Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер



бет62/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126

I санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Өндірісті басқаруды ұйымдастыру жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар көрсетілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог)
Лауазымдық міндеттері. Ұйымның бөлімшелерінде қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманың, стандарттар мен нормативтердің сақталуын бақылайды, қызметкерлердің өмірлері мен денсаулықтарына өндірістік факторлардың зиянды әсерлерін төмендеткізеді. Қоршаған ортаны қорғау бойынша болашақ пен ағымдағы жоспарлардың жобаларын әзірлейді, олардың орындалуын бақылайды. Техникалық-экономикалық негіздеудің, әрекет етіп жатқан өндірістерді кеңейту мен қайта құру жобаларының, сонымен қатар, құрылған жаңа технологиялар мен жабдықтаулардың экологиялық сараптамасын жүргізуге, жаңа технологияларды енгізу бойынша шараларды әзірлеуге қатысады. Өндірістік ағыс суларды тазарту бойынша, айналадағы ортаның ластануының алдын алу, атмосфераға зиянды заттардың тасталуы, технологиялық қалдықтарды азайту немесе толығымен жою, жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ғылыми-зерттеуге және тәжірибелік жұмыстарды жүргізуге қатысады. Табиғатты қорғаудың технологиялық режимдерінің сақталуын бақылайды, олардың жұмысын талдайды, экологиялық стандарттар мен нормативтердің, ұйым орналасқан аудандағы қоршаған ортаның күйінің сақталуын қадағалайды. Технологиялық регламенттерді, аналитикалық бақылау кестесін, төлқұжаттарды, нұсқауларды және басқа да техникалық құжаттаманы құрайды. Жабдықтаудың техникалық күйінің қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалану талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысады. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды орындау туралы орнатылған есепті құрайды, ұйым әрекетінің экологиялық сараптамасын жүргізу бойынша комиссияның жұмысына қатысады.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заң шығарушы мен басқа да нормативтік құқықтық актілері, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі әдістемелік пен басқа да материалдар; экологиялық стандарттар мен нормативтер жүйесі; ұйымның өндірістік және ұйымдық құрылымы және оның даму перспективалары; ұйым өнімнің технологиялық процестері мен өндіру режимдері; жоспар мен жоба алдындағы материалдардың экологиялық сараптамасын өткізу тәртібі; экологиялық мониторинг әдістері; ұйым жабдықтаудың техникалық күйінің қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты тиімді пайдалану талаптарына сәйкестігін бақылау құралдары, істегі экологиялық стандарттар мен нормативтер; қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану саласында озық отандық және шетелдік тәжірибесі; қоршаған ортаны қорғау бойынша есеп тәртібі мен есепті құру; экономика негіздері, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдары; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санатты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санатты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог) лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.


II санатты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiм, санатсыз қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог) лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (эколог): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талаптар көрсетілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл стажы болуы керек.


Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер



Лауазымдық міндеттері. Кәсіпорын бөлімшелерінің еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауын, қызметкерлерге еңбек жағдайы бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асырады. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделейді, қоршау техникаларының, сақтандыру және оқшаулау құрылғыларының, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғаудың басқа құралдарының неғұрлым жетілдірілген құрылғыларын әзірлеу және ендіру жөнінде ұсыныстар дайындайды және енгізеді. Үйлердің, ғимараттардың, жабдықтардың, машиналардың және механизмдердің техникалық жай-күйлерін, желдету жүйелері жұмысының тиімділігінің, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, қызметкерлерді ұжымдық және жеке қорғау құралдарының жай-күйін тексеруге, олардың еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуін анықтауға және қызметкерлердің өмірі және денсаулығына қауіп келтіретін немесе аварияға әкеп соғуы мүмкін жөнсіздіктер анықталған кезде машиналарды, жабдықтарды пайдалануды және цехтардағы, учаскелердегі, жұмыс орындарындағы жұмыс өндірісін тоқтату жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен бірлесіп жұмыс орындарын және өндірістік жабдықты еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келуіне аттестациядан өткізу және сертификаттау бойынша жұмыс жүргізеді. Кәсіби аурулардың және жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдық көмек көрсетеді. Тиісті қызметтердің қажетті сынақтарды және жабдықтың, машиналардың, және механизмдердің жай-күйін техникалық растауды уақтылы жүргізуді, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеу кестелерін сақтауын, еңбекті қорғау жөніндегі қолданылып жүрген нормаларды, ережелерді және нұсқаулықтарды, өндіріс процесіндегі, сондай-ақ жаңа және қайта салынатын өндірістік объектілердің жобаларындағы еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын сақтауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарын орындауды бақылайды, оларды пайдалануға қабылдауға қатысады. Жұмыс берушінің қызметкерлерге жарақат, кәсіби ауру немесе еңбек міндеттерін орындауға байланысты олардың денсаулығының басқа да бұзылуымен келтірілген зиянның орнын толтыру туралы мәселені қарауға қатысады. Кәсіпорынның бөлімшелеріне қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс болатын кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнама негізінде қызметкерлерге ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары үшін өтемақылар және жеңілдіктер берілуі тиіс кәсіптер мен лауазымдардың тізімін жасауға; еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, қауіпсіз еңбек стандарттары жүйесінің кәсіпорынға арналған стандарттарын әзірлеу және қайта қарау кезінде; еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерге нұсқаулар беруді, оқытуды және білімдерін тексеруді ұйымдастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Жұмысқа жаңадан қабылданған, іссапардағы қызметкерлерге, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге еңбек қорғау жөніндегі кіріспе нұсқаулар жүргізеді. Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін жасауға, өндіріс жарақат алу жағдайларын, кәсіби және негізделген ауруларды тексеруге қатысады, олардың себептерін зерделейді, олардың алдын алу жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігін талдайды. Арнаулы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғаныш құралдарын сақтауды, беруді, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаңын кетіруді, майын кетіруді және жөндеуді ұйымдастыруды, сақтандырудың қосалқы құрылғыларының және қорғаныш құрылғыларының жай-күйін, сондай-ақ кәсіпорын бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген нысандар бойынша және тиісті мерзімдерде еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті жасайды.

Білуге тиіс: еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік материалдар; кәсіпорынның өнім өндірісінің негізгі технологиялық процестері; жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделеу әдістері; еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру; еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі; жұмыстың ауырлығы, санаты, әйелдердің, жасөспірімдердің, жеңіл жұмыстарға ауыстырылған жұмысшылардың еңбегін пайдалануды шектеу негізіне қызметкерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар; кәсіпорында қолданылатын жабдықты пайдаланудың ерекшеліктері; жабдықтың техникалық жай-күйінің жұмысты қауіпсіз жүргізу талаптарына сәйкес келуін бақылау ережелері мен құралдары; еңбекті қорғаудың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибесі; еңбекті қорғау жөніндегі насихат пен ақпараттың әдістері мен нысандары; еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілік жасау тәртібін және мерзімдері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет