Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет121/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126

Техникалық редактор

Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары полиграфиялық сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен техникалық редакциялауды жүзеге асырады. Басылымды көркемдік және техникалық рәсімдеу жобасын жасауға қатысады. Басылым сипатына сәйкес қолжазбаның жасалуын нақтылайды, оның дұрыс құрылуын (бөлімдерге, бөліктерге, тарауларға және т.б. дұрыс бөлінуін) тексереді және тақырыбы мен мазмұнының сәйкестілігін тексереді. Түпнұсқаның теруге техникалық дайындығын анықтайды. Басылым түпнұсқасын белгілейді, теру техникасын, басылым суреттері мен рәсімдеу элементтерінің орналасу тәртібін көрсетеді. Күрделі басылымдардың, орналастыруы бойынша күрделі жолдарды (таблицаларды, суреттерді, оюларды) көркемдік және техникалық рәсімдеудің макеттерді дайындайды. Суреттердің авторлық түпнұсқаларын полиграфиялық туындыға жарамды түпнұсқаларын жасау үшін полиграфияда қолдану мүмкіндігін белгілеу мақсатында тексереді және олардың технологиялық дайындалу ерекшеліктерін айқындайтын. Техникалық баспа ерекшеліктерін жасайды және баспа басылымдарын полиграфиялық орындау бойынша нұсқаулардың орындалуын бақылайды. Баспа-таңбаларды тексереді және өңдейді, теру сапасын, әр жолдың және өрістердің композициясын бағалайды. Полиграфиялық ұйымдардың айрықшалықтармен белгіленген талаптарды сақтауын бақылайды, теруде жіберілген қателерді түзету және техникалық рәсімдеудегі кемшіліктер жөнінде тиісті нұсқаулар береді. Суреттердің сынамалы корректуралық баспа-таңбаларын өңдейді, оларды нөмірлеу тәртібінде жабыстырады. Редактордың мәтінді өзгерткен кезінде туындайтын бұзушылықтарын жояды, мазмұн мәтінімен салыстырып тексереді, тақырыптың дұрыс құрылуын және қаріптік рәсімделуін тексереді, жапсырмаларды белгілейді. Көркемдік редактормен бірлесіп, мұқабаны баспаға (түптеуге) дайындайды. Басылымның деректерін тексереді және толықтырады. Сигналды нұсқаларды қарайды, баспа сапасын, брошюралы-түптеп өңдеу жұмыстарын тексереді. Тиражды жасау кезінде басылымның полиграфиялық орындалуын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды. Жұмысында компьютерлік технологияларды пайдаланады.

Білуге тиіс: ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды техникалық редакциялау әдістері; кітап-журнал басылымдары үшін мәтіндік түпнұсқаларды дайындау мен белгілеудің, суреттердің түпнұсқаларды дайындау мен рәсімдеудің техникалық ережесі; техникалық басылымдық айрықшалықтар, басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жобаларын жасау тәртібі; қолжазбаларды шығаруға, баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау ережесі; басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар; типографиялық қаріптер мен оларды қолдану ережесі; басылымның көлемін есептеу тәртібі; баспалық және полиграфиялық өнімдердің өлшеудің жоспарлық-есептеу бірліктері; стандартты түзеу таңбалары мен белгілері; техникалық редакциялаудың қолданыстағы нормативтері; полиграфиялық өндіріс технологиясы; полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.





Көркемдік редактор (дизайнер)

Лауазымдық міндеттері. Басылымның жоғары сапалы полиграфиялық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көркемдік редакциялауды және суреттеуді жүзеге асырады. Басылымдарды көркемдік және техникалық рәсімдеу жобаларын әзірлеуге қатысады. Суреттердің авторлық түпнұсқаларын полиграфиялық туындыға жарамды түпнұсқаларын жасау үшін полиграфияда қолдану мүмкіндігін белгілеу мақсатында тексереді және олардың технологиялық дайындалу ерекшеліктерін айқындайтын. Техникалық баспалық айрықшалықтар үшін басылымдарды көркемдік рәсімдеу бойынша нұсқаулар дайындайды және полиграфиялық өндіріс процесінде олардың орындалуын бақылайды. Графикалық материалдар жасау үшін және көркемдік рәсімдеу бойынша басқа да жұмыстарды орындау үшін тартылатын адамдармен еңбек шарттарының (келісімшарттардың) жобаларын жасайды, олар орындаған жұмыстар бойынша есеп айырысу бойынша құжаттарды дайындауға қатысады. Басылым графикасын уақыты және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және көркемдік бейнелеу сапасы және авторлық түпнұсқаға сәйкестілігі жағынан суреттердің түпнұсқаларын тексереді. Басылым мәтінін және суреттердің сынамалы корректуралық баспа-таңбаларын өңдейді. Теру сапасын, әр жолдың және өрістердің композициясын бағалайды, теру кезінде жіберілген қателер мен көркемдік рәсімдеу кемшіліктерін жою туралы типографияға қажетті нұсқау береді. Техникалық редактормен бірлесіп, мұқабаны баспаға (түптеуге) дайындайды. Сигналды нұсқаларды тексереді және тиражды жасау кезінде басылымның полиграфиялық, орындалу талаптарын орындау жөнінде шаралар қабылдайды. Компьютерлік технологияларды пайдаланады.

Білуге тиіс: ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, ақпараттық және нормативтік материалдарды техникалық редакциялау әдістері; техникалық баспа айрықшалықтары, басылымдарды көркемдік-техникалық рәсімдеу жобаларын жасау тәртібі; суреттердің түпнұсқаларын дайындау және рәсімдеудің техникалық ережесі; басылымды көркемдік-техникалық рәсімдеу жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттар; типографиялық қаріптерді және оларды қолдану тәртібі; суреттерді редакциялық өңдеу; графикалық материалдарды дайындау әдістері мен технологиясы; полиграфиялық және рәсімдеу жұмыстарын орындауға шарттар жасау тәртібі; баспа өнімдеріне арналған көркемдік-графикалық түпнұсқаларға қойылатын бағалар; қолжазбаларды шығаруға, коректуралық баспа-таңбаларын басып шығаруға дайындау ережесі; стандартты корректуралық таңбалар; сызбаларды және суреттердің басқа да түрлерінде қолданылатын шартты белгілер; полиграфиялық өндіріс технологиясы; полиграфиялық өндірісті үнемдеу және ұйымдастыру; еңбекті ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбекті қорғау және еңбек қауііпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет