Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет44/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

«Мирас» мектебі
Халықаралық бакалавриаттың барлық үш бағдарламасы 
бойынша авторизацияланған (дәріс беру құқығы) және халықаралық 
аккредиттеуге (
CIS
– мектептердің халықаралық кеңесі және Жаңа Англия 
колледждері мен мектептерінің қауымдастығы – 
NEASC
) ие Қазақстандағы 
жалғыз мектеп. Мұндай мәртебе мектеп бітірушілерге шет елдің колледждері 
мен жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылықтар береді, ал 
ІВ
Дипломдық бағдарламасының бітірушілері – әлемнің озық университеттеріне 
емтихансыз қабылдана алады. Сонымен бірге, «Мирас» мектебін бітірушілер 
мемлекеттік үлгідегі құжаттарды алады.
Мектептің білім беру үлгісі ҚР білім беру стандарттары мен 
Бакалавриаттың Халықаралық бағдарламаларының кіріктірілуінен құрылған, 
бұл оқушыны дамытуға көңіл бөліп оқу үдерісін ұйымдастыруға, тек қана 


74 
жалпы оқу дағдылары мен икемділігін ғана қалыптастырып қана қоймай, 
оқушының құндылық-тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін 
оқу мен тәрбиеде әртүрлі әдістер мен құралдарды таңдауға мүмкіндік береді.
Мектептің бағдарламасы қазіргі білім берудің үш басымды тұжырымды 
ережелеріне негізделген: тұтас оқу, коммуникативтің құзіреттілікті және 
мәдениетаралық хабардарлыққа негізделген. Бағдарламаның айрықша 
ерекшелігі студенттердің зерттеу және пәнаралық жобалау қызметтерін 
ұйымдастыру болып табылады. 17-кестеде Астана қаласындағы «Мирас» 
халықаралық мектебіндегі таңдауы бойынша курстар ұсынылған.
17-кесте – Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебіндегі таңдауы 
бойынша курстар
Оқушы 
компоненті 
есебінен 
жүргізілетін таңдау пәндерінің атауы 
Сыныптар 
Курсты 
жүргізетін 
пән 
мұғалімі 
TOEFL/IELTS
дайындық 

Ағылшын тілі мұғалімі 
Бейнелеу өнері 
Бейнелеу өнерінің мұғалімі 
Информатика 
Информатика мұғалімі 
Математика 
IGCSE
Математика мұғалімі 
TOEFL/IELTS
дайындық 
11 
Ағылшын тілі мұғалімі 
Елтану
География мұғалімі 
Орта мектепте ұлттық білім беру стандарттарының мазмұндық 
компонентін, философияны және МЮ оқу бағдарламаларына қойылатын 
талаптарды кіріктіру арқылы жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту 
әдістері енгізіледі.
10-сыныптан кейін студенттер 11-сыныпқа түсе алады – бұл Қазақстандық 
бағдарлама немесе 11IB сыныпқа – Дипломдық бағдарлама.
11-сыныптарға арналған «Мирас» Халықаралық мектебінің Қазақстандық 
бағдарламасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандарттары мен оқыту 
талаптарына негізделген. Ол 16 жастан бастап 18 жасқа дейінгі оқушыларға 
арналған, интернационалды ойлау, дербес зерттеу дағдыларын және оқуға 
деген жағымды көзқарасты дамытады, оқушалар білімге деген құштарлығын 
дамытады.
Оқушының бейінінде баланың жан-жақты дамығаны ерекше көрсетіледі – 
физикалық, интеллектуалды, эмоционалды, этикалық.
Оқу бағдарламасы үш өзара байланысты бөліктерден тұрады: жазбаша 
(
Written curriculum
); практикалық (сыныптағы қызмет) (
Taught curriculum
); 
бағалау (баға беру) (
Assessed curriculum
).
Қазақстандық бағдарламаның 
MYP
бағдарламасы және 11-сынып 
оқушылары арасындағы сатылай жоспарлау мен байланысқа негізгі назар 
бөлінетін, теңдестірілген және логикалық жүйелі білім беру үшін, 11-сыныпта 6 
пәндік топтармен байланысқан, 15 пәнді оқу қарастырылған. Осы пәндердің 5-
уі бойынша оқу жылының соңында міндетті емтихан тапсырады, бұл Ұлттық 
бірыңғай тестілеу немесе мектепішілік емтихандар.


75 
Сонымен бірге 11-12-сынып студенттеріне 
дипломдық жұмыс
бойынша 6 
пәндік топтан 6 пәнді таңдау құқығы ұсынылады. Ол бірқатар пәндердер 
тұрады: география, тарих, бейнелеу өнері, әлем қауымдастығындағы, бизнес 
және менеджмент, экономика, биология, химия, физика, математика (3 деңгей), 
тілдер бойынша пәндер (ағылшын, орыс, француз, қытай). Осы оқыту 
бағдарламасы бойынша білім беру ағылшын тілінде өткізіледі.
IB MYP
орта мектебіне арналған негізгі орта мектеп бағдарламасы 6-10-
сынып оқушыларына арналған. 
MYP
бағдарламасында маңызды рөлді үш 
фундаменталды қағида алады: білім берудің толықтығы, мәдениетаралық 
түсінік және дамыған коммуникативтік дағдылар.
Пәндік салалар:

тіл және әдебиет (мектепте білім беретін тіл немесе оқушылардың ана 
тілі) – ағылшын, орыс немесе қазақ тілі;

В тілі (шет тілі – мектепте оқытылатын қосымша тіл) – ағылшын, орыс, 
қазақ, француз;

жаратылыстану ғылымдары – жалпы пән ретінде 6-8-сыныптарда 
оқытылады, және 9-10-сыныптарда үш жеке пән ретінде;

математика;

дизайн;

гуманитарлық ғылымдар;

дене шынықтыру;

өнер – бейнелеу өнері, музыка және театр өнері.
MYP бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны, жаһандық мәнмәтін деп 
аталатын, арнайы тақырыптарда ұйымдастырылған. Оқу үдерісі бойы 
студенттер барлық алты жаһандық мәнмәтінді зерттеулері тиіс: Сәйкестік және 
өзара қарым-қатынас, Кеңістікте және уақыттағы бағдар, Тұлғалық және 
мәдени тұрғыдан өз ойын білдіру, Ғылыми және техникалық инновациялар, 
Жаһандану және тұрақты даму, Әділдік және даму.
Оқушылар үш тілде білім алады: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, 
сонымен қатар француз, қытай және өзге тілдерді дамытуды ұстанады [42].
Қазақстандық және әлемдік білім беру жүйелерінің үздік дәстүрлері 
көрініс табатын мектептегі білім беру инновациялық жобаны қалыптастыру 
қазіргі білім берудің объективті қажеттілігі болып есептеледі. Осы жобаны 
әзірлеу білім, оқыту әдістемелерінің, оқу жетістіктерін бағалау принциптерін, 
мектептің қалыптасқан құрылымын, өзара қарым-қатынас жүйесі мазмұнын 
өзгертуді талап етеді.


76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет