Осығанбайланыстыкеңеюлері бар:
- жынысмүшесініңбасында
-жынысмүшесініңбуылтығында
-қуықасты без бөлігінде.
165.Аталық без құрылысы және қызметі.Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.
Аталық без, testis- қос аталық жыныс безі. Қызметі аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтарды түзу және қан мен лимфаға аталық жыныс гормондарын бөлу. Сондықтан аталық без ішкі және сыртқы секреция бездеріне жатады. Аталық без шат, perineum, аймағындағы арнайы жерде – ұмада, scrotum, орналасқан және сол аталық без оңнан төмен орналасқан. Бір бірінен ұма қалқасы, septum scrota, арқылы бөлінген және бұлшықеттік қабықпен, tunica dartos, қапталған. Әрбір аталық без тегіс, жылтыр. Ұзындығы 4 см, ені – 3см, қалындығы – 2 см салмағы20-30 г-ға тең. Аталық без екі жағынан сәл қысыңқы, сопақша пішінді болып келеді . Оның екі беті бар: дөңестеу-латералды facies lateralis және медиалді facies medialis. Сонымен қатар екі жиегі бар алдынғы margo anterior және артқы margo posterior бар. Аталық бездің екі шетін ажыратуға болады жоғарғы шеті extremitas superior және төменгі шеті extermitas inferior. Жоғарғы шетінде кішкене көлемді өсіндісі бар, аталық без өсіндісі appendix testis кездеседі.Сыртынан ақ қабық tunica albuginea физброзды, ақшыл түсті қабықпен қапталған. Қабық астынды аталық без заты – аталық без тіні parenchyma testis), орналасқан. Ақ қабықтың артқы шетінің ішкі беті аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі – аталық без орталығы кіреді. Одан паренхиманы аталық без орталығы mediastinum testis енеді. Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне labuli testis бөлетін жүқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды. Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды, ал негізі ақ қабыққа қарайды. 250 ден 300ге дейін үлесшелер болады. Әр аталық без үлесшелері паренхимасының құрамына сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi recti бар. Аталық без орталығына бағытталып иреленген шәует өзекщелері үлесшелердің ұшы аймағында бір бірімен қосылады. Бүл өзекшелер аталық без орталығының қалындығында орналасқан аталық без торына rete testis ашылады. Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ductus epididymidis ашылатын 12-15 аталық бездің шығарушы өзекшелері басталады. Аталық бездің ұмаға түсу процесі-Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсінуіне ең маңызды әрекет бағыттаушы жіп qunbernaculum testis .Бұл жалғаманың дамуының алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасады. Аталық без ұрығының қаудалді шетінен алдынғы құрсақ жағында жатады.Сонаң сон ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3-ші айында шап сақинасының орнына қынаптық өсінді processus vaginalis peritonei қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесінің ұзындығы өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып ішастардың артына жамбас астау қуысының жылжиды.кейін қынаптық өсіндінің processus vaginalis peritonei тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға,түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап,аталық без орнына ұманы түзеді.
166.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA)Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасқан,аталық без ұрығының шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады. Сосын ол жерде ұма қалыптасады.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады.
1 Ұма терісі-cutis
2 Етті қабық-tunica dartos
3 Сыртқы шәует шандыры-fascia spermatica externa
4 Аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры-fascia cremasterica
5 Аталық безді көтеретін бұлшықет-m.cremaster
6 Ішкі шәует шандыры –fascia supermatica interna
7 Аталық бездің қынаптағы шандыры-tunica vaginalis testis ,ол табақтан тұрады: Париеталды – lamina parietalis, висцералді- lamina visceralis
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады. Ал аталық без қабықтарына мыналар: cutis, tunica dartos, fascia spermatica externa, fascia cremasterica, m.cremaster; fascia spermatica interna, tunica vaginalis testis жатады. Aталық бездің қабықтары алдыңғы іш қабырғасының белгілі бір қабаттарына сәйкес келеді. Атабез іш қуысынан ығысқанда өзімен қоса ішастар мен іш бұлшықеттері шандырларымен оранған сияқты көрініс береді.
1. Ұма терісі, cutis іштің алдыңғы қабырғасының жалғасы, жұқа және дененің басқа бөліктерімен салыстырғанда қою қоңыр түсті, созылмалы болып келеді. Мұнда өзіне тән иісі бар секрет шығаратын көптеген ірі май бездерімен тері бездері болады.
2. Етті қабық, tunica dartos тікелей тері астында орналасатын,теріасты шелмайдың туындысы болып табылады. Tunica dartos-тың құрамында эластикалық талшықтары мен бірыңғай сaлалы бұлшықетті тіні бар тығыз дәнекер тінді қабат. Тunica dartos əрбір атабез үшін жеке бір-бірден қап түзеді, олар ортаңғы сызық бойымен бір-бірімен қосылып, rарhе сызығы бойына бекитін қалқа, ѕерtum scroti, түзеді. Етті кабықтың арқасында ұманың теріcі біршама бүрісе алады және сырткы ортаның температурасы темендегенде аталық бездерді қасағалық дөңес жаққа тартады, ал температура жоғарылағанда-едәуір созылады және атабездердің түсуіне ықпал етеді: бұл процесстер толыққанды сперматогенезге қажетті қолайлы температураны тұрақты ұстап тұру үшін маңызды орын алады.
3. Fascia spermatica externa, сыртқы шәует шандыры- іштің беткей шандырының жалғасы болып табылады.
4. Fascia cremasterica, атабезді көтеретін бұлшықет шандыры, беткей шап сақинасы жиегінен шығатын, fascia intercruralis жалғасы болып табылады: ол m. cremaster-ді жабады, сондықтан да fascia стemasterica деп аталады.
5. M. cremaster, aтабезді көтеретін бұлшықет, іштің көлденең бұлшықет, m. transversus abdominis жалғасы болып табылатын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтары будаларынан тұрады; жиырылғанда атабезді жоғары тартып көтереді.
6. Fascia spermatica intеrnа, iшкi шәует шандыры m. сremaster-дің астында орналасқан. Ол fascia transversalis-тің жалғасы болып табылады, aтaбeз аймағында оның висцералды жабындысының сыртқы бетіне жанасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |