Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет41/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

«Хэйлибэри» 
халықаралық мектебінің оқу жоспары
 
оқытудың британдық 
стандарттарына негізделген, бірақ Қазақстандағы білім беру жүйесіне 
бейімделген. Оқу жоспарына «Қазақ тілі», «Орыс тілі» сияқты пәндер, «Қазақ 
әдебиеті», «Қазақстан тарихы», «Қазақстан географиясы» және «Орыс 
әдебиеті» кіріктірілген курстары енгізілген.
Оқыту мерзімі «
Key Stages
» (бұдан әрі – 
KS
) деп аталатын буындарға 
бөлінген. Мысалы, 9-сынып оқушылары 
KS3
оқытудан өтеді, 10 және 11-
сыныпты қамтитын оқытудың келесі буыны 
KS4. KS4
пәндерді таңдау бойынша 
оқыту мүмкіндігін береді. Осы екі жыл оқу курстың соңында 
IGCSE
(11-
сыныптың соңында Ұлыбританияның барлық оқушылары тапсыратын 
GCSE
емтиханының халықаралық версиясы болып табылатын Орта білім туралы 
халықаралық аттестат) маңызды емтиханын тапсыруға бағытталған.
2015-2016 оқу жылында «
Haileybury
» мектебінде алғаш рет 
IGCSE
таңдауы 
бойынша пәндер ұсынылады [40]:
Өнер:
«Өнер және Дизайн» 
IGCSE
бағдарламасы жеке реакциясы мен 
елестету, сезімталдық, тұжырымдамалық ойлау, зейіндік және аналитикалық 
қабілеттерін дамытуға бағытталған. Оқушыларға сызбалар, гравюра, графика, 
коллаж сияқты шығармалары мен тиісті материалдарымен жұмыс жасау 
ұсынылады.
Кәсіпкерлік: Курстың бірінші бөлігінде оқушылардың назары шағын 
бизнеске аударылуы керек. Оқушылар курс бойына бизнестің шағын ЖК үлкен 
корпорацияға дейін қадамдық өсуін біледі, бизнесті басқару және 
қызметкерлерді ынталандыру, тұтынушыларды тарту және пайда табу үшін 
қаржыны пайдалану жан-жақты зерделейді.
Аталған курс қолданыстағы бизнеспен танысуды қамтиды, білім 
алушының креативтілігін, өз идеяларын ұсыну және оны жүзеге асыру 
мүмкіндігін дамытады. Бизнес пен менеджментті, экономиканы оқу үшін 


70 
кәсіпкерлік, егер оқушы болашақта бизнеспен айналысуды жоспарласа, 
идеалды старт береді де, жақсы кіріспе болып саналады.
Мектепте 
«Дизайн және Технология»
пәнін оқыту балаларды жоғары 
технологиялардың тез дамып жатқан әлеміне дайындайды.
Сабақ үстінде оқушылар әртүрлі бұйымдарды талдауды және қолдануды 
үйренеді. Олар дизайнерлік үрдіс пен бұйымдарды өңдеу саласында арнайы 
білімдерін қалыптастырады.
Бұл пән зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытады және 
оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мен қойылған міндеттерді шешу сияқты 
қасиеттерін ашуға көмектеседі; сонымен қатар қолданбалы математика және 
ақпараттық технологиялар сияқты пәндер бойынша білімдерін арттыруға 
мүмкіндік береді.
Оқушы бастапқы идеядан түпкілікті өнімге дейін жеке дизайнерлік 
жобаларын ұсынуға үйренуі керек.
«Ағылшын тілі» IGCSE
таңдауы бойынша курс екі жыл оқу мерзіміне 
есептелген. 
«Ағылшын әдебиеті» IGCSE
курсы драма, поэзия және проза 
сияқты үш дәстүрлі жанрда көркем әдебиетті талдауға шоғырланған.
Оқыту газеттен, баяндамадан, жарнама және креативті мақалалардан 
алынған көптеген әдеби және әдеби емес жазбаша жұмыстарға талдау жасауға 
негізделген. Оқушылар негізгі дағдыларды: мәтінді мазмұндауды, түсінуді және 
тілдік талдауды игереді.
Емтиханға Портфолио және екі түрлі мәтін бойынша халықаралық 
бағалаудың бөлігі ретінде екі курстық жұмыс – эссені дайындау қажет.
«
Ағылшын тілі екінші тіл» 
пәні тілді салыстырмалы түрде жақында 
үйрене бастаған оқушыларға немесе ағылшын тілі бойынша 
IGCSE
емтиханын 
тапсыру кезінде тілдік қабілеттеріне сенімді емес адамдарға арналған. Осы пән 
бойынша сабақтарға қатыса отырып, оқу, жазу және сөйлеу тіліндегі дағдылары 
мен тілді есту арқылу қабылдау қабілеті дамиды.
IGCSE
Географиясы 
оқушыларды халықаралық бакалавриаттың (бұдан әрі 
– ХБ) көптеген курстары бойынша дайындайтын академиялық маңызды пән 
болып табылады. Курсты үйрену экологиялық проблемаларды тану негізінде 
оқушылардың жаратылыстану-ғылыми құзыреттіліктерін қалыптастыруға, 
экологиялық мақсатты қызметке деген қабілеттерді дамытуға, тұтыну 
мәдениеті дағдыларын жетілдіруге, адамның табиғатқа деген тұлғаның 
азаматтық құзыреттіліктерін және этикалық принциптерді сақтауды дамытуға 
бағытталған. Курсты оқу барысында қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілік 
және экологиялық қауіп-қатерлерді түсіну сезімдері дамиды.
Тарих 
оқушыларға ұлы тұлғалардың ішкі әлемін, күші мен сипатын, ХХ 
ғасырдың айтулы, тынымсыз, үрейлі және инновациялық оқиғаларын қарауды 
ұсынады. Оқу оқушыларға ХХІ ғасырдағы күрделі тарихи процестерді 
түсінуіне көмектесу үшін Бірінші дүниежүзілік соғысы ұрыстарының 
қорытындысынан басталады.
«Қазақ тілі екінші тіл ретінде» 
пәні 
ІGCSE
бағдарламасы бойынша 10-11-
сынып оқушылары үшін міндетті болып табылады. Бағдарламаның негізгі 


71 
мақсаты ІGCSE бағдарламасының шарттарына сәйкес оқушыларды емтиханға 
дайындау, сондай-ақ оқушылардың коммуникативтік сөйлеуін жетілдіру, 
сөйлеу қызметінің ауызшы және жазбаша түрлерін қалыптастыру.
І
GCSE бағдарламасы бойынша қазақ тілін үйрену кәсіптік тақырып 
бойынша материалдарға негізделген.
Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар 
(бұдан әрі – АКТ) 
IGCSE
үш бөлімге бөлінген: бұл компьютерлік технология қалай жұмыс 
істейтінін және «монитордың ар жағында» не болып жатқанын терең оқып-
үйренуге және түсінуге арналған екі жоба мен бөлім. Компьютерлік жүйелер 
мен бағдарламалау бөлімінде оқушылар бағдарламамен қамтамасыз етуге, 
компьютерлік жүйедегі деректерді, деректер базасын, коммуникацияны, 
бағдарламалауды және т.б. презентациялауды үйренеді.
Практикалық 
зерттеу 
осы 
әлемдегі 
компьютерлендіру 
туралы 
қызығушылыққа негізделген. Бағдарламалау жобасы оқушыларды 
Visual Basic
бағдарламалау тілін қолданып, үш тапсырма бойынша шешімдерді жобалауды 
кодтауға және сынақтан өткізуге бағытталған.
Математика 
Кембридж 
IGCSE
барлық оқушылар үшін негізгі пән болып 
табылады. Ол ХБ және ары қарай дамыған деңгейі үшін жақсы негіз болатын 
математикалық білім мен ойлау дағдыларының дамуын қолдайды. Бағдарлама 
сенімділікті құруға негізделген, сандар, алгебра, геометрия және статистика 
бойынша 
дағдыларды 
дамытады. 
Математиканы 
оқып-үйрену 
ХБ 
математикасының барлық опцияларын біліп және сенімді бастау үшін қажетті 
біліммен және дағдылармен қамтамасыз етеді. 15-кестеде тапсырмаларға 
қойылатын талаптар және бағалаудың пайыздық ара қатынасы көрсетілген.
15-кесте – Тапсырмаларға қойылатын талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет