Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Жабдықты жинақтау бөлімінің бастығы



бет34/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126

Жабдықты жинақтау бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның күрделі құрылыс және жөндеу-пайдалану қажеттілігін жабдықпен және жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Күрделі құрылыс, қайта жаңарту және жаңа техниканы енгізудің өндірістік жоспарларын орындау үшін ұйым бөлімшелерінің мұқтаждықтарын анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Қажетті есептермен және негіздемелермен жабдықты, материалдарды, құрылыс құрылымдары мен арматураны жеткізу өтінімін жасауды басқарады. Жеткізушілермен шарт жасасуға, жеткізулердің талаптары мен мерзімін келісуге қатысады, маманданулар мен келіспеушіліктердің хаттамаларын ресімдейді, жабдықты және жинақтаушы бұйымдарды жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімдік шаруашылық байланыстарды орнатудың мүмкіндігі мен мақсаттылығын зерттейді. Стандарт емес жабдықты дайындауға тапсырыстар орналастыруды ұйымдастырады және жобалау ұйымдарымен бірге техникалық талаптарды орындауды келісуге қатысады. Жабдық пен жинақтаушы бұйымды саны, сапасы мен шартта көзделген мерзімде қабылдауы, оларды қоймалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құрылыс-монтаж ұйымдары мен ұйым бөлімшелеріне монтаж және пайдалану үшін жабдықты шартқа айрықша жағдай талаптарымен көзделген мерзімде беруді жүзеге асырады. Құрылыс объектілеріне жабдықты тасымалдауды ұйымдастырады. Жабдықтың техникалық хаттамаларының уақытында ресімделуін, шот төлемдерінің дұрыстығын бақылайды. Наразылықтар бойынша қорытынды береді және жеткізушілерге, олардың шарт міндеттемелерін орындамаумен байланысты наразылықты беру үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастырады. Жабдық пен жинақтаушы бұйымның қорының нормаларын сақтауды бақылайды. Орнатылмаған, қолданылмайтын жабдықты анықтау, оны өндірістік үдерісте қолданудың мүмкіндігіне талдау жүргізу, артық және ескірген жабдықты іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады. Қойма орын-жайлары мен тиеу-түсіру құралдарының техникалық жай-күйіне қадағалауды жүзеге асырады. Жабдықтар мен жинақтаушы бұйымдарды саны, сапасы және шартта көзделген мерзімде қабылдауды, оларды қоймалауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құрылыс-монтаж ұйымдары мен ұйым бөлімшелеріне монтаж және пайдалану үшін жабдықты шартқа ерекше талаптарымен көзделген мерзімде беруді жүзеге асырады. Жабдықтарды құрылыс объектілеріне тасымалдауды ұйымдастырады. Жабдыққа арналған техникалық хаттамалардың уақытында ресімделуін, шот төлемдерінің дұрыстығын бақылайды. Шағымдар бойынша қорытындылар береді және өнім берушілер шарт міндеттемелерін орындамағанына байланысты, оларға наразылық беру үшін құжаттар дайындауды ұйымдастырады. Жабдық пен жинақтаушы бұйымдар қорының нормаларын сақтауды бақылайды. Орнатылмаған, пайдаланылмайтын жабдықты анықтау, оны өндірістік үдерісте пайдалану мүмкіндігіне талдау жүргізу, артық және ескірген жабдықты іске асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады. Қойма орынжайлары мен тиеу-түсіру құралдарының техникалық жай-күйіне қадағалауды жүзеге асырады. Жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың сақталу талаптарын, оларды консервациялаудың дұрыстығын және сақталуының қамтамасыз етілуін бақылайды. Жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың санын есепке алу мен қозғалысын жүргізуді, белгіленген мерзімде материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізуді, қажетті есептілік жасауды ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік актілер, әдістемелік және ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі басқа да материалдар; ұйымның техникалық даму болашағы; ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі құрылысты және жөндеу-пайдаланушылық қажеттіліктерді ұйымдастыру; ұйымға қажетті жабдық пен жинақтаушы бұйымдардың номенклатурасы; жабдық пен жинақтаушы бұйымдарың техникалық сипаттамасын, конструктивтік ерекшеліктері; қажеттіліктерді негіздеу және жабдық пен жинақтаушы бұйымдарға өтінімдер толтыру, өнім берушілермен шарт жасасудың тәртібі; қойма шаруашылығын ұйымдастыру; жабдық пен жинақтаушы бұйымдар қорларының нормаларын, оларды сақтау талаптары; жабдықтау және қоймалау операцияларын есепке алуды жүргізу, белгіленген есептілікті жасау тәртібі; экономиканың, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; есептеуіш техника, коммуникация және байланыс құралдары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білімі және тиісті мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Сапаны бақылау бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйым өндіретін өнімнің сапасын бақылау бойынша жұмыстарды жүргізуді, жұмыстардың (қызметтердің) стандарттарға және техникалық талаптарға, бекітілген үлгілерге (эталондарға) және техникалық құжаттамаға, жеткізу шарттары мен шарттардың талаптарына сәйкес орындалуын, сондай-ақ өндірістік тәртіпті күшейту, сапалы және бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізуді ұйымдастырады. Өнімнің (жұмыстың), қызмет көрсетудің сапасын арттыру, олардың ғылым мен техниканың заманауи деңгейіне, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне, экспорттық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету және халықаралық талаптарға сәйкес келетін сапаны басқару жүйесін енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді ұйымдастырады. Ұйымға келіп түсетін материалдық ресурстарды (шикізатты, материалдарды, жартылай дайын өнімдерді, жиынтықтаушы бұйымдарды) тексеруді, олардың сапасының стандарттарға және техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар дайындауды; өндірістік процестің барлық сатыларында операциялық бақылауды, дайын өнімнің сапасын және жинақталуын, ұйымда дайындалған құралдар мен технологиялық жарақтардың сапасын, сондай-ақ ұйым бөлімшелерінде және қоймаларында шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы бұйымдардың, дайын өнімнің дұрыс сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, оны мемлекеттік аттестациядан өткізу және сертификаттауға дайындауға, сапаны басқару жүйесін, стандарттар мен нормативтерді, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын реттейтін көрсеткіштерді, бақылау операцияларын автоматтандыру және механикаландыруды көздейтін едәуір жетілдірілген бақылау әдістерін, бақылауды бұзбайтын өнімді ақаусыз тапсыру жүйелерін және т.б., осы мақсаттар үшін арнайы құралдар жасауға басшылық жасайды. Өлшенетін параметрлердің номенклатурасын және өлшеу дәлдігінің тиімді нормаларын айқындау, оларды орындауға қажетті құралдарды таңдау, өнімді жаңартудың нормативтік мерзімдерінің сақталуын бақылауды және оны аттестациядан өткізуге және сертификаттауға дайындауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарға қатысады. Дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы бұйымдардың сапасына, технологиялық жабдық пен құралдың сапасы мен жай-күйіне, өндірістің жағдайына, өнімді сақтау мен тасымалдауға технологиялық процесте көзделмеген тексеру жүргізуді ұйымдастырады. Дайын өнімдерді сынақтан өткізуді және өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сапасын растайтын құжаттарды ресімдеуді, өнім берушілер жеткізу сапасына қойылатын талаптарды бұзған кезде шағымдар дайындауды, сондай-ақ өнімді дайындау барысын, кәсіпорындағы бақылау-өлшеу құралдарының жай-күйін ағымдағы бақылау жөніндегі әдістемелер мен технологиялық нұсқаулықтардың уақтылы дайындалуын және оларды мемлекеттік тексеру үшін уақтылы ұсынуды, бақылау қызметтерін қажетті технологиялық құжаттамамен қамтамасыз етілуін бақылауды қамтамасыз етеді. Шағымдарды талдау, ақаулардың пайда болуы және өндіріс технологиясының бұзылуы, жұмыс сапасының нашарлауы, ақауы бар және төменгі сортты өнім шығарылу себептерін зерделеу жөніндегі, сондай-ақ өндірістің барлық бөлімшелерінің белгіленген талаптарға сәйкес өнім шығаруы үшін жауапкершіліктерін арттыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыруды бақылау, сапасыз өнімді (жұмысты, қызметтерді) қабылдау және тиеп жіберуді тоқтату жөніндегі жұмысты басқарады. Бақылау операцияларының нәтижесін рәсімдеу, өнім сапасының көрсеткіштерін, ақауды және оның себептерін есепке алуды жүргізу, шығарылған өнімнің, орындалған жұмыстың (қызметтің) сапасы туралы мерзімдік есептер жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Бөлімнің қызметкерлеріне жетекшілік жасайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді, өнім сапасын басқару жөніндегі әдістемелік материалдар; мемлекеттік қадағалау, өнім сапасын бақылау жүйесі; техникалық бақылау жүйесін, әдістерін және құралдарын; ұйымның өнім өндіру технологиясы; экономикалық қызметте және ұйымда қолданылатын стандарттар мен техникалық талаптар; өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) сертификаттау тәртібі; өнеркәсіп өнімінің сапасын аттестаттау тәртібі; шикізаттың, материалдардың, жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы бұйымдардың және дайын өнімнің сапасы бойынша шағым ұсыну және қарау тәртібі; өнімге сынақ жүргізу және қабылдау ережелерін; өнімнің сапасы жөніндегі есеп жүргізуді ұйымдастыру, есеп жасау тәртібін және мерзімдері; өнім сапасының жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу және оны бақылауды ұйымдастыру бойынша алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік кәсіпорындардың тәжірибесі; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасында еңбек туралы заңнаманың негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және мамандығы бойынша басшылық лауазымында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет