77
байланысты проблемалардың күрделілігі мұғалімдерден белсенді және
шығармашыл жұмыстарды қажет етеді. Заманауи білім беру технологияларын,
оның ішінде инновациялық әдістемелерді тиімді әрі сауатты қолдану арқылы
керекті нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Білім беру мазмұнының модернизациясы,
оның өзгеруші және дамушы
мақсаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету таңдау курстарының мазмұнында да
көрінуі тиіс. Курстардың құрылымын және мазмұнын жақсарту үшін
төмендегілерді ұсынамыз:
– курстың оқу материалының мазмұны жаңашылдық пен өзектіліктің
қағидаларына жауап беруі тиіс;
– ұлттық және аймақтық компоентттердің ерекшеліктері ескерілуі тиіс;
– курстың бағдарламасы білім алушылардың дамушы және уәжді
қызығушылығын
оятуы тиіс;
– оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастыруы тиіс;
– функционалдық білім мен дағдыларын қалыптастыруы қажет;
– оқушылардың бейіналды және кәсіптік бағдарының қажеттілігін ескеру
қажет.
Осыған байланысты, таңдау курстарының оқыту сапасын және тиімділігін
арттыру үшін пәнаралық интеграцияны, орта білім беру деңгейінің үздіксіздігі
мен сабақтастығын қамтамасыз ететін курс мазмұнын жобалаудың біріңғай
концептуалды әдіс-амалдары қажет.