Е.Сирс-Генетикалық инженерияның тарихын тұңғыш ашқан ғалым.
Бексли, Эйвери-Колхицин әдісімен өсімдіктердің іріктемелерін алуды зерттеген.
Дәрумендер-витаминдер. («vita»-өмір).
Дәрумендерді ашқан-Н.И.Лунин (1880). Қазіргі кезде ≈20 витамин бар. Суда еритін-С,В,РР. Майда еритін-А,D,Е,К. Дәрумендер-ферменттердің түзілуіне әсер етеді.
Тәулігіне қажет мөлшері -180-200 мг. Авитаминоз-ағзада жетіспеуі; гипервмтаминоз-ағзада шамадан тыс көп болуы.
Латынша белгісі
аталуы
|
Негізгі қоры
|
Физиологиялық әсері
|
А
Ретинол
1-2 мг
|
Мал майлары, ет, балық, жұмыртқа, сүт
|
Жетіспегенде көз ауырады және бойдың өсуі баяулайды, көбеюге әсер етеді.
Ақшам (тауық) соқыр-қараңғы түскенде көрмей қалу, родопсиннің түзілуі А дәруменіне байланысты, оның жетіспеуінен пайда болатын ауру.
Қыздырғаннан кейін тез бұзылатын дәрумен.
|
Д
кальциферол
2,5мг, балаларда-12,5 мг.
|
Балық бауыры, уылдырық, семіз балық еті, сүтқоректілердің бауыры, құс, жұмыртқа.
|
Кальций мен фосфор тұздарының алмасуын реттейді. Жетіспегенде сүйектің құрамы бұзылып, мешел (рахит) ауруыпайда болады.
|
Е
токоферол
10-20 мг
|
Өсімдік майы, көкөністің жасыл жапырақтары, жұмыртқа
|
Жетіспегенде қаңқа бұлшықеттерінің бұзылуына, жыныс безінің әлсізденуіне әкеледі.
Эритроциттер қабықшасының бұзылуынан сақтайды.
|
К
Филлохинон
0,2-0,3 мг
|
Шпинат, орамжапырақ, қызан, бауыр.
Ішек микроорганизмдері түзеді.
|
Қанның ұюына әсер етеді.
Жетіспегенде қан жай ұйиды, ішек-қарында және тері астында қан кетеді.
|
Н
биотин
|
Асбұршақ, түсті орамжапырақ, саңырауқұлақ, бидай, жұмыртқа сарысы, бауыр, бүйрек, жүрек.
|
Дерматит ауруына ұшырайды.
Тері қабатын түзеді, жетіспесе ақтаңдақ пайда болып, биотин авитаминозы пайда болады.
|
С
Аскорбин қышқылы
60-100мг
|
Бұрыш, аскөк, көкжуа, қызан, орамжапырақ, картоп, лимон, құлпынай, итмұрын
|
Тіс түбі қанайтын қырқұлақ (цинга) ауруына ұшыратады.
Ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясының өтуіне қатысады.
|
РР(В3)
Никотин қышқылы
15-25 мг
|
Сиыр еті, бауыр, бүйрек, жүрек, албырт, майшабақ
|
Жасушаның тыныс алуы, зат алмасу, асқорыту мүшелерінің жұмысы, бауыр қызметіне әсер етеді.
|
В1
Тиамин
2,3 мг
|
Бидай, бұршақ, бауыр, бүйрек, жүрек.
|
Көмірсу, ақуыз, май алмасуына қатысады. Асқорыту мүшелерінің сөл бөлінуін арттырады, жүректің жұмысын жақсартады. Жетіспесе бери-бери ауруына ұшырайды, соның әсерінен жүрек, қарын жұмысы бұзылады.
|
В2
Рибофлавин
2-2,5 мг
|
Бидай, бұршақ, бауыр, бүйрек, жүрек, ет, сүт, жұмыртқа.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |