167.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі. Шәует шығаратын түтік, ductus deferens, - жұп мүше, аталық без косалқысы түтігінің тікелей жалғасы және шәует куыкшасының шығарушы түтігімен косылатын жерде аяқта- лады. Шәует шығаратын түтіктің ұзындығы 50 см. Осы түтіктің көлденеңі 3 мм., диаметрі 0,5 мм-ден аспайды. Түтік қабырғасының елеулі қалыщцлғы бар. Сондықтан шәует шылбыры құрамында оның кабырғалары жабыспайды және жақсы анықталады. Шәует шығаратын түтікті топографиялық орналасуына байланысты 4 бөлікке бөледі. Ең қысқа бастапқы бөлігі, аталык бездің артын- да, оның қосалқысынан медиалді орналасып, аталықбөлігі атауын алады. Келесі бөлігі шәует шылбырының құрамында жоғары вертикалді көтеріліп, оның қантамырларынан ме- диалді орналасып, беткей шап сақинасына жетеді. Бұл бөлігі өзекшелік деп аталады. Кейін шәует шығаратын түтік шап өзегіне кіреді, онда шап бөлігі орналасады. Шап өзегінің терең сакинасы арқылы өтіп, кіші жамбас астауының бүйір кабырғасымен шәует куыкшасының шығарушы түтігімен қосылғанға дейін төмен және артка бағытталады. Бұл бөлік — жамбас астау бөлігі. Иірімді шәует өзекшелері, tubuli seminiferi contorti.
Сперматоген эпителиймен төсеген әрбір бөлікте 2-3 иірімді өзекшелер болады. Барлығы бөлік 250 ден 300, яғни иірімді өзекшелердің жалпы саны 500 ден 900-ге дейін.
Тік шәует өзекшелері, tubuli seminiferi recti.
Ол иірімді ен қосымшасында орналасқан, оның ұзындығы 6-8 м- ге жуық. Сонымен қоса, ен қосымшасының басы мен құйрығында соқыр бітетін жолдар болады.
Шәует шығарушы жол, ductus defferens (50 см.). Оның 4 бөлігі бар:
Шәует шығарушы жол кеңейіп ампула түзеді. Ұзындығы 3-4 см., диаметрі 1,0 см.
Тұқым көпіршегінің шығарушы жолы, ductus excretorius.
Тұқым төмпешігінің бүйірінде несеп жібергіш өзекке ашылады. Ұзындығы 2-3 см., қуысы -1,0 мм. Қуыстың тарылуына байланысты қысымы ұлғайып, шәуеттің лақтырылуына әсер етеді.