50.Нәрестенің денсаулық шектері, қауіп бағытын анықтау. ОЖЖ зақымдануына қауіп тобындағы балаларды диспансерлік бақылаудың ерекшеленген тактикасы. Біріншілік дәрігерлік патронаж бала босану үйінен шыққаннан кейін алғашқы үш күн ішінде жалпы тәжірибелік дәрігермен баланың денсаулық жағдайын амбулаторлы- емханалық кезеңде ережеге сәйкес бағалайды.
Денсаулық- бұл физикалық, рухани, әлеуметтік тұрақтылық, ауыр жеке жарақаттардың болмауы. Қоршаған ортамен байланыста болуымен (бейімделу) сипатталатын табиғи жағдай. Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуын кешенді бағалау критерийлері.
Анмнезінде ауытқулардың болуы (генеологиялық, биологиялық, әлеуметтік).
Физикалық даму денгейі және оның үйлесімділік дәрежесі.
Жүйке психикалық дамуы және үйлесімділік дәрежесі
Ағзалар мен жүйелердің функциялық жағдайлары
Ағзаның реактивтілігі
Туа біткен даму ақауларының болуы
Балалардың денсаулық жағдайы мен дамуының кешенді бағалау құрылымы:
Балалар денсаулық жағдайы мен дамуының негізгі критерийлер бойынша зерттеу.
Балалар денсаулық жағдайының деңгейін(тобын) анықтау қорытындысы.
Медико-педагогикалық ұсыныстарды тағайындау
Есепке алу медициналық құжатнамасын (документациясын) толтыру.(ф №112/y №26/y)
Денсаулық топтары(деңгейлері)
І-топ – абсолютті дені сау балалар (дамуы мен қызмет деңгейі қалыпты, яғни барлық 6 негізгі критерийі бойынша ауытқулардың болмауы).
ІІ-топ – дені сау, бірақ функциональді және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сонымен қатар жедел және созылмалы ауруларға қарсы тұру мүмкіншілігі төмен балалар.
ІІІ- топ – компенсация жағдайындағы созылмалы ауруы бар, ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, субкомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі сақталған балалар, декомпенсация жағдайындағы ағзаның функциональді мүмкіншілігі айтарлықтай төмендеген.
Жаңа туған баланың денсаулық жағдайын толық және дұрыс бағалау үшін учаскелік ЖТД перзентханадан шыққандағы көшірме-парағымен толық танысып сараптайды, анамнез мәліметтері, жүктілік ағымы, босану сипаты, Апгар шкаласымен бағалау, өмірінің алғашқы күндеріндегі баланың жағдайы мен икемі, кіндік жарасының түсу мерзімі;максималды дене салмағын жоғалту, бұл жоғалту қай күннен бастап қалпына келе бастады; қандай шекаралық жағдай көріне бастады: гормональді криз, токсикалық эритема, физиологиялық эритема(дәрежесі, ұзақтығы), іріңді инфекциялық орналасу реті, нәрестені нешінші күннен бестап емізгенін, қалай емгенін; В гепатиті және туберкулез екпелері туралы мәліметтері; диагноз қою, денсаулық тобын және қауіп тобын анықтау, келесі медико- педагогикалық ұсыныстарды тағайындау. Жаңа туған балаларды диспансерлік бақылауға алу және және әрі қарай учаскіде екшеулеу, яғни ең басты қауіп факторларын белгілей отырып (үлкен ұрық..., жүкті әйелдің анемиясы..., анасының экстрагениатльді патологиясы..., анасының созылмалы генитальді аурулары, туысқандарының аллергиялық жағдайлары, отбасының тұрмыстық-үй жағдайының төмен болуы, жаңа туылған баланың ауруының туындауына немесе денсаулық жағдайында ауытқулардың дамуын тудыратын, яғни қауіпке бағыттау:ОЖЖ-ң патологиясы, анемия, дистрофия, жатырішілік инфицирлеу, аллергиялық аурулар, әлеуметтік қауіп топтары.
Мидың зақымдануы мүгедектіктің ең жиі себебі болуына байланысты,ОЖЖ зақымдану қаупі бар баларды диспансеризациялау Қажеттілігін көрсетеді. Құрсақ ішілік, босану кезінде немесе өмірінің алғашқы күндері қандайда болсын ауру (күй) және перзентханадан шыққан соң денсаулығында әртүрлі ауытқулар болған болса, бұндай балалар қауіп топтарына жатқызылады. Мұндай балдарға асфиксияны бастан өткізген, ОЖЖ-ның босану кезіндегі жарақатын алған нәрестенің гемолитикалық ауруы, тума гипотрофия, шала туылғандар, егіз балдар жатқызылады.
Жүйке жүйесі ауруларының дамуында жоғарғы қауіп топтарынан мынандай факторларды бөліп қарастыруға болады: -асфиксия, яғни тынс алу бұзылысы, өмірінің бірінші минутында немесе туылған соң бірінші минутта тыныс алудың тоқатауы.
-өкпенің жасанды вентиляциясы өткізілген реанимация.
-нерестелік , яғни өмірінің алғашқы 28 күніндегі ауыр жағдай.
-ОЖЖ функциясының бұзылысы.
-Өмірінің алғашқы аптасында құрысу синдромының дамуы.
-бас миын зерттеу кезінде киста табылуы және оның бас миын ошақтық зақымдуы.
ОЖЖ-нің зақымдану қаупі бар баларды диспансерлік бақылаудағы міндеттер:
-ОЖЖ-нің зақымдануына алып келетін қауіп факторын дәл анықтау.
-өмірінің алғашқы кезеңдерінде баланың дамуы мен өсуіндегі қалыс қалуларды ерте анықтау.
-Ерте және үлкен жастағы балаларды нерв-психикалық дамуының адекватты және дұрыс дамуын қадағалау, неврологиялық аурулардығ дамуын алдын алу, нерв жүйесінің ауруына алып келетін күйді анықтау.
-мүгедектікті алдын алу, аурушаңдықты азайту, қайта қалпына келу программасын невролог маманмен уақытылы қадағалап отыру.
Диспансерлік бақылау схемасы ВОП учаскелік поликлиникаларда құрастырылып жүргізіледі. Егер ОЖЖ-де минимальды бұзылыстар анықталатын болса, оны балалар неврологына консультациясына жібереді.
Біріншілік қарау кезінде жцне неврологиялық ауруға күмән болатын болса, маман қажетті зерттеулерді жүргізеді: УДЗ-лық нейросонография, Электроэнцефалография, Электромиография, реоэнцефалография, Эхоэнцефалоскопия.
Неврологиялық патология кейін тағайындалған реабилитациялық іш-шаралармен активті емделеді, негізгі аурудың асқынуын алдын алу мақсатында.
Көрсетіліммен бірге баланың психоневрологиялық птологиясы болса арнайы үй интернатына жіберу сұрақтары қарастырылады.
Еске сақтау керек жағдай, дұрыс дамып келе жтқан бала организмінің өзіне кейбір физикалық немесе химиялық фактор әсерлері , бұл нәрестеге ерекше күтім қажет етеді, қосымша зерттеу әдістерін тағайындау және күнтізбеге сай алдын алу екпелерді алып отыру қажет.