткіштерде суға қарағанда жақсы ериді. Органикалық қабат сары-қоңыр немесе сары-күлгін түске боялады. Сондай-ақ бромды фуксиннің (күкірт қышқылды) көмегімен сүзгі қағазында (қағаз көк-күлгін түске боялады), флюоресцеиннің (қызыл түс) көмегімен анықтауға болады.


Хлорлы судың артық мөлшерінде бромид-ионы BrCl дейін тотығады, ерітінді сары түске боялады:
Br2 + Cl2 → 2BrCl
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы NaBr немесе KBr ерітіндісін алып, оның үстіне 2-3 тамшы H2SO4 және 4-5 тамшы хлорлы су (немесе хлорамин) қосады. Жақсылап шайқап 4-5 тамшы хлороформ (бензол) қосып қайта шайқағанда төменгі органикалық қабат қою-сары, сары-қоңыр, қызыл-сары түске боялады. Сулы қабаттың түсі ашық-сарғыш болады. Хлорлы су көп болса бром хлоридінің пайда болуы нәтижесінде ерітінді лимон-сары түске боялады.
Тәжірибе жүргізу шарттары:
1) реакция рН=5-7 аралығында жүреді;
2) хлорлы судың шамадан тыс көп мөлшері бром хлоридінің пайда болуы-на әкелуі мүмкін;
3) тотықсыздандырғыш иондар (сульфид-, сульфит-, тиосульфат-, арсенит-иондары) реакцияның жүруіне кедергі келтіреді, сондықтан ерітіндіден бөлінуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет