Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдерайым Балагерейқызы Наурызалинаның «мектептегі тәжірибе» кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым бойынша рефлексивті есебі



бет1/5
Дата10.10.2020
өлшемі69,5 Kb.
#64090
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

Кембридж бағдарламасымен оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өз өзгерісім туралы

Ақтөбе қаласы,

Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Гулдераим Балагереевна Наурзалина

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз

көтеріп отырғанда ғана мұғалім.

Оқуды, ізденуді тоқтатысымен

оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына: жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының әсерi түрліше болады. Нәтижелері әрдайым практикалық бағытта болады, олар: тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартулар; оқыту мен оқудың жақсартылған әдiстерi (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 88 бет).

«Қалай оқу керектігін үйрету» модулі оқушылардың білімі мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістер арқылы жүзеге асады (Флейвелл, 1976). Бұл үрдісте оқушылар метатану үрдісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Ал, метатануға когнитивтік үрдістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады. Метатануды зерттеген Флейвелл жас және ересек балалардың есте сақтау қабілетін зерттей келе, «тәсілдерді пайдалану» және «өнімділік тапшылығы» терминдеріне тоқталып кетті (Нұсқаулық 12 бет).

Осы Кембридж бағдарламасын оқыту курсына келгенде «тренер» деген жаңа терминмен таныстым, бұрын куратор, мұғалім деген сөздер естейтінмін. Екі апталық курсқа келгенде тек пән бойынша оқитынбыз, ал мына үш айлық курстың ерекшелігі барлық пән мұғалімдермен бірлесе жұмыстар жасадық. Осы кезден бастап тренеріміз біздермен танысып болған соң шағын бес топқа бөлді, бұл бөліну де бір ерекшеліктен басталды. Бұдан соң әр топқа қағаздар, бояулар, қайшы, скоч т.б материалдар таратылып берілді, осыдан ақ мен бұл курстың ерекше болатынын білдім. Алғашқы болып топта тапсырма орындағанда нені қалай орындау керек екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз білінді. Жұмыс топтарда қызу жүре қойған жоқ, себебі біздер ойларымызды жүйелегенмен арада келіспеушіліктер болды, бірақ жан-жағыма қарап басқа топтардың жұмысын көріп, мен егер былай жасасақ деген ұсыныс арқылы жеттік. Топтарымыз күнбе күн өзгеріп отырды, бұл да жұмысты жүйелендіруге септігін тигізді, себебі араларымызда кім көшбасшы, кімнің қолынан не келетіні белгілене бастады, яғни біздің жұмыс істеуге бейімделушілік немесе өз ойыңды айтқанда оны хабарлаушы жеткізе алмаған жағдайда қанағаттанбаушылық болды. Әр күні түрлі тапсырмаларды орындап өз деңгейімізді аша түстік, ол біреуге оңай берілсе кейбіреулердің тіпті түсінбейтінін, жеті модуль мен технологияны үнемі шатастыратыны көп ойландырды. Топтық таныстырылымды таныстыру кезінде Ардақтың, Жанымгүлдің қорытындылау кезінде айтқан ойлары маған ұнады және шабыттандырды. Тренердің берген тапсырмасы арқылы тәжірибемізде алмасты. Ой бөлістік.

Ең бастысы тренер бұрынғыдай лекция оқымады, тек тапсырманы беріп, қандай да бір шешімге өзіміздің жетуімізге үйретті, бұл оқытудың жаңа бір түрі. Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді және нақты жолдарын көрсетеді. Себебі білім жетілдіру курсында алған теориялық материалды іс жүзінде пайдалануға үйретті, яғни қажетті ақпарат алу, бақылау жүргізу, топ мүшелеріне қолдау көрсету т.б талқылауларды, зерттеулерді көрсетті. Жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда тренер мұғалімдерге сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болды, мұғалім мүмкіндігін шектемегенін байқадым. Көп жағдайда мектепте мұғалім оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беріп немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін мұғалім өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.

Ұжыммен кездесуде курстан алған әсерім туралы, Кембридж бағдарламасының мақсты мен міндеттері туралы қысқаша таныстырып өттім. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауымы оң тілек айтып, жұмысыма сәттілік тіледі. Мектептегі тәжірибе 4 сыныппен зерттеулерді жүргізген соң сабағымның орта және қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым. Өз өзімді реттедім, сабақ жоспарларымды қайта-қайта қарап, бұрынғы сабақтарымды есіме түсіріп, жаңаша көзқараспен, алған теориялық білімімнің негізінде үздіксіз жұмыс жасадым, сабақ өткізуде өзгерістер енгіздім. Оқушылар әрқашан жаңалыққа құмар болғандықтан курстан кейін жан-жақты қаруланып сабағыма кірістім. Алғашқы сабақтарымда сәтсіздіктер кездесті, олар оқушылардың топпен жұмыс жасап қалыптаспағаны, өз ойларын топ алдында нақты, дұрыс жеткізе алмауы, оқушылардың өз-өзіне сенімсіздігі, уақытқа үлгере алмауым болды.

Брунер теориясында «Іс-әрекет арқылы оқыту», «сынау және қателер» арқылы оқыту және «жаңалық ашу» ұғымы көптеген елдерде білім беруге қатты ықпал етті (Үлестірме материалдары 61 бет) негізге адым. Білімде жаңалық ашпағанмен курстан алған жаңа әдіс - тәсілдерді өз практикамда қолдандым, ол топқа бөлу, жас ерекшелігіне сай тапсырма беру, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс ерекшілігіне назар аудардым, ең бастысы кейбір маңызды жақтары бұрынғы сабақтарымда маңызсыз деп санап келіппін, өйткені оқушы тек дайын материалды оқып, айтып берсе болды деген түсінікте болғанмын. Оқушыларды сабақ тақырыбына сай топқа бөліп бірнеше жұмыс түрлерін орындаттым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет