Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет35/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126

Маркетинг бөлімінің бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымда бәсекелестердің өнімдері мен қызметтерімен және тұтынушылық сұраныс және нарықтық конъюнктураны болжаумен салыстыра отырып, өндірілетін өнімнің (қызметтің) тұтынушылық қасиеттерін талдау негізінде маркетингілік саясатты әзірлеуді жүзеге асырады. Ұйым өніміндегі тұтынушылық сұраныстың динамикасын құрайтын негізгі факторларға, өнімнің ұқсас түрлеріне сұраныс пен ұсыныстардың қатынасын, бәсекелесетін өнімнің техникалық және өзге де тұтынушылық сапасына зерттеу жүргізуді басқарады. Өндірістің және өнімді сатудың, өткізудің жаңа нарықтары мен өнімнің жаңа тұтынушыларын анықтаудың келешектегі және ағымдағы жоспарларын құруға бөлімнің қатысуын қамтамасыз етеді. Коммерциялық-экономикалық ақпаратты жинау және талдау, ұйым өнімі маркетингі жөніндегі деректер банкін құру (жеткізуге берілген өтінім, өндіріс шарттары, қордың болуы, баға және тариф туралы ақпарат, нарық сыйымдылығы және т.б.) жөніндегі барлық функционалдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Тұтынушылардың ұйым шығаратын өнім туралы пікірін зерттеуді, оның өнімді өткізуге әсерін және оның бәсекелестікке қабілеттілігі мен сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды ұйымдастырады. Тұтынушылардан түсетін рекламациялар мен наразылықтарда, тұтынушылардың ұйым өніміне белгілі көзқарасы дәлелдемелерінде көрсетілген кемшіліктерді уақытында жоюды бақылауды жүзеге асырады. Сыртқы, жарықтық, электронды, пошталық жарнама, көліктегі жарнама, көрмелерге қатысу, әлеуетті көрсеткіштері мен өткізу нарығын кеңейтуді ақпараттандыру үшін сату көрмелері көмегімен жарнамалық шараларды жүргізу стратегиясын әзірлеуді ұйымдастырады.Ұйымның фирмалы стилі мен жарнамалық өнімнің фирмалық ресімделуін құрастыру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды. Делдалдық қызметке және оны барлық қажетті техникалық және жарнамалық құжаттамамен қамтамасыз етуге методикалық басшылықты жүзеге асырады. Басқа бөлімдермен бірлесіп өнімнің техникалық, экономикалық және оның тұтынушылық сапасы мен өткізілуін ынталандыруды жақсарту мақсатында басқа да сипаттарын өзгерту жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге қатысады. Ұйым өнімінің кепілдендірілген қызмет көрсетуі мен жөндеуі бойынша қызмет көрсету орталықтарының жұмысына басшылықты жүзеге асырады, жоспарлаудың техникалық негіздемесі мен қосалқы бөлшектерді (саны және номенклатура бойынша) өндіру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды. Өнімнің сақталуы, тасымалдануы мен қолданылуының дұрыстығын қадағалауды жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де актілері, маркетингті ұйымдастыру мен қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау мен нарық сыйымдылығын ұйымдастыру жөніндегі методикалық материалдар; шығарылатын өнімге сұраныстың төлемге қабілеттілігін анықтау тәсілін және өндірістің және өнімді өткізудің келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеу тәртібі; негізгі технологиялық және құрылымдық ерекшеліктерді, өндірілетін өнімнің сипаты мен тұтынушылық қасиетін, оның отандық және шетелдік аналогтардан айырмашылығы, артықшылықтары мен кемшіліктері; нарықтық конъюнктураны зерттеу мен шығарылатын өнімге сұранысты болжауды әзірлеудің тәсілдері; өндіріс экономиясы; жарнамалық істі ұйымдастыруды; тұтынушылардың шығарылатын өнімге қатынасын дәлелдеуді зерттеу тәсілдері; өнімді жеткізу, сақтау және тасымалдау талаптары; делдалдармен, жалпы ақпарат құралдарымен жұмыстың тәсілі мен әдістері; жөндеу қызмет көрсетулерді ұйымдастыру; наразылықтар мен тұтынушылар рекламацияларын қарастыру мен жауап дайындаудың тәртібі; өткізушілік және жарнамалық құжаттамаларды ресімдеудің ережесі; ұйым өнімінің стандарттары мен техникалық талаптары; технологияның, өндірісті ұйымдастырудың, еңбек пен басқарманың негіздері; өткізу жоспары мен өнімді сатудың орындалуы туралы есепке алуды ұйымдастыру мен есептілікті құру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маркетинг саласында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.


Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің

(логистика бөлімінің) бастығы



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның барлық өндірістік қызметінде талап етілетін сападағы материалдық ресурстармен қамтамасыз етуді және олардың өндірістің шығысын қысқарту және неғұрлым мол пайда табу мақсатында тиімді қолданылуын ұйымдастырады. Өндірістік бағдарламаны, ұйымның және оның бөлімшелерінің жөндеу-пайдаланушылық мұқтажын материалдық-техникалық балансының келешектегі және ағымдағы жобаларын әзірлеуді қамтамасыз етуді, сонымен қатар шығынның үдемелі нормаларын қолдана отырып, материалдық ресурстарға (шикізат, материал, жартылай дайын өнімдер, жинақтаушы бұйымдар, отын, энергия және т.б.) деген мұқтаждығын анықтау негізінде қажетті өндірістік қорларды құруды басқарады. Ішкі ресурстар есебінен осы мұқтаждықты жабудың көздерін іздейді. Жеткізушілермен шарт жасасуға дайындықты, жеткізудің талаптары мен мерзімін келісуді қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық ресурстарды жеткізу жөніндегі тікелей ұзақ мерзімді шаруашылық байланыстарын орнатудың мүмкіндігі мен мақсаттылығын зерттейді. Шұғыл маркетингілік ақпаратты және көтерме сауда тәртібінде материалдық-техникалық ресурстарды сатып алу мүмкіндігін анықтау мақсатында фирмалар мен компаниялардың, ұсақ көтерме сауда дүкендерінің және көтерме жәрмеңкелерінің ұсыныстары туралы жарнамалық материалдарды, сонымен қатар еркін сауда тәртібінде сатылатын материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуды ұйымдастырады. Шартта көзделген мерзімге сәйкес материалдық ресурстарды жеткізуді, олардың санын, сапасын және жинақталуы мен ұйым қоймасында сақтауды бақылауды қамтамасыз етеді. Жеткізушілерге, олармен шарт міндеттері бұзылған кездерде наразылықтар дайындайды, осы наразылықтар бойынша есеп айырысуларды құруды бақылайды, жеткізушілермен жасалған шарттардың талаптарының өзгерісін келіседі. Шығарылатын өнімнің сапасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету, материалдық ресурстардың өнеркәсіптік (қоймалық) қорларының экономикалық негізделген нормативтері бойынша ұйымның стандарттарын әзірлеуді басқарады. Материалдар мен жинақтаушы бұйым қорларының жағдайын, ұйымда өндірістік шұғыл реттеуді, материалдық ресурстарды жіберу лимиттерін сақтау және тікелей мақсаты бойынша ұйым бөлімшелерінде олардың шығындалуларын бақылауды қамтамасыз етеді. Материалдық ресурстарды тиімді қолданудың тиімділігін арттыру, тасымалдау мен сақтаумен байланысты шығындарды азайту, қайталама ресурстар мен өндіріс қалдықтарын қолдану, оларды жұмсау үшін бақылау жүйесін жетілдіру, жергілікті ресурстарды қолдану, артық шикізатты, материалдарды, жабдықтар мен минералдық ресурстардың басқа түрлерін сату жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және енгізуді басқарады. Қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады, сақтаудың қажетті талаптарын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды. Тасымалдау-қойма операцияларын механизациялау мен автоматтандырудың, компьютерлік жүйе мен еңбекті ұйымдастыру мен қорғаудың нормативтік талаптарының қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Ұйым қоймаларында материалдық ресурстардың қозғалысын есепке алуды ұйымдастырады, материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады. Ұйымның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жоспарын орындау туралы белгіленген есептілікті құруды қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысшыларын басқарады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері мен басқа да қолданыстағы халықаралық құжаттар, ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі методикалық материалдар; шаруашылықты жүргізудің әртүрлі әдістері; ұйым дамуының келешегі; материалдық-техникалық келешектегі және ағымдағы жоспарларының тәсілі мен тәртібі, шикізаттың, материалдар мен басқа да материалдық ресурстардың өндірістік қорларының нормативтерін әзірлеу, ресурсты үнемдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу; материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен қойма шаруашылығын ұйымдастыру; жеткізушілермен шарттар жасаудың тәртібін және олардың орындалуы, ұйым бөлімшелерінің материалдарды жіберуге құжаттамаларды ресімдеу; өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттарды және техникалық талаптар, оларды әзірлеудің тәсілдері мен тәртібі; тұтынылатын материалдар номенклатурасы, көтерме және бөлшек бағалары; технологияның, еңбек және басқарманың негіздері; қамтамасыз етушілік және қоймалық операцияларды есепке алуды ұйымдастыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарының орындалуы туралы есептілікті құрудың тәртібі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; есептеуіш техника, телекоммуникация және байланыс құралдары; еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының ережелері мен нормалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және тиісті мамандық бойынша материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет