Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор



бет66/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126

Тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі инспектор

Лауазымдық міндеттері. Ұйым басшысының бұйрықтарының, тапсырмаларының және өкімдерінің уақытымен орындалғанын бақылайды. Ұйымда дайындалатын бұйрықтар мен өкімдер жобаларының жоғары тұрған ұйымдардың құжаттарына сәйкестігін тексереді. Бақылау карточкаларын толтырады және бұйрықтардың, өкімдер мен басқа құжаттардың, сонымен қатар, орындалуы бақылауды қажет ететін тапсырмалардың есеп картотекасын жүргізеді. Құжаттардың өтуінің оперативті есебін жүргізеді. Тапсырмалардың уақытында орындалмау себептерін анықтайды. Ұйым басшысына олардың орындалу күйі туралы хабарлайды. Ұйымда іс жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға, құжат айналымын рационализациялау бойынша шараларды әзірлеуге қатысады.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұйымда іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік және басқа да материалдары; құжаттардың орындалуын бақылау формалары мен әдістері; ұйымның және оның бөлімшелерінің құрылымы; іс жүргізудің бірыңғайландыру жүйесінің стандарттары, ұйымдық-өкімдік құжаттама; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; экономика, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздері; мұрағаттық іс негіздері; есептеу техникасы, коммуникация мен байланыс құралдары; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық пен кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық және бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс, соның ішінде осы ұйымда кемінде 1 жыл болуы тиіс.

Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер

Лауазымдық міндеттері. Респонденттер арасында алдын ала аралауды жүргізеді, зерттелуі тиіс респонденттер тізімін нақтылайды. Респонденттер арасында оларды зерттеуге тарта отырып үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жүргізілетін зерттеу туралы хабарлау мақсатында алдын ала аралау). Тікелей (жеке) бару және статистикалық зерттеудің статистикалық нысандарына алынған мәліметтерді жазу жолымен статистикалық нысандарда белгіленген мерзімде респонденттерге пікіртерімді жүзеге асырады. Статистикалық нысандарды толтыру бойынша кеңестік көмек көрсетеді. Экономикалық қызмет түрлері бойынша мамандандырылған зерттеу, респонденттерден алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылау жүргізеді. Статистикалық нысандарға кодтар енгізеді және зерттеу бойынша бағдарламалық кешенге алғашқы статистикалық деректерді енгізуді жүзеге асырады. Зерттеу бойынша толтырылған статистикалық нысандарды аумақтық статистика департаментіне тапсыруды жүзеге асырады. Зерттеу бойынша алынған алғашқы статистикалық ақпараттың сапасын, толықтығын және дәйектілігін қамтамасыз етеді. Зерттеу материалдарында табылған кемшіліктерді респонденттерге қайта бару арқылы түзетуді қамтамасыз етеді. Алғашқы деректердің құпиялылығы қағидасын сақтайды. Статистикалық ақпараттың құпиялылығының сақталуына жеке жауапты болады.

Білуі тиіс: статистикалық зерттеулер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері; статистикалық байқаулар мен талдау әдістері және нысандары; зерттеулерді ұйымдастыру және және сауалнамалық пікіртерім жүргізу бойынша әдіснамалық және нұсқаулықты материалдар; статистикалық нысандарды ұсыну тәртібі мен мерзімі; экономика негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Біліктілік деңгейі жоғары маман:

Жоғары санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бірінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 3 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 5 жылдан кем емес.

Бірінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және екінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 2 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 4 жылдан кем емес.

Екінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 1 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 3 жылдан кем емес.

Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс стажына талаптар қойылмайды.

Біліктілік деңгейі орта маман:

Жоғары санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білім және бірінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 3 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 5 жылдан кем емес.

Бірінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білім және екінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 2 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 4 жылдан кем емес.

Екінші санатты статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білім және санатсыз статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізетін интервьюер лауазымында жұмыс стажы 1 жылдан кем емес немесе мамандық бойынша жұмыс стажы 3 жылдан кем емес.



Статистикалық байқаулар (зерттеулер) жүргізу жөніндегі интервьюер: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіби) білім, жұмыс стажына талаптар қойылмайды.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет