2. MnО2 марганец оксиді, РbО2 қорғасын оксиді және т.б. тотық-тырғыштарСl- -хлор анионын бос хлорға дейін тотықтырады. Бұл жағдайда хлордың бар екенін ерекше иісінен немесе калий йодиді ертіндісі мен крах-мал клейстеріне батырылған қағаздың көгеруінен байқауға болады:
2Сl- + MnO2 + 4Н+ → Cl2↑ + Mn2+ + 2H2О Cl2 + 2J- → J2 + 2Cl- Тәжірибе: Сынауыққа 3-4 тамшы HCl, NaCl немесе KCl ерітінділерін, оның үстінен концентрленген KMnO4 ерітіндісін құяды(немесе KMnO4кристаллдарын), 5-6 тамшы күкірт қышқылын қосып, қоспаны қыздырады (тягa астында жүргізіледі). Түзілген қызғылт-күлгін түс түссізденеді. Қоспа тамшысын йодид-крахмал қағазына тамызса немесе қағазды сынауықтың бетіне жақындатса қағазда көк дақ пайда болады.
Тәжірибе жүргізу шарттары: 1) йодид J- және бромид-ионы Вr- реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.