Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Көмірсу алмасу түрлері, тәуліктік қажеттілігі, қызметтері



бет48/114
Дата21.11.2022
өлшемі324,09 Kb.
#159142
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114
Байланысты:
Àíàòîìèÿ æ?íå ôèçèîëîãèÿ ï?í³íå ê³ð³ñïå

Көмірсу алмасу түрлері, тәуліктік қажеттілігі, қызметтері.
Адам денесінде көмірсу энергия көзі. 1 г көмірсу тотықса 4,1 ккал (17,17 кДж) энергия бөлініп шығады. Көмірсу тез тотығады, оның денедегі қорынан босап шығуы оңай, сондықтан ол, әсіресе кенеттен өте шапшаң қимыл жасап, көбірек энергия жұмсарда пайдаланылады.
Көмірсу денеге тағаммен бірге келіп түседі. Адамға тәулігіне 450-500 г-дай көмірсу қажет. Ауызда, ішек-қарында көмірсу (полисахаридтер) сілекей мен ұйқы безінің амилаза ферментінің, ұйқы безі мен ішек сөліндегі мальтаза, лактаза, сахараза ферменттерінің әсерімен ыдырап, моносахаридтерге айналады. Ішектің бастапқы бөлігінде олар глюкоза, галактоза күйінде қанға сіңеді. Олар ішек эпителиінің апикальды жағынан ішіне қарай Na+ ионының қатысуымен жасуша энергиясын пайдалана отырып, ал эпителийдің базальды мембранасынан қанға заттың грандиентіне сәйкес жай диффузия арқылы өтеді. Осылайша сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, мұнда ол гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Ас қорыту барысында осы вена арқылы бауырға 150-200 г-дай глюкоза келіп түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда бауырдан шығып жалпы қан айналысына іліккен глюкоза мөлшері уақытша көбейеді де алиментарлық (астан болған) гипергликемия тууы мүмкін. Әдетте қанның әрбір литріне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келеді. Ол көбейіп 8-10 ммоль-ге жетсе, несепте қант пайда болады (глюкозурия). Қанда қант деңгейі 2,8-2,2 ммоль/л-ге дейін азайса, гипогликемиялық кома басталады, адам есінен айырылып, сандырақтайды, өзінен-өзі құрысып, тырысады.
Әдетте қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, глюкагон арқылы қант бауырдан босап шығады да қанға өтеді, сөйтіп қант тұрақтылығы сақталады. Глюкоза бауырда ғана емес, дене еттерінде де қор (1-2) болып гликоген күйінде сақталады. Жасушалардың көбі қандағы глюкозаны жұтып құрылыс (пластикалық) материалы және қуат көзі ретінде пайдаланады.


Май алмасуы түрлері,тәуліктік қажеттілігі, қызметтері.
Май және май тәрізді қосындылар липидтер деп аталады. Адам денесі үшін май - негізгі энергия көзі. Ересек адамда тәулігіне 70-100 г мал майы керек.
1 г май тотықса, 38,3 кДж энергия бөлінеді. Май жасуша протоплазмасының ядросы мен мембранасының құрамына кіреді (құрылыс материалы). Дененің кейбір жерлеріне жиналған май бірқатар мүшелерді (бүйрек, өкпе т.б.) ұрылу-соғылудан, бүкіл денені суық тиюден қорғайды. Майы қор болып жиналатын жануарлар (тюлень, кит .) суыққа шыдамды келеді. Майда еритін дәрумендер (А, Д, Е, К, ), тұздар майға ілесіп денеге тез сіңеді. Май -су қоры. Өркеш майын түйе су көзі ретінде пайдаланады. Көптеген ауру-сырқаулар, патологиялық үрдістер май алмасуының бұзылуынан болады.
Май денеге негізінен тағаммен бірге келіп түседі, аз мөлшерде бауырда көмірсу мен ақуызда түзілуі мүмкін. Май 12 елі ішекте еттің қатысуымен эмульсияға айналады да, липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид, май қышкылы мен глицеринге айналады. Май және басқа липидтердің ыдырау өнімдері негізінен лимфаға сіңеді. Лимфаға сіңген басы артық май өкпе тініндегі шөлде қор болып жиналады. Адам ұзақ уақыт майдың бір түрімен қоректенсе, осыдан қордаланған майдың құрамы өзгеруі мүмкін. Мәселен, адам аспен бірге какос майын көбірек жесе, оның шелінде жиналған май, құрамы мен қасиеті жағынан какос жаңғағы майына ұқсайды.Май энергия қоры ретінде жасушада да сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет