Цитологиялық зерттеуге жағынды алу техникасы.
Науқасты креслоға жатқызып, қынап айнамен ашылады. Шпательдің ұзын ұшын сыртқы зевке тақап орналастырылады, айналмалы қозғалыстармен шпательді 360 градусқа айналдырады. Сұйықтықты цитология үшін эндобраш щетканың алынатын басын контейнерге салады. Контейнерді тығыз етіп жауып, маркирлейді және цитологиялық лабораторияға жіберіледі.
Егер жағынды заттық шыныға жағылатын болса, бірінші заттық шыны материалды жағудан бұрын маркирленеді. Жағындыны заттық шыныға шпательдің екі жағынан да бір немесе екі штрихпен жағылады. Заттық шыныны фиксация үшін спреймен фиксирленеді және ауа өткізбейтін контейнерге салынады. Айна қынап қуысынан алынады. Барлық инструменттер дезинфекциялаушы ерітіндіге салынады.
Әрбір әйелге арнайы цитологиялық зерттеуге жолдама 027-3У формада толтырылады. Жолдамаға ТАӘ, жасы, тұратын жері және телефон номері көрсетіледі. Сонымен қатар менструалды циклдің күні, гормоналды препараттар, репрадуктивті кезеңі, жатыр ішілік контрацептивтер бар болуын, жыныс органдарына операция, акушерка немесе дәрігердің аты-жөнін, алынған күнді де жазу керек.
Цитологиялық зерттеулердің нәтижелерін Бетезда жүйесінің терминологиясымен түсіндіру
Жағындының адекваттылығы:
--бағалауға қанағаттанарлық (эндоцервикстің трансформация зоналары бар жоқ екенін белгілеу)
--бағалауға қанағаттанарлықсыз (себебін көрсету)
--жағынды зерттелмеген (себебін көрсету)
--жағынды қаралды және бағаланды, бірақ мәліметтер эпителиалды патологияны анықтауға жеткіліксіз (себебін көрсету)
Негізгі категориялар:
--интраэпителиалды зақымданулар және қатерлілік жоқ
--эпителиалды жасушалар өзгерген
--басқасы
Достарыңызбен бөлісу: |