Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет11/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

Ресейде 
жоғары оқу орнында ары қарай оқу 
мақсатында олармен таңдалған білім беру салалары бойынша мектеп 
оқушыларын тереңдетіп оқытуға бағытталған жалпы білім беру мекемелерінің 
жаңа түрлері (лицей, гимназиялар) пайда болды. Сондай-ақ көптеген жылдар 
бойы көркемөнер, спорт, музыка және т.б. мамандандырылған (белгілі 
дәрежеде бейіндік) мектептер табысты өмір сүріп және дамып келді. Бұл 
процеске білім беру мекемелері мен білім беру бағдарламаларының 
көпнұсқалығы мен көп түрлі типтерін бекіткен 2002 жылы Ресей 
Федерациясымен қабылданған «Білім беру туралы» Заңы ықпал етті.
Мектептегі оқу жоспарының құрылымы онда инварианттық және 
варианттық бөліктерді сипаттау қажеттілігімен негізделген. Оқу жоспарының 
инварианттық бөлігі (түйіні) оқушылардың базалық мәдениетін қалыптастыру 
мақсатында жалпы мәдени және ұлттық маңызды құндылықтарға араласуын 
қамтамасыз 
етеді. 
Оқушылардың 
жеке 
тұлғалық 
ерекшеліктерін, 
қызығушылықтары мен ынталарын ескеретін вариативтік бөлік оқу процесін 
дараландыруға мүмкіндік береді.
Оқу жоспарының өздерін толықтыратын және салыстырмалы түрде 
автономды бөліктері толықтай тәуелсіз емес. Кез келген жалпы білім беру 
мекемесінің оқу жоспарында олардың түйісуінің нәтижесінде оқу 
сабақтарының үш негізгі түрі ажыратылады: жалпы орта білімнің базалық 
негізін құрайтын міндетті дәрістер; оқушылардың таңдауы бойынша міндетті 
дәрістер; факультативтік дәрістер (таңдау бойынша міндетті емес дәрістер).
2013 жылдың 7 ақпанында қабылданған №163-р «2013-2020 жылдарға 
«Білім беруді дамыту» Ресей Федерациясының мемлекеттік бағдарламасына» 
және «2020 - Білім беруді дамыту тұжырымына» сәйкес «...әлеуметтену, кәсіби 
құзыреттілік пен қабілеттеріне акцентті күшейту кезінде оқушыларды кәсіптік 
даярлау мүмкіндіктерін кеңейтумен қоса жалпы білім берудің жоғары 
сатысында кәсіптік оқытуды дамытуды» құру міндеті тұр [11].
Кәсіптік өзін-өзі анықтаудың бейіндік оқытуы және ақпараттық 
қамтамасыз етуі бірінші кезекте өзінің қарым-қатынастарын, бейімін, сол 
немеесе басқа қызметпен айналысу (немесе айналыспау) ынтасын анықтауға 
арналған әртүрлі сынамалардың едәуір санын ұсынатын мектеп пәндері мен оқу 
курстарымен жүзеге асырылады. Жоғары сатыдағы кәсіптіктің идеясын іске 
асыру негізгі сатының бітірушісіне білім алуды жалғастырудың мүмкін 
жолдарына қатысты алдын ала айқындау – жауапты таңдау жасау қажеттілігін 
қояды.
Кәсіптік оқытуға дейінгі кезеңдегі педагогтердің мақсаты – оқушыларға 
олардың қабілеті, бейімі мен қызығушылықтарына сәйкес, бірінші кезекте 
таңдау бойынша оқу курстары «пакетін» таңдауда оқушыларға айқындалуға 
көмектесу.
Таңдау бойынша курстар үш типке бөлінеді:


15 
1)
бар әдістемелік қамтамасыз етуді қолдануға негізделген дәстүрлі 
пәндік курстар (мысалы, кәдімгі факультативтік курстар, оқу модульдері, 
кәдімгі оқу пәндері бойынша қосымша дәрістердің топтамасы және т.б.);
2)
пәнаралық элективтік курстар, олардың мақсаты – оқушыларда қоғам 
мен табиғат туралы білімді интеграциялау;
3)
базистік оқу жоспарына кірмейтін пәндер бойынша элективтік курстар.
Элективтік 
курсттардың 
типтік 
көптүрлілігі 
мектеппен, 
жеке 
педагогтермен, сондай-ақ дәстүрлі емес оқу технологияларын (сондай-ақ білім 
беру желісінің құрамына кіретін құрылымдармен жасалатын және іске 
асырылатын «желілік курстар) қолданумен құрылатын авторлық курстарды 
қамтиды.
Бірінші курстың типтері негізінен прагматикалық функция (оқушыларды 9 
сыныптың бітіруші емтихандарын жақсы тапсыруға мақсатты дайындық); басқа 
типтің курстарына негізінен дамытатын функция тән болады.
Таңдау бойынша авторлық курстар болуы мүмкін, олардың құрылымы 
және мазмұны нақты мән-жәйлардың ретіне байланысты, вариативтік сипатта 
болады, оның ішінде:
– оқушыға муниципалды білім беру желісін ұсынатын үшінші сатыда 
бейіндер жиынтығының ерекшеліктері;
– осы білім беру мекемесі мен муниципалды білім беру желісіндегі жалпы 
кадрлық жағдай (бейіндеу сыныптарында жоғары оқу мамандарын жұмысқа 
тарту немесе ресурстық орталықтардың кадрлық әлеуетін қолдану 
мүмкіндіктері және т.б.);
– оқушылардың құрамының ерекшелігі (саны, алдыңғы дайындық деңгейі, 
жыныстық құрамы және т.б.). Мүмкін топтың бір бөлігіне жетіспеушіліктерді 
жою керек болса, басқаларға – тапсырманың күрделі жоғары деңгейін шешу 
тәжірибесін алу керек [12].
Осылайша таңдау бойынша курстар шет елдердің бірқатарында жоғары 
сынып оқушыларын бейіндік оқыту элементтері болып табылады және 
педагогикалық ғылым мен практиканың негізгі ізденісі адамның даму 
мүмкіндіктеріне, оның әлеуметтенуі мен өзгеретін әлемде бейімделуінің 
табыстылығына, оқушылардың қызметтің әртүрінің кең спектріне енуіне 
бағытталғандығын растайды.


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет