Аналитические группы анионов ► катионов



бет10/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі

1. ВаСl2 барий хлориді РО43- анионымен барий гидрофосфатының ақ тұн-басын береді ВаНРО4, ол күкірт қышқылынан H24 басқа қышқылдарда ериді:
3ВаСl2 + 2Na34 Ba3(PО4)2↓+ 6NaCl

Барий ортофосфаты тұнбасы HNO3, HCl, CH3COOH-да ериді.


Гидрофосфат-анионы НРО42- барий катионымен барий гидрофосфатының ақ тұнбасын түзеді:
ВаСl2 + Na2HPО4 BaHPО4↓+ 2NaCl

Аммиак қатысында гидрофосфат-анионы НРО42- барий катионымен барий ортофосфатының ақ тұнбасын түзеді:


2HPО42- + Ва2+ + 2NH3 Ba3(PО4)2↓+ 2NH4+
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы натрий гидрофосфаты Na2HPO4 ерітіндісін алып оған 2-3 тамшы аммиак және барий хлоридінің ерітіндісін барий ортофосфатының ақ тұнбасы түзілгенше қосады.
2. Күміс нитраты AgNО3 фосфат- және гидрофосфат-ионымен бейтарап ортада күміс фосфатының сары тұнбасын түзеді Аg34, ол азот қышқылында ериді:
3AgNО3 + Na2HPО4 Ag34↓ + HNO3 + 2NaNО3
3Ag+ + PО43- Ag34
Тұнба азот қышқылы мен концентрлі аммиак ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе:
Сынауыққа 4-5 тамшы фосфат ерітіндісінің тамшысын және натрий гидрофосфаты мен AgNO3 ерітіндісін тамшылатып күміс фосфатының сары тұнбасы түзілгенше қосады.
3. Магнезия қоспасы (МgCl2, NH4OH, NH4Cl) НPО42- анионымен ақ кристалды тұнба түзеді:
Na2HPО4 + NH4OH + MgCl2 → MgNH4PO4+ 2NaCl + H2О
НPО42- + NH4OH + Mg2+ MgNH44 + H2О
Магний аммоний тұнбасы қышқылдарда ериді.
Тәжірибе:
5-6 тамшы магний хлоридіне бірнеше тамшы аммиак ерітіндісін қосады, түзілген магний гидроксиді тұнбасына аммоний хлоридін құйып ерітіп, оған бірнеше тамшы натрий гидрофосфатының ерітіндісін тамызғанда түзілген MgNH44 магний аммоний фосфатының ақ тұнбасы РО43-- ионының бар екенін көрсетеді.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) аммоний хлоридін артық мөлшерде құймау керек, себебі комплексті иондар түзіліп кетеді.
4. Молибден сұйығы (NH4)2MoО4 (аммоний молибдатының азот қышқы-лындағы ерітіндісі) РО43-- анионымен сары кристалды аммоний фосфоромолибдатының тұнбасын түзеді:


РО43- + 3NН4+ + 12МоО42- + 24Н+ → (NH4)3[P(Mo3O10)4]↓ + 12Н2О
Аммонийдің фосфоромолибдатының тұнбасы HNO3-те, сілтілерде және аммиакта ериді. Сондай-ақ ол фосфат-ионының артық мөлшерінде ериді, ерітіндінің түсі сарғыш түске боялады. Аммоний молибдатын артық мөлшерде алу қажет, жетіспесе тұнба түзілмейді, бірақ ерітінді сары түсін сақтап қалады.
Реакция сезімталдығы ерітіндіге аммонийдің кристалл нитратын NH4NO3 қосқанда жоғарылайды.
Тәжірибе:
Сынауыққа 8 тамшы (NH4)2MoО4 аммоний молибдатын және 7 тамшы концентрлі азот қышқылын құяды. Осы қоспаға 2-3 тамшы натрий фосфа-тының ерітіндісін құйып шыны таяқшамен араластырып, су моншасында 40-50°С дейін аздап қыздырады. Тұнбаның түзілуіне және түсіне назар аудару керек. 32-, S2-аниондары алты валентті молибденді МоО42- молибден көгіне дейін тотықсыздандырады (молибден қоспасының қосылыстары әртүрлі дә-режеге дейін тотығады). Сондықтан, ерітінді көк түске боялады. Тотықсыз-дандырғышты жоғалту үшін ерітіндінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы кон-центрлі азот қышқылын қосып қайнату керек, содан соң РО43- - анионына сапалық реакция жасау керек.
Тәжірибе жүргізу жағдайы:
1) реакцияны рН<1 болған жағдайда жүргізу керек;
2) қыздыру тұнбаның түзілуін тездетеді;
3) арсенат-ион кедергі келтіреді;
4) тотықтырғыш-аниондар және тұз қышқылы реакцияның жүруіне кедергі жасайды;
5) тотықсыздандырғыш-аниондар (SO3-,S2O3-,S2-) молибден көгіне (Mo2O5Mo2O36H2O) дейін тотықсыздандырады.

SiО32- - силикат анионына тән сапалық реакциялар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет