Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет39/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

«
Алгебралық
 
теңдеулер мен 
теңсіздіктерді логикалық шешу жолдары
»
(барлығы – 68 с., аптасына 2 с.) оқу 
бағдарламасының негізгі міндеті – қазіргі қоғамның әр мүшесіне күнделікті 
өмірі мен еңбек әрекетіне қажет математикалық білімдер мен дағдылары 
жүйесін толық және саналы түрде оқушылардың меңгеруін қамтамасыз ету. 
Негізгі міндетті шешумен қатар аталған курсты оқыту оқушылардың пәнге 
деген тұрақты қызығушылығын, олардың математикалық қабілеттерін анықтау 
және дамыту, математикамен, ЖОО оқуға дайындықпен тығыз байланысты 
мамандықтарға бағдарлауын жоспарлайды [34]. 
 
10-11-сыныптарға арналған «
Экономикалық сауаттылық әліппесі
» курсын 
оқыту (барлығы – 34 с., аптасына 1 с.) мынадай мақсаттарға жетуге 
бағытталған: ойлаудың экономикалық бейнесін дамыту; экономикалық 
пәндерді оқыту барысында экономикалық білімдер мен қызығушылықты 
қалыптастырудағы қажеттілік; жеке өз тағдырын өзі шешу мен өз орнын өзі 
табу қабілетін қалыптастыру; экономикалық шешімдер үшін жауапкершілікке 
тәрбиелеу; еңбекке және кәсіпкерлік іс-әрекетке деген құрметін тәрбиелеу


65 
экономикалық пәндерді колледждер мен жоғары оқу орындары әрі қарай оқыту 
үшін немесе өз бетімен білім алу үшін Қазақстанның экономикасы туралы білім 
беру жүйесін меңгеру; типтік экономикалық міндеттерді шешу үшін алған 
білімдері мен дағдыларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру; жалданған 
қызметкер ретінде болашақ жұмысы үшін және экономикалық салада өз 
білімдерін тиімді жүзеге асыру үшін, өз орнын табу үшін экономикалық 
білімдерді игеру [35].
Қазақстанның инновациялық мектептері арасында білім беру нарығында 
1995 жылдан бастап жұмыс істейтін «Көгiлдiр желкен - Blue sail - Голубой 
парус» атты ірі мемлекеттік емес мекемеге назар аудару қажет. 
2001 
жылдан бастап «Көгілдір желкен» ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми 
эксперименталды алаңы болып табылады, мұнда қазақстандық ұлттық білім 
беру жобасы жасалды, университеттік сыныптар ашылды, 12 жылдық мектеп 
және бейіндік мектеп аясында эксперимент өткізу әрі қарай жалғастырылуда.
Осыған байланысты, ҚР білім беру ұйымдарының оқу жоспарларының 
базистік компоненті толық көлемде орындалады.
Вариативтік бөлімі мынадай мүмкіндіктер береді
:

мемлекеттік және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;

қосымша таңдауы бойынша бір немесе екі шет тілін - неміс, француз 
немесе қытай тілін;

информатиканы ерте 5-сыныптан бастап оқыту (сонымен қатар 
компьютерлік сауаттылық негіздерін балалар балабақшадан бастап үйренеді);

таңдалған ЖОО бейініне сәйкес қолданбалы, арнайы курстар, 
факультативтік сабақтар деңгейінде 10-сыныптан бастап таңдап алған бағыты 
бойынша бейіндік оқыту;

пәндік циклдер мен таңдауы бойынша пәндер арасындағы оқытуды 
баланстандыру.
Қойылған міндеттерді шешу үшін әр оқушының қабілетін шешуін, оқыту 
деңгейі әртүрлі оқушының педагогикалық қолдауын қамтамасыз ету. Сабақтың 
технологиялық картасы оқушыны үш деңгейі бойынша барлық кезеңдердегі 
жұмысқа қосуды қарастырады – алдын ала оза оқыту, стандарт, түзеу. Жаңадан 
келген оқушыларды педагогикалық қолдау бағдарламасы негізгі пәндер 
бойынша қабылдау тестілеуін (орыс тілі, математика, оқу техникасы, қазақ 
және ағылшын тілі), психикалық үдерістер диагностикасын талдау 
материалына негізделген және оқушыны жеке бағдарлама бойынша дамыту мен 
оқытуды қамтиды.
Екінші сабақ кестесі пәндік және пәндік емес үйірмелерді, спорт 
секцияларының 
жұмысын, 
оқу-танымдық 
экскурсияларды 
өткізуді, 
оқушылардың еңбектерін республикалық газеттер мен журналдарға 
жариялауды қамтиды; «Көгілдір желкен» филиалы базасындағы Шучье 
сауықтыру кешенінде каникулды өткізу.
«Көгілдір желкен» мектебі қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 
жұмыс жасайды. 14-кестеде таңдауы бойынша курстар туралы ақпарат 
келтірілген.


66 
14-кесте – «Көгілдір желкен» білім беру мекемесі филиалының таңдауы 
бойынша курстары
Таңдауы бойынша курстар
Курсты жүргізетін пән мұғалімі
Оқушы компоненті есебінен жүргізілетін 
курстардың атауы
Сыныптар 
Есептерді шығару бойынша практикум
(математика) 
5-8, 10-11- 
сыныптар 
Жүсіпова Д.Б. 

математика 
мұғалімі 
Мәтінді лингвостилистикалық талдау
10-11-сынып 
Жүкенова Г.Н. 

орыс тілі және 
әдебиет мұғалімі
Өлкетану 
5, 7-сынып 
Москаленко О.Н. 

тарих 
мұғалімі
Елтану 
10-11-сынып 
Жұмағұлова Г.У. 

ағылшын 
тілі мұғалімі
Сауатты жазуға үйренеміз
9-сынып 
Ананьева М.З. 

орыс тілі және 
әдебиет мұғалімі
9-сынып оқушыларына арналған орыс тілі пәні бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет