Аналитические материалы по содержанию и организации курсов по выбору



Pdf көрінісі
бет40/94
Дата24.02.2022
өлшемі1,8 Mb.
#133145
түріАналитические материалы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
Байланысты:
авторлык багдарламалар

«Сауатты 
жазуға үйренеміз»
атты элективті курс бағдарламасы аптасына 1 сағат, жылдық 
жүктеме 34 сағатты құрайды.
Бағдарлама білім беру үдерісінде орыс тілінің негізгі тақырыптары мен 
тараулары бойынша білім алушыларға алған білімдерін қайталауға және 
бекітуде көмек көрсететін бейіндікке дейінгі дайындық туралы негізгі жалпы 
білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттар негізінде құрастырылған.
Аталған курстың жаңалығы таңдап қолдануға болатын орыс тілінің әртүрлі 
тапсырмаларының үлкен санын ұсынуда көрініс табады. Мәтіндерді таңдау, 
көркем әдебиет мәтіндерін адами және этикалық тәрбиелеу тұрғысынан және 
өзің тексеруге назар аудару, тіл мен әдебиеттің кіріктірілуін есепке алу арқылы 
жүзеге асырылады.
Курстың мақсаты мен міндеттері теориялық білімдерді тереңдету мен 
жүйелеуде көмек көрсету, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және бекіту, 
грамматикалық талдауды дұрыс жасау.
Курсты меңгеру нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелер жоспарланған:

сөзді грамматикалық талдаудың барлық түрлерін жүзеге асыру 
дағдысын меңгеру;

әдебиет және лингвистика саласындағы жаңа білімдерін қалыптастыру;

өз бетімен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру;

ғылыми әдіс туралы түсінігін тереңдету (проблеманы анықтау, мәтінді 
талдау әдісі мен жолдарын таңдау), өзінің ізденіс нәтижелерін 
интерпретациялауға үйрету.
Аталған курс тілдік, лингвистикалық, коммуникативтік және ақпараттық 
құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Курс мынадай 
тараулардан тұрады: «Фонетика және орфография», «Сөзжасам және 
орфография», «Морфология және орфография» [36].
Орыс тілі пәнінен 10
-
сынып оқушыларына арналған
 
«Мәтінді 


67 
лингвостилистикалық талдау»
 
элективті курсы базистік пәндер мазмұнын 
дамытатын курстар тобына жатады. Курс оқушылардың орыс тілі сабағында 
алатын білімдері мен дағдыларын кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған. 
Курс, пәндік құзыреттілігін арттыру міндетін шеше отырып оқушыларды 
көркем мәтінді толық жан-жақты талдаудың екі негізгі аспектілерінің бірімен – 
көркем 
мәтінді 
лингвостилистикалық 
талдаумен 
(екінші 
болып 
әдебиеттанушылық талдау саналады) таныстырады. Курс жылына 34 сағатты 
құрайды.
Курстың мақсаты: оқушыларға лингвостилистикалық талдау бойынша 
практикалық жұмыс барысында сөз өнері феномені ретінде мәтінді түсіну үшін 
лингвистикалық және тілдік құзыретті қалыптастыруға, мәтінді талдау 
дағдысын дамытуға, орыс тілі бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - 
ҰБТ) дайындалуға көмектесу [37].
Мектепте математиканы оқытудың негізгі міндеті оқушылардың қазіргі 
қоғамның әр мүшесіне күнделікті өмір мен еңбек іс-әрекетінде қажет, аралас 
пәндерді оқытуға және білім алуды әрі қарай жалғастыруға жеткілікті 
математикалық білім мен дағдыларын толық және саналы түрде меңгеруін 
қамтамасыз етуде көрініс табады. Математика бойынша курс сабақтарында 
математиканы зерделеудің негізгі міндетін шешумен қатар оқушылардың пәнге 
деген тұрақты қызығушылығын, олардың математикалық қабілеттерін анықтау 
және дамытуды қарастырады. Осылай, практикум по решению задач предмета 
«Математика» пәні бойынша есептерді шығару практикумы 5-8 және 10-11-
сынып оқушыларына арналған және аптасына 1 сағатты немесе жылына 34 
сағатты құрайды.
Математика пәні бойынша 5-сыныпқа арналған 
«Математика оқулығынан 
тыс»
курсының жұмыс бағдарламасы жылына 34 сағатқа арналған (аптасына 1 
сағаттан) және негізгі 6 тараудан: логиканы дамытамыз, олимпиада резерві, 
оригами, қызықты математика, математика тарихынан, қорытындыдан тұрады 
[38].
5-сыныпта математиканы оқытуда мәтіндік есептерді шешуге, натурал 
сандарымен, жай және ондық бөлшектермен, геометриялық материал бойынша 
жұмыс жасау маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, курс барысында 
логикалық ойлау және талқылау, логика заңдарын қолдану дағдыларын 
қалыптастыратын есептер, кесу есептері, олимпиада қозғалысы тапсырмалары 
қарастырылады (күрделілігі жоғары), сонымен қатар оқушылар математика 
тарихымен танысады.
Курсты оқыту нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелер жоспарланған:
– шығармашылық үдеріске деген қызығушылығын қалыптастыру;
– мәтіндік арифметикалық есептерді шешу барысында логикалық талқылау 
дағдысы; олимпиадалық есептерді шешуге меңгерілген әдістерін қолдану 
дағдысы; оқушылардың олимпиадаларға табысты қатысуы.
Оқушылардың математика табиғаты, математикалық ғылымда шынайы 
әлем құбылыстары мен үдерістерінің көрініс табуы туралы дұрыс түсініктерінің 
қалыптасуы 
6-сынып 
оқушыларына математиканы оқытудың бағдарламалық 


68 
талабы болып табылады.
 
Осы бағдарламалық мақсатты жүзеге асырудың басты 
құралы математикалық жобалау әдісі болып табылады.
Математика пәнінен есептерді шешу бойынша практикумның негізгі 
мақсаттары:
– білім алушылардың оқу іс-әрекеті үдерісіндегі қызығушылығын жүзеге 
асыру және математикалық зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;
– Факультативтік курстың міндеттері анықталды: оқушылардың логикалық 
ойлау қабілетін дамыту;
– пәнді оқытуға деген қызығушылығын арттыру;
– пән бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;
– дарынды балаларды анықтау;
– оқушылардың мақсатқа жетуге тырысуы, еңбек сүйгіштік, тиянақтылық, 
зейіндік, жауапкершілік сезімі, тұлғаның мәдениеті сияқты қабілеттерін 
қалыптастыру.
7-сыныпқа 
арналған «Математика» курсының мақсаты: оқушыға бейінді 
таңдауда, тек қана емтихан тапсыруға ғана емес, сонымен қатар бейіндік 
мектепте табысты оқуға көмектесу, жоспарланған бейінде оқытудың оңтайлы 
уәждемелерін қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Аталған курстың өзектілігі алгебралық өрнектердің тепе-теңдігін 
түрлендірулерді орындау дағдыларын қалыптастырудағы іргелі рөл 
атқаратындығымен анықталады. Осы тақырыптағы негізгі орынды көпмүшемен 
әрекет алгоритмі алады.
Курс бағдарламасы математиканың мектеп курсына кірмейтін кейбір 
мәселелерін оқытуды жоспарлайды.
8-сыныпқа 
арналған элективті курстың негізгі мақсаты – оқушыларды 
жалпы білім беретін орта мектептің екі және үш белгісіздерімен сызықтық 
теңдеулердің жүйелерін, квадратты теңдеуді қолдану әртүрлі есептерін 
шешудің түрлі тәсілдерімен таныстыру.
Элективті курсты әзірлеу принциптері: жүйелілік (білімдер сабақтастығы); 
дифференциациясы (күрделілік деңгейі әртүрлі жұмысқа деген бейімділігін 
дамыту); материалды беру баламалылығы; көрнекілігі; қызығушылық.
34 сағаттан тұратын «Тригонометрия әлемі» курсы 
10-сынып 
оқушыларына – математиканың автономиялық бұтағын ұсынады. Курс 
оқушылардың математика бойынша алған білімінің базалық деңгейін 
кеңейтуге, 
пәнге 
бағытталған 
болып 
саналады 
да, 
оқушыларға 
тригонометрияның 
қызықты 
стандартты 
емес 
сұрақтарымен, 
тригонометриялық есептерді шығарудың кеңінен тараған әдістерімен танысуға, 
математикаға деген қабілеттерін тексеруге мүмкіндік береді.
11-сыныпқа арналған 
бағдарлама алгебра және анализ бастамалары 
бойынша орта мектеп курсының негізгі тарауларын, сонымен қатар осы курсқа 
қатысты және оны негізгі идеялық желістері бойынша тереңдететін бірқатар 
қосымша сұрақтарын қамтиды. Материал, курстың негізгі тақырыптарын 
жалпылама қайталауын қамтамасыз ету, негізгі тақырыптар бойынша 
оқушылардың білімдерін тереңдету және кеңейту, ҰБТ-ға қосымша 


69 
дайындығын жоғары деңгейде қалыптастыру үшін құрастырылған.
Келесі ұсынылып отырған таңдауы бойынша курсы – бұл 
«Елтану»

Мектептің жоғары сатысында оқытудың гуманитарлық-филологиялық бейіні 
құрамына кіретін 
«The History of the UK» «The History of the USA»
элективті 
курсы 10 және 11-сынып оқушыларына және жалпы білім беретін мектептерде 
ағылшын тілін оқу кезінде оқушылардың бейінішілік мамандандырылуына 
арналған [39].
Аталған курс оқушылардың елтану саласындағы білімі және өз білімін 
жетілдіру құралы ретінде ағылшын тілін қолдану қабілеттерін дамытуға; әлемді 
елтануды меңгеруде жоғары сынып оқушыларының қазіргі танымдық 
қызығушылықтарын 
және 
мәдениетаралық 
қарым-қатынастағы 
коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Аталған курстың негізгі бағыты бейінішілік мамандандырылуға 
негізделген. Осыған байланысты элективті тілдік курстарда шет тілі оқыту 
мақсаты және таңдаған оқыту бейіні аясында оқушылардың білімін жетілдіру 
құралы ретінде рөл атқарады және бұл курстар бірдей бейінді пәндік бағытқа 
ие, сондай-ақ бейіндік оқу пәнінің кеңеюіне қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет