Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлдерайым Балагерейқызы Наурызалинаның «мектептегі тәжірибе» кезінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты топтық таныстырылым бойынша рефлексивті есебі



бет4/5
Дата10.10.2020
өлшемі69,5 Kb.
#64090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
«Қараторғай» әңгімесі арқылы «Автор орындығы» бойынша «сарапшы» атынан сөз сөйлеуге дағдыланды. «Түлік туралы сабақта» топ ішінде төраға, хатшы, бақылаушы, журналист болып бөлініп әрқайсысы өз жұмыстарын орындады. Дәптермен жұмыс кезінде «Қос жазба күнделігі» , «Еркін жазба күнделігін»де пайдалана отырып жазба жұмыстарын жүргіздім.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс- тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады (Нұсқаулық 61 бет).

Венн диаграммасына үй құсы мен дала құсын жаза отырып салыстырды. Автор туралы мәліметпен толық танысты, сабақ соңында білемін, білгім келеді деп өз ойларын жазды. Сабақта мультемедиялық таныстырылымдарды тиімді көрсете білдім және уақытты да үнемдедім. Оқушыларда бір біріне ілесе отырып жұмыс түрлерін орындады.

Бағдаламада бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығаруда, оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Оқыту үшін бағалауда оқушы өзін-өзі реттеу арқылы өз білім деңгейін бағалайды, білімін жақсартады, сабаққа деген белсенділігі артып, қызығушылығы оянады, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде көбінесе оқушыларды өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына баса назар аудардым. Өйткені оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білім деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Бағалау кезінде Бердалы Берік сабақ бұрынғыдан өзгеше, түсінікті, түрлі тапсырмалар орындадық қызықты болды деп өз пікірін білдіріп сізге де «Үш шапалақ» деп маған ризашылығын білдірді.

Үй тапсырмасы да түрлі деңгейде берілді. «Қайырымдылық жылы жүректен» эссе жазу берілсе, «Жасыл ел» тақырыбында ой толғау орындаса,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет