Әңгімелесу әдісі – жаңа материалды түсіндіругекірісу мақсатында да, қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды түсіндіру мақсатында да ұйымдастырылады.
Біріккен сабақ – аралас сабақтың ықшамдалған, жетілген сөзі.
Грамматикалық пауза – қазақ тіліне арналған мәтіндегі синтаксистік категориялар мен пунктуацияға байланысты қойылатын паузалар.
Диалог –гректің бірнеше және сөз, яғни бірнеше кісінің сөйлесуі дегенді аңғартады.
Дидактика – білім беру мен оқыту теориясы деген ұғымды білдіреді.
Дедукция - латын сөзі, жалпылық деген мағынаны білдіреді.
Индукция – латын сөзі, даралық дегенді аңғартады.