«Өрмекші» әдісі - Оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
«Эссе» немесе «Еркін әнгіме» әдісі- Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлемен қағаз бетіне түсіреді. Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі. Соңынан сол критерийге сәйкес екендігі туралы кері байланыс жасауға болады.
«Қар кесегі»- Әрбір топ окушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.