Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет64/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126

Жөндеу инженері



Лауазымдық міндеттері. Ұйымның жабдықтау және басқа да негізгі қорларын (ғимараттар, сумен жабдықтау жүйелерін, кәріз, ауа өткізгіш және т.б.) түрлі жөндеулердің болашақ пен ағымдағы жоспарларын (кестелерді), оларды пайдалану мен қызмет көрсетуді жақсарту шараларын іске асырады, бекітілген жоспарлардың (кестелердің) орындалуын бақылайды. Жабдықтардың уақытында жөнделуін, ұйымның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кешенді регламенттелген қызмет көрсету жүйесінің, жөндеудің прогрессивті технологияларының, жоғары тиімді жөндеу аспаптарының, қиын процестерді механикаландыруды енгізуге көмектеседі. Жабдықтаудың техникалық күйін, жөндеу жұмыстарының сапасын тексеруге, сонымен қатар, ұйымға жаңадан түскен жабдықтарды қабылдауға, қажет болған жағдайда есептеп шығару немесе басқа ұйымдарға беру құжаттамасын рәсімдеуге қатысады. Жөндеу жұмыстарына дайындықты ұйымдастырады, жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектердің қажеттілігін анықтайды. Жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды сынаудан өткізуге қатысатын ұйымдар бөлімшелерінің әрекетін, пайдалану ережелерін, техникалық қызмет көрсету мен оның сақталуын бақылайды. Жабдықтауға қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруға, қиын және жөндеу жұмыстарының құндылығын төмендетуге, олардың сапасын жақсартуға, негізгі қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға (тозуға төзімділігін жоғарылатуға және жабдықтаудың тұрып қалуын азайтуға) бағытталған шараларды әзірлейді. Өндірістің техникалық дамуын, негізгі қорларды күрделі жөндеу мен модернизациялауды жоспарлау бойынша жұмыстарға, өндірістік қуаттар және оларды пайдалану балансын құруға қатысады. Жабдықтаудың профилактикалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша нормативті материалдарды өңдейді (жөндеу-пайдалану шығындарын, қосалқы бөлшектердің жарамдылық мерзімдерінің нормативтері, ауыстырылатын және тез тозатын бөлшектердің номенклатуралары, майлау материалдарының шығынының мөлшері мен лимиттері). Жабдықтаудың жоғары тозу, авариялар мен тұрып қалу себептерін талдайды және сол себептердің, өндірістік жарақаттану себептерінің тергеуіне қатысады, оны алдын алу бойынша шараларды қолданады. Ақаулықтар ведомосін, жөндеуді жүргізуге, өтініштерді құру, орнатылған мерзімін сақтауын бақылайды. Қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құралдарға өтініштер мен айрықшалығын құрайды, олардың дұрыс шығындалуын бақылайды. Өндіруші ұйымдармен қосалқы бөлшектер мен жабдықтауды жеткізуге, сонымен қатар, мамандандырылған мердігер ұйымдармен негізгі қорларды (өнеркәсіптік-өндірістік және өндірістік емес) күрделі жөндеуге келісім шарттар жасауға материалдарды дайындайды, бұл мақсаттарға қаражат шығының бақылауын жүргізеді. Жабдықтауды пайдалану, күту және жөндеу бойынша стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеумен және енгізумен байланысты жұмыстарға қатысады. Рационализациялық ұсыныстар мен өнертабыстар бойынша, жабдықтаудың құрылымын жетілдіру мәселелері бойынша, жабдықтаудың жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша қорытынды береді, рационализаторлар мен өнертабушыларға тәжірибелік көмек көрсетеді және қабылданған ұсыныстардың енгізуін ұйымдастырады. Жабдықтауды жөндеу мен пайдалануды ұйымдастырудың озық тәжірибесін қорытады және таратады. Ұйымның жабдықтауының, ғимараттарының, құрылыстарының және басқа да негізгі қорларының есебін және паспорттандыруын жүргізеді, оларды жөндеу, жаңарту және қайта құрудан кейін паспортқа өзгерістерді енгізеді, қажетті техникалық құжаттаманы құрайды және орнатылған есептілікті жүргізеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, жабдықтауға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша әдістемелік пен басқа да материалдары, ұйымның техникалық даму перспективалары; жабдықтаудың жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; технологиялық жабдықтауды жоспарлы алдын ала жөндеу мен тиімді пайдалану жүйесі; ұйым жабдықтауының техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, тағайындалуы мен жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану ережелері; жөндеу жұмыстарын жоспарлау әдістері; ұйымның өнім өндірісінің негізгі технологиялық процестері; жөндеудің озық жүйелері және жөндеу жұмыстарының технологиясы; жөндеуді жүргізу сметасы, жабдықтауға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, құралдарға және т.с.с. өтініштерді құру тәртібі; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санаттағы жөндеу лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санатсыз жөндеу лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Жөндеу жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және I санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.




Стандарттау бойынша инженер



Лауазымдық міндеттері. Техникалық құжаттаманың міндетті бірыңғайлау бақылауын, стандарттардың, стандарттау мен сертификаттау бойынша техникалық шарттар мен басқа құжаттардың жаңаларының әзірлеуін және барларын қайта қарауын, оларды ұйымдарға енгізуін іске асырады, стандарттау әдістерімен өнімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өнімді сертификаттауды және мемлекеттік аттестациялауды өткізуді дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Стандарттау, нормалау және бірыңғайландыру бойынша жұмыстар жоспарының жобасына қосу үшін өнімге жаңа прогрессивті стандарттарды енгізу бойынша және ұйымдарда әзірленетін жобалардағы стандарттау мен бірыңғайландырудың жобаланатын деңгейі бойынша тапсырмаларды анықтайды. Өнімнің техникалық деңгейін, өндіріс ерекшеліктерін және стандартталған, бірыңғайландырылған бұйымдарды және олардың жеке элементтерін пайдалану нәтижелерін зерттейді, стандарттау мен бірыңғайландыру деңгейін бағалау бойынша бұйымдар жобаларының сараптауына қатысады. Ұйымда қолданылатын стандарттардың және стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттардың, оларда жүргізілетін көрсеткіштері мен нормаларының, ғылым мен техниканың осы заманғы даму деңгейіне, ішкі нарық талаптарына, экспорттық талаптарына және т.с.с. сәйкестігін орнату мақсатымен жүйелі тексерілуін іске асырады. Стандарттардың және стандарттау бойынша басқа құжаттардың өзгерістері туралы, ұйымда бекітілетін техникалық құжаттама мен сертификатталған өнімнің технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы ұсыныстарды, сонымен қатар, стандарттау бойынша тиісті бас ұйымға жіберілетін орталықтандырып әзірленген стандарттарды қайта қарастыру немесе ескіргендердің күшін жою туралы, стандарттау формаларын, әдістерін және жүйелерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды. Стандарттар жобасын дайындауға техникалық тапсырмаларды құрайды, стандарттау бойынша жұмыстарды жүргізудің экономикалық тиімділігін есептейді. Ұйым бөлімшелерімен стандарттау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, оларға стандарттар мен стандарттау, сертификаттау бойынша құжаттарды әзірлеу және қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Басқа ұйымдардан жазба пікірлерге түсетін нормативті-техникалық құжаттаманың жобаларына қорытынды дайындайды. Стандарттау мен сертификаттау саласында озық отандық және шетелдік тәжірибесін, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың стандарттарын (ұсыныстарын) зерттейді және жүйелейді. Стандарттарды насихаттауға және стандарттарды әзірлеу мен пайдалану тәжірибесімен алмасуға, көрмелерді, семинарларды, стандарттау мен сертификаттау мәселелері бойынша конференцияларды ұйымдастыруға қатысады. Ұйымда әзірленген стандарттар туралы ақпараттық материалдарды және стандарттау мен сертификаттау бойынша басқа құжаттарды, сонымен қатар, стандарттау бойынша жұмыстарды орындағаны туралы, оның ішінде стандарттарды енгізу және өнім мен қызметтердің сертификаттауын жүргізуге дайындау туралы есептерді ғылыми-техникалық ақпараттар органына ұсыну үшін дайындайды.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері, стандарттар мен стандарттау, сертификаттау бойынша құжаттарды әзірлеу, рәсімдеу, бекіту және енгізу тәртібі туралы әдістемелік материалдар; өнім мен қызметтерді стандарттау және сертификаттау мемлекеттік жүйесі; өндірістің құрылымдық дайындау жүйесі; өндірістің технологиялық дайындау жүйесі; экономикалық әрекеттер түрінің стандарттары; нормалаушылық бақылауды жүргізу, техникалық құжаттаманың стандарттау мен бірыңғайландыру деңгейін есептеу тәртібі; стандарттар мен стандарттау бойынша құжаттарды дайындауға техникалық тапсырмаларды құру әдістері; стандарттар мен стандарттау бойынша құжаттарды дайындау тәртібі; Қазақстан Республикасында өнімнің сертификаттауын жүргізу тәртібі; шығарылатын өнімнің құрылымдық мәліметтерін және оны өндіру технологиясы; стандарттарды енгізудің және өнім мен қызметтерді сертификаттау бойынша шараларын жүргізудің, стандарттау бойынша басқа құжаттардың экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесі; стандарттау мен сертификаттау саласында озық отандық пен шетелдік тәжірибесі; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы стандарттау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, II санаттағы жөндеу лауазымында жұмыс стажы кемiнде 2 жыл болуы тиіс.

II санаттағы стандарттау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, санаты жоқ стандарттау лауазымында жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы тиіс.

Стандарттау жөніндегі инженер: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажы талап етілмейді немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және I санаттағы техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.


Инженер-программист (программист)
Лауазымдық міндеттері. Математикалық үлгілерді және экономикалық және басқа міндеттерді шешу алгоритмдерін талдау негізінде алгоритмдерді орындау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бағдарламаларды әзірлейді және қойылған міндеттерге сәйкес есептеу техникасы құралдарымен оларды сынақтан өткізуді және ретке келтіруді жүргізеді. Ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша міндеттерді шешудің технологиясын әзірлейді. Деректердің алгоритмдері мен құрылымдарын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдауды жүзеге асырады. Есептеу техникасы құралдарымен өңделетін ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, макеттерін және енгізу схемаларын, өңдеуді, сақтауды және шығаруды, оны бақылау әдістерін айқындайды. Бағдарламаларды дайындау және ретке келтіру бойынша жұмысты орындайды және ретке келтіруді жүргізеді. Бағдарламалардың олардың функциялық мақсатына барынша толық сәйкес келуін қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемін және мазмұнын айқындайды. Қойылған міндеттердің талаптарымен айқындалған ретке келтірілген бағдарламаларды іске қосу және бастапқы деректерді ендіруді жүзеге асырады. Шығыс деректерін талдау негізінде әзірленген бағдарламаны түзетуді жүргізеді. Бағдарламалармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдейді. Дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін айқындайды. Ендірілген бағдарламаларға және бағдарламалық құралдарға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаның дұрыс болуын автоматты түрде тексеру жүйелерін, үлгі және стандартты бағдарламалық құралдарды әзірлейді және ендіреді, ақпарат өңдеу технологиясын жасайды. Есептеу процестерін бірегейлендіру және үлгісін жасау бойынша жұмысты орындайды. Стандартты бағдарламалардың каталогтарын және карточкаларын жасауға, машинамен өңделетін құжаттардың нысандарын әзірлеуге, есептеу техникасын қолдану саласын кеңейтуге мүмкіндік жасайтын бағдарламаларды жобалауға қатысады.

Білуге тиіс: ақпараттық технология саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер; алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу және ақпаратты өңдеу кезінде есептеу техникасын пайдалану әдістерін реттейтін нұсқаулық, әдістемелік және нормативтік материалдар құрылымдық бағдарламалаудың негізгі принциптері; бағдарламалық қамтамасыз ету түрлері; ЭЕМ техникалық-пайдалану сипаттамалары, конструкциялық ерекшеліктері, мақсаты және жұмыс режимі, оны техникалық пайдалану ережелері; ақпаратты автоматты түрде өңдеу технологиясы; техникалық ақпарат тасымалдағыштардың түрлері; ақпаратты жіктеу және код беру әдістері; формаға келтірілген бағдарламалау тілдері; қолданылып жүрген стандарттар, санау жүйелері, шифрлар және кодтар; техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі; бағдарламалаудың және есептеу техникасын пайдаланудың алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік тәжірибелері; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек туралы заңнама негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет