Автор: Токубаев Аслан Михайлович
Пән: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/Информатика
Сынып: 5-сынып
Бөлім: Талқылаймыз және бағдарламаны жасаймыз
Тақырып: Анимациялық графиканы құру
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- ойын ортасындағы программалау кезеңінде тармақталу
командаларын қолдану (Лого, Scratch)
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істеуге дағдыланған: Ойын программасында әр блоктың командаларымен
жұмыс жасай алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Фондар кітапханасынан алынған спрайтқа сәйкес
келетіндей фон бере алады Программада қадам санын енгізіп, өзгерте алады
Кейбір оқушылар істеуге қабілетті: Ойын программасында тармақталған командаларды қолдана
отырып анимация құра алады
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар істей алады: Scratch бағдарламасында нысандардың атауларын дұрыс қолдана алады.
Пәндік лексика мен терминология: Спрайт, скрипт, графика, сахна, блок, команда, сенсор, оператор
Күтілетін нәтиже:
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу дұрыс жұмыс істеу және бағдарламаның негізгі қасиеттерін
тапсырма орындауда маңыздылығын меңгеріп, ажыратады
Бағалау критерийлері:
Scratch бағдарламасында нысандармен жұмыс жасай біледі Тармақталу командаларын қолданып
бағдарлама құрады. Scratch бағдарламасында фонды, қадам санын өзгерте отырып анимация құра
алады.
Құндылықтарды
дарыту:
Өз бетімен АКТ-ны қолдана алатын, шығармашыл, инновациялық өзгерістерге бейім, ізденімпаз
тұлға қалыптастыру.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
Ноутбук, интерактивті тақта, интернет
Пәнаралық байланыс:
Математика, бейнелеу, орыс тілі
Бастапқы білім:
Scratch бағдарламасының интерфейсі туралы біледі. Программа блоктарымен таныс.