Сабақ Тақырыбы: «Етті механикалық аспаздық өңдеу»



бет1/4
Дата21.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#21406
түріСабақ
  1   2   3   4
Ашық сайыс сабақ

Тақырыбы: «Етті механикалық - аспаздық өңдеу»

Арнайы пән оқытушысы: Құдабай А



Сабақ жоспары

Пәні: «Тағам дайындау технологиясы»

Сабақтың тақырыбы: Етті механикалық-аспаздық өңдеу

Сабақтың мақсаттары:

1.Білім беру мақсаты:

- етті механикалық-аспаздық өңдеутуралы білім – білік дағдысын қалыптастыру;

-етті механикалық-аспаздық өңдеуде брутто, нетто, қалдық салмақтарын есептеуге машықтану;

-оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздеріне бағалату.

2.Тәрбиелік мақсаты:



-еңбек қауіпсіздігіне, еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

-мамандыққа бағдарлау және әдептілікке тәрбиелеу;

-тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты:

-талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту;

-әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдаланып, жалпы қабілеттілігін дамыту;

-танымдық қызығушылықты дамыту.

Күтілетін нәтиже: Технологиялық үрдіске сәйкес ет ұшаларын бөлу; шикізатты тиімді қолдану және аспаздық тағайындалуын ескеріп, жартылай өнімдер дайындау; сыни тұрғыдан ойлауға машықтандыру ; жартылай өнімдердің сапасын бағалау және жартылай өнімдер шығуын анықтау;алған білімдерін өмірде қолдана білу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ойын, өзін-өзі бағалау

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, технологиялық карталар,

семантикалық карталар, технологиялық сұлбалар,

рецептура жинағы, кітаптар,суреттер

Пәнаралық байланыс:тауартану, тамақтандыру кәсіпорындарын

жабдықтау, тамақтандыру кәсіпорындарында еңбектіқорғау,тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру



Сабақ барысы:

1-кезең. Ұйымдастыру мезеті-4минут.

1.1.Оқытушының оқушылармен амандасуы. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

1.2.«Ой қозғау».Ол үшін«Қазақы дастарханым» деген әннің әуенін жіберіп, бұл қай ән екенін оқушылардан сұрау. Жауабын алған соң, қазақ дастарханы ет тағамынсыз болмайтынын айтып, сабақ тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1.3. Ынтымақтастық ахуал орнатып,топқа бөлу. Ол үшін конфет таңдату. Конфет түсіне қарай 3-топқа бөлу. Топ басшыларын таңдау.

1.4. Топ ережесімен таныстыру

1.Өзін де өзгені де сыйлау

2.Уақытты тиімді пайдалану

3. Өз ойын нақты, тұжырымды айту

4. Бір-бірін әділ бағалау

5. Белсенділік таныту



1.5.Топқа бөлінген соң оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіру.

2-кезең. Негізгі бөлім- «Мағынаны ашу»-36 минут



Мәтін -диктантты толықтыру, тақырыбын қою.

Ол үшін әр топқа үлестірме қағаз арқылы мәтін -диктант беріледі. Мәтіндиктанторындалған соң тақтадағы жауаптарымен салыстырылады-

6 минут.


«Қағаздағы жазу» Әр топқа А3-форматты қағаз, маркерлер беріледі.Топ басшылары қағаз суыру арқылы тапсырмаларын алады да, барлық топ оқушылары бірге білгендерін қағаз бетіне жазады. Болған соң топ мүшесі тапсырманы қор-ғайды-12минут

Cиыр, қой және шошқа ұшаларын бөлшектеу.Әр топқа тапсырма беріледі, соған сәйкесінше бөлшектеп, сүйектерін және ет кесектерін атау керек - 12 минут.


Семантикалық картамен жұмыс.

Әр топқа семантикалық карта беріледі. Берілген брутто, нетто салмақтарына және шығын мөлшеріне қарай есептеп сәйкесінше «+» таңбасын қою - 6 минут




1-тапсырма.Мәтін -диктантты толықтыру, тақырыбын қою.

Ол үшін әр топқа үлестірме қағаз арқылы мәтін -диктант беріледі.Мәтін диктанторындалған соң тақтадағы жауаптарымен салыстырылады.



1.1 –Т:Құрамында 14,5 - 23% толыққұнды _______________, ____% май, 0,5-1,3% _________________заттар (олардың ішінде жоғары___________________ фосфор, кальций, натрий, магний тұздары көп болады ), А, Д, РР және В______________ дәрумендері бар.Еттің тағамдық __________ ақуыздың, майлардың, минералдық ___________ мөлшерімен және адам ағзасына _______ ___________ сипатталады.

Дұрыс нұсқасы: Құрамында 14,5 - 23% толық құнды ақуыз, 2-37%май, 0,5-1,3% минералды заттар (олардың ішінде жоғарыбағалыфосфор, кальций, натрий, магний тұздары көп болады ), А, Д, РР және Втоптарыдәрумендері бар. Еттің тағамдық құндылығы ақуыздың, майлардың, минералдық заттардың мөлшерімен және адам ағзасына сіңу дәрежесімен сипатталады. Тақырыбы: «Еттің тағамдық құндылығы».

1.2 -Т: Еттің негізгі _______: бұлшық ет, ________, май ____________және сүйек. Бұлшық ет _________ мөлдір қабықпен ___________ жеке талшықтардан тұрады (сарколемма).Дәнекер тіндері құнсыз ___________ коллаген мен ___________ тұрады. Cүйек тінінің ақуызын __________ құрамы жағынан жақын келетін зат – _____________ құрайды.

Дұрыс нұсқасы:Еттің негізгі тіні: бұлшық ет, дәнекер, май талшықтары және сүйек. Бұлшық ет жартылай мөлдір қабықпен жабылған жеке талшықтардан тұрады (сарколемма). Дәнекер тіндері құнсыз ақуыздар – коллаген мен элaстиннен тұрады. Cүйек тінінің ақуызын коллагенге құрамы жағынан жақын келетін зат – оксин құрайды. Тақырыбы: «Еттің негізгі тіні және олардың ақуыздары».

1.3 -Т:Етті, қабылдағандаең бірінші еттің ______________ қарай және санитарлық – мал __________ бақылауды, ____________ әдіспен еттің ____________ тексереді. Семіздігіне қарай ет: қой, ешкі ___және ___санатқа; бұзау еті І санатқа; шошқа еті - етті, ________, сіңірлі болып бөлінеді. Сапалы еттің беті _________ қабықты, алқызыл _________, консистенциясы қатты, созылмалы болады.

Дұрыс нұсқасы:Еттіқабылдағанда ең бірінші еттіңсеміздігіне қарай және санитарлық – мал дәрігерлік бақылауды, органолептикалық әдіспен еттіңсапасын тексереді. Семіздігіне қарай ет: қой, ешкіІ және ІІсанатқа; бұзау еті І санатқа; шошқа еті - етті, майлы, сіңірлі болып бөлінеді. Сапалы еттің бетіқұрғақ қабықты, алқызылтүсті, консистенциясы қатты, созылмалы болады. Тақырыбы: «Еттің сапасы және қабылдау».

2-Тапсырма:«Қағаздағы жазу» Әр топқа А3-форматты қағаз, маркерлер беріледі.Топ басшылары қағаз суыру арқылы тапсырмаларын алады да, барлық топ оқушылары бірге білгендерін қағаз бетіне жазады. Болған соң топ мүшесі тапсырманы қорғайды.

2.1.үлестірмелі тапсырма: Етті өңдеу қандай цехта жүргізіледі және цех қалай жабдықталады?

2.2.үлестірмелі тапсырма:Ет цехындағы техникалық қауіпсіздіктің жалпы талаптары қандай?

2.3.үлестірмелі тапсырма: Тоңазытылған етті механикалық –аспаздық өңдеудің сұлбасы.



Жауабы:

2.1. Ет ет цехында өңделеді. Ет ет сақталатын орындарда, ет цехына жақын орналасады. Ет цехын сүйек кесетін, еттартқыш, фарш араластырғыш, ет кесетін машина, котлет, тұшпара түйетін машина, тоңазытқыштармен, құралдармен, жабдықтармен жабдықталған болу керек. Механикалық емес жабдықтардан ванна, стеллаждар, сөрелер, өндірістік үстелдер болу керек.

2.2. Ет цехында барлық жабдықтар технологиялық процестердің жүргізілу ретіне қарай орналастырылады.Ет цехындағы жұмыс кезінде кездейсоқ жағдайлар менаурулурдың алдын алу үшін еңбек қауіпсіздігі ережесін сақтау керек. Жабдықтарды пайдалану ережесін білмейтін жұмысшыларды жұмысқа қосуға болмайды. Машиналар жанында жұмыс жасау тәртібі және қауіпсіздікті сақтау техникасы, үгіт құралдары ілулі тұру керек. Әр жұмысшы құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу ережесі бойынша тұрақты түрде нұсқаулар беріліп тұруы керек. Олар: цехта температураны 16°С-тан төмендетпей ұстау және үрме жел болдырмау; қозғалысқа келетін машина бөлшектері қоршалған, моторлары жерге қосылған болуы, айырғыштар мен сақтандырғыштар жабық типті болуы, машина қосу және айыру тек «қосу» және «айыру» тетіктері арқылы іске асырылуы машина бөлшектерін алмастыру, майлау тек тоқтоп тұрған кезде ғана іске асырылуы керек.Сақтандырғаш сақинасы жоқ еттартқыштармен жұмыс жасауға тыйым салынады, жұмыс мезгілінде еттартқышқа етті оқтаумен итергілеп отыру керек. Пышақтар, ет шапқылар арнайы орындарда сақталуы керек. Ет шабатын ағаш (колода) тегіс жерде орналасуы керек. Мұздатылған ет ерігеннен кейін ғана шабылу керек. Етті арнаулы алжапқышпен, қолғапсыз шабуға болмайды.

2.3.Тоңазытылған етті өңдеу төмендегідей әрекеттерден: жібіту, жуу, құрғату, аспаздық бөлшектеу, етті сүйектен ажырату, тазарту, етті сорттау және жартылай өнімдер дайындаудан тұрады.



3- Тапсырма:Cиыр, қой және шошқа ұшаларын бөлшектеу.Әр топқа тапсырма беріледі, соған сәйкесінше бөлшектеп, сүйектерін және ет кесектерін атау керек.

3.1-Т: Сиыр ұшасын бөлшектеп, сүйектерін және ет кесектерін атау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет