Гемолитикалық жүйені әзірлеу.Қошқар- донорлардан қан алу, эритроцитті бөлу және оны сақтау жалпы қолданылып жүрген әдіспен жүргізіледі. (Р.Ф.Аверкина, 1968)
Реакция нәтижесі термостатта 370С 1 сағат ұсталған соң анықталды. Реакция нәтижесі 4 баллмен көрсетіледі.
4 балл- гемолиз жүрмеген реакция, белгісі (4+);
3 балл- гемолиз 25% жүрген реакция, белгісі (3+);
2 балл- гемолиз 50% жүрген реакция, белгісі (2+);
1 балл- гемолиз 75% жүрген реакция, белгісі (+);
Гемолиз толық жүрген реакция теріс болып саналады. Оның белгісі (-).
Бұл кезде бақылауға қойылған пробиркада (3%- эритроцит +комплемент) гемолиз болмау қажет. Гемолизиннің жұмыс титрына, оның анықталған титрінен 3 есе көп титрін алу керек. Мысалы: гемолизин титрі 1:3600 болса, оның жұмыс титрі 1:1200 ерітіндісіне тең болу керек.
Гемолитикалық жүйені 45 минут 370С термостатта ұстау қажет. Антигеннің жұмыс өлшемін табу үшін оны физиологиялық ерітіндіде титрленген комплементпен анықтау қажет.
Комплементтің жұмыс титріне оның ең төменгі гемолиз жүргізілетін өлшеміне 30%- қосу қажет.
Антиген титрына оның ең жоғарғы толық гемолиз болған өлшемін алып оған ½ титр қосу қажет.
Негізгі зерттеу жүргізер алдында комплементті оң және теріс көрсеткішті қан сарысуы арқылы тағы қосымша титрлеу қажет.
Комплементтің жұмыс титрін алу үшін табылған титрге 30% мөлшерінде қосымша қосу керек. Негізгі зерттеу жүргізгенде әрбір пробиркаға 0,2 мг тексерілетін қан сарысуы, антиген және жұмыс тиріндегі комплемент қосылып оған 0,4 мл гемолитикалық жүйе құйылады. КБР нәтижесі белгіленген пробиркадағы әрбір компоненттердің тексерілуі арқылы қадағаланып отырылады.
Алғаш рет Веррен және Забин (1942) КБР-ын қарапайымдыларды анықтауға қолданды. Содан бері біздің елімізде қарапайымдылардың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеу, оны анықтау негізінен КБР арқылы жүргізіліп келеді. (Орлов, 1958, Саляев, 1959). КБР-ның көрсеткіші сезімталдығы қолданылатын қарапайымдылар антигенінің сапасына тікелей байланысты болады. Қазіргі кезде қарапайымдылар антигенін алудың көптеген әдістері бар. Ғалымдар қарапайымдылар антигенін алу үшін тауық эмбрионын (Уоррен, 1948), ақ тышқанның құрсақ экссудатын (Засухин, Грачева, 1961; Григоренко, 1962; Сырғабаева, 1967; Воробьева, 1967; Вустина, 1970) пайдаланды. Дегенмен бұл екі әдіспен алынған антиген құрамындағы балласт заттардан құтылудың қиыншылығы көп болды.
1961 жылдан бастап Н.Ф.Гамалей атындағы инфекциялық, эпидемиологиялық және микробиологиялық ғылыми зерттеу институты (Москва) өндіріске қарапайымдылар антигенін шығара бастады. Көптеген зерттеулер қорытындысы бұл антиген құрамында балласт заттар бар екендігін және соған байланысты өзіндік тәндігі төмен екендігін көрсетті. (Маруашвили, 1965; Мгалоблишвили, 1965; Дука, 1966; Амиреева, 1969; 1970; Воронова, 1970; Леймане, 1970). Кейінгі кезде өндіріске Қазақтың ғылыми зерттеу малдәрігерлік және Зоология институттарының бірлесіп шығарған КБР қоюға пайдаланылатын қарапайымдылар антигені ендірілді. Бұл антигеннің сезімталдығы және өзіндік тәндігі жоғары бағаланып отыр, (Галузо, т.б.1974; Красов т.б. 1974; Омаров т.б., 1971). Көптеген ғалымдар қарапайымдылар анықтауға КБР-ның бірнеше өзгертілген түрлерін ұсынып отыр. (Грачева 1964; Ковалева, 1964; Егорова 1966; Сырғабаева 1962; Леймане, 1970). Н.П.Стреж және Н.В.Сковорцова (1968) қарапайымдылар анықтауға КБР-ның микротәсілін қолдануды ұсынып отыр. Қорыта айтқанда КБР қарапайымдыларды анықтау барысында қазіргі кездегі өндіріске енгізілген негізгі серологиялық реакция болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |