Анықтауыштар және олардың қасиеттері



бет2/9
Дата13.09.2022
өлшемі0,67 Mb.
#149403
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ақылбек Ұлас, Мустафина Сабина

Тақырыптың өзектілігі. Біріншіден, жоба тақырыбы алгебра курсында мектеп оқушыларымен біліп, үйренген қасиеттердің тереңдетілген түрі болып саналады. Екіншіден, олимпиадаларда кездесетін күрделі есептердің тиімді жолмен шешімін алуға жағдай жасайды. Үшіншіден, сызықтық теңдеулер жүйесін анықтауыштар арқылы шешімін табу тәжірибесі логикалық мәдениетін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ал қазіргі таңда, еліміздің білім саласындағы реформаларға байланысты – оқушылардың ойлау қабілеті, функционалдық, математикалық сауаттылығын арттыру – ең басты мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты: екінші, үшінші және төртінші ретті анықтауыштарды есептеу тәсілдерін меңгеріп, сызықтық теңдеулер жүйелерінің шешімін табуда қолдануды үйрену.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Келесі мәселелер бойынша теориялық материалды жүйелеу
а) екінші, үшінші және төртінші ретті анықтауыштар, есептеу тәсілдері;
ә)анықтауыштар әдістерін сызықтық теңдеулер жүйесін шешімін табуға қолдану.
2. Келесі есептерді шешу дағдыларын меңгеру:
а) 2, 3 және 4 ретті анықтауыштар;
ә) 2, 3 және 4 айнымалылардан тұратын сызықтық теңдеулер жүйелерін;
б) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі коэффициенттеріне байланысты жүйенің шешімін анықтау.
Зерттеу гипотезасы: бұл жоба жоғары математика элементтерін құрал ретінде мектеп курсындағы теңдеулер жүйесімен байланысты есептерді шығаруға мүмкіндік береді.
Зерттеу процедурасының кезеңдері:

  • Диагностикалық – әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу мәселесін анықтау, өзектілігін белгілеу.

  • Болжамдық: зерттеудің моделін құру.

  • Ұйымдастырушылық: жоспар құру, ақпаратты жинау және талдау, тәлім алу, жұмысты даярлау.

Зерттеудің әдістері: математикалық модельдеу – сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімін табуға анықтауыштар теориясының негізінде шешімдер моделін құру.
Зерттеу жаңалығы: анықтауыштарды математикалық модель ретінде қолдану – сызықтық теңдеулер жүйесін тиімді жолдармен шешуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет