Антиденені бейтараптау реакциясы. Антиденені бейтараптау реакциясы (АтБР) қан сарысуындағы антиденені өзіне тән антигенмен бейтараптауға негізделген. Бейтараптау нәтижесінде оң көрсеткішті қан сарысуы ЭД-мен байланыса алмағандықтан теріс көрсеткіш көрсетеді.
АтБР-сын қою үшін қажетті компоненттер: тексерілетін зат (ішкі мүшелер кесіндісі, паталогиялық заттар т.б.) қалыпты және оң көрсеткішті қан сарысуы, антиген және эритроцитті диагностикум, физиологиялық ерітінді (рН-7,2) және 1% қалыпты қоян қанының сарысуы (ҚҚС).
Ішкі мүшелер кесіндісі алдын-ала майдаланып туралып, фарфор ыдыста 1:10 қатынасындай физиологиялық ерітінді қосылып ещгіленеді.
Сонан кейін мақталы сүзгішпенен тазаланған, езіндінің сұйығын пайдаланады. Ерітінді құйылған пробирканы 10-15 минут су қобдиында қайнатып алынған соң, қағаз сүзгімен тазаланады. Сонан алынған мөлдір сұйықтық керекті антигенге тексеріледі. Реакция қоюға қажет физологиялық ерітінді 1:100 қатынасындай ҚҚС құямыз.
АтБР-сын қою үшін екі қатар ойықта 0,25 мл алынған экстракты титрленеді. Үшінші қатардағы ойықтарда белгілі антиген 0,25 мл мөлшерде титрленеді. Сонан соң 1 және 3 қатар оң көрсеткішті қан сарысуының алдын ала анықталып алынған жұмыс титріндегі ерітіндісінен 0,25 мл құйылады. Оң көрсеткішті қан сарысуының жұмыс титрі анықталған титрден 4 есе жоғары болу керек. (Мысалы: анықталған титрі 1:6400 болса, жұмыс титрі- 1:1600). Екінші қатардың барлығына 0,25 мл ҚҚС араласқан физиологиялық ерітінді құямыз.
Төртінші қатар ойықтарында оң көрсетікш қан сарысуын 0,5 мл мөлшерінде жұмыс титрінен бастап ары қарай титрленеді. Барлық ойықтарға 0,05 мл 2,5% ЭД құйып шығып, шамалы шайқатылған соң бөлме температурасында 2-3 сағат ұсталады. Егер тексерілген экссудатта іздеген антидене бар болса, онда алғашқы бірнеше ойықта гемагглютинация жүрмейді. Егер іздеген антиген болмаған болса, онда барлық ойықтарда гемагглютинация жүреді, яғни АтБР-сы теріс көрсетеді.
Екінші қатар ойықтарында толық гемагглютинация жүру қажет.
Үшінші қатарда гемагглютинация бастапқы бірнеше ойықтарында жүрмеу керек, ал төртінші қатарда керісінше бастапқы төрт ойықта реакция жүруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |