Анкета сауалдама сұрақтардың тізімі жазылған пікір анықтау парағы. Әкімшілік мектеп өндірісті рационализациялауға бағытталған басқарудың ең тиімді принциптерін құруға талпынған мектеп. Бұл мектептің негізгі ережелері А


- Тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары



бет4/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,24 Mb.
#37988
түріАнкета
1   2   3   4

9- Тақырып. Маркетингтің теориялық негіздері және тұжырымдамалары

1. Маркетинг түсінігі және мәні.

2. Маркетингтің даму кезеңдері.

3. Маркетингтің негізгі қағидалары.


Маркетинг (ағылшын тілінен аударғанда "market"- "нарық")- бұл кәсіпорынның өнімді өндіру және өткізу, ғылыми-техникалық әрекеттерін басқару. Маркетинг мақсаты – сұраныстарды қалыптастыру және ынталандыру (ФОССТИС)., фирма жұмысының жоспарлары мен басқару шешімдерін қабылдау, сондай-ақ өнім көлемін ұлғайту.

Маркетинг шартты түрде «нарықтық іс-әреект», «нарықты жаулап алу» деп аударылады.

Маркетинг теориясы АҚШ-та 20-ғасырда тауарды өткізу мәселесімен туындады. Маркетингтің қалыптаск кезеңіне тоқталсақ:

1860-1930 ж.ж. – «Тауарлық бейімделу», мұнда тауар өндірушілер тауардың сапасын жақсартқанмен, тұтынушылардың қажеттіліктері толық ескерілмеді.

1930-1950 ж.ж. – «Өткізуге бейімделу» -фирманың негізгі көрсеткіштеріне негізделген ұзақ мерзімді жоспарына қарай тауарды неғұрлым көп өткізу үшін жарнамаға сүйену.

1950-1960 ж.ж. «Нарықтық бейімделу» -тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеп, өнімнің жақсы өтуі үшін сапалы тауар шығаруға тырысады. Маркетинг бөлімдері пайда болды. Оның негізгі қызметтері: стратегиялық жоспарлау, болжау, нарықтық ақпараттарды жинау, өңдеу пайда болды.

1960 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Маркетингтік басқару», яғни бағдарламалық басқару, сұранысты қалыптастыру және ынталандырудың барлық әдістері кешенді қолданылады. Жаңа тауарларды шығаруға негізделген.

Маркетинг нарық талаптары мен шарттарына толығымен бағынуы керек. Өйткені ол экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, және әлеуметтік факторлармен ұштасып жатады.

Маркетингтің негізгі қағидалары:


  1. Сатып алушылардың негізгі қажеттіліктерін, сұраныстарын, нарық жағдайы мен фирманың мүмкіндігін толық білу

  2. Тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандырып, нақты мәселелерінің шешілуіне үлес қосу

  3. Өнім мен қызметтің тиімділігін жүзеге асыру

  4. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді пайдалылығын сақтау мақсатында ғылыми-техникалық ізденістер арқылы жаңа тауарларды шығару

  5. Өзгермелі талаптарға белсенді икемле алу. Сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға әсер ете алу.

Әдебиеттер:

1.Романов А.Н., Маркетинг М:ЮНИТИ, 1996с. 13-17.

2.Уткин Э.А., Маркетинг. М: 1998с. 3-13.



10-тақырып. Маркетингтің мәні және мазмұны
1. Маркетинг тің негізгі қызметтері.

2. Маркетинг кешенінің түсінігі.


Маркетингтік әрекеттердің атқаратын қызметтері:

1. Нарықты зерттеу;

2. Кәсіпорынның өндіру-өткізу мүмкіндіктерін анықтау 3.срставление программы маркетинга;

4. Тауарлық саясат жүргізу

5. Баға саясатын қолдану

6. Өткізу саясаты (дистрибуция);

7. Байланыс саясаты (фосстис);

8. Маркетингті ұйымдастыру

9. Тиімділікті бағалау және бақылау


  1. Нарықты кешенді зерттеу:

Маркетинг ортанысн зерттеу, нарық пен конъюнктураны талдау, тауардың тұтыну қасиеттерін талдау, бәсекелес фирмаларды талдау, өткізу әдістері мен түрлерін талдау, тұтынушыларды зерттеу

  1. Кәсіпорынның өндіру-өткізу мүмкіндіктерін талдау, сәйкесінше нарық талаптары мен шартарына сай нарықты мақсатты сегменттеу,

  2. Бағдарламаның маркетингтік стратегиясын жасау. Кәсіпорынның өндіру-өткізу әекеттерінің көрсеткіштеріне сай оперативті жоспар, тактикалық жопар және стратегиялық жоспар құру

  3. Тауарлық саясат жүргізу. Өнімнің тұтыну қасиетттерін, жаңа тауарлар мен ассортимент түрлерін көбейтуге бағытталады.

  4. Баға саясатын қалыптастыру. Нақты сегменттерге қатысты кей тауарларыдң бағасының ауытқуын анықтау.

6. Өткізу саясаты (дистрибуция), яғни тауарды өткізу каналдарын қалыптастыру және зерттеу.

формирование каналов сбыта товаров.

7. Байланыс саясаты (фосстис), тауарды нарыққа шығыру және нарықтағы орнын анықтау (жарнама, насихаттау, жекелей өткізу, өтуін ынталандыру және т.б. шаралар.)

8. Маркетингті ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндіру-өткізу әрекетін басқаратын нақты бөлім құру.

9. Тиімділікті бағалау және бақылау. Бұл маркетингтік жұмыстың барлық кезеңінде болуы тиіс.

Маркетинг кешені – бұл маркетинг жүйесіндегі негізгі ұғымның бірі. Бұл Мақсатты нарықтағы тұтынушылардың тауарды сатып алуғв деген қызығушылығын тудыруға негіщделген барлық шаралар жиынтығы. Мұндағы көптеген мүмкіндіктерді төрт негізгі топқа жарып көрсетуге болады. Олар: тауар, баға, сату орны, сатуды ынталандыру. Маркетинг кешенін көбіне «4Р» деп атайды, яғни (product. price. place. promotion.) жоғарыда аталғандардың ағылшынша атауының бас әрпімен байланысты аталған.

Осы «4Р» кешенінің маңыздылығын ескере отырып, жалпы маркетингтік стратегичяның шеңберінде барлық шаралар жүзеге асырылады.
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, Москва: ЮНИТИ, 1996. С. 18-31

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы, 1999. С. 32-36


11-тақырып. Маркетингтің қоршаған ортасы.

1. Маркетинг ортасының түсінігі

2. Микроорта және оның негізгі факторлары.

3. Макроорта және оның негізгі факторлары.

4. Бақыланатын және бақыланбайтын факторлар.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді байланыс орнатып, оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.

Маркетинг ортасын зерттеу барысында ол орта келесі түрлеріне бөлінеді: макроорта және микроорта. Макрорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай жасайды. Макроортаның негізгі факторлары:

Демографиялық фактор (тұрғындардың саны, аумаққа қарай орналасуы, халық тығыздығы, миграциялық бағыттары, өсім құрылымы, тууы, өлуі, неке және ажырасу саны).

Экономикалық фактор (тұрғындардың сатып алу қабілеті, инфляция деңгейі, мемлекеттің қаржы қаражат жағдайы, жалпы шаруашылық коньюктурасы, салық жүйесі).

Табиғи фактор (энергоресурстары мен шикізат көздерін пайдалану жағдайы және болашағы, қоршаған ортаның ластану деңгейі мен ресурстарды тұтыну интенсивтілігіне мемлекет ұйымдарының әсері).

Ғылыми-техникалық фактор (шектес және бақылауға алынған салалардағы технологиялық өзгерістердің қарқыны, фирманың және оның бәсекелестерінің инновациялық әлеуеті).

Саяси-құқық фактор (кәсіпкерлікті реттеудің құқықтық жағынан жағдайы, мемлекеттің экономикалық саясаты, сыртқы саясаттың нарығының дамуына әсері).

Мәдени фактор (тұтынушылар бірлестіктерінің мәдени ерекшеліктері мен дәстүі, мәдениет түрлері).

Микроорта фирмаға және оның клиенттеріне, қызмет көрсету мүмкіндіктеріне тікелей қатынасы бар күштермен белгіленеді. Микроотаның субъектілері:

Жабдықтаушылар дегеніміз фирманы және оның бәсекелестерін тауарды өндіру үдерісіне қажет материалдық ресурстармен жабдықтайтын іскер компаниялары мен жеке тұлғалар.

Маркетинг делдалдары фирманың тауарларын клиенттерге қарай жылжытуға, оларға өткізуге және таратуғаа көмектесетін әдетте арнайы компаниялар мамандары.

Бәсекелестер дегеніміз бір типті тауарларды рынокта ұсынатын өзара бәсекеге түскен компаниялары болып табылады.

Клиенттер тауарды тұтыну үшін сатып алушыларды айтады.
Тақырып 12. Нарықты сегменттеу


  1. Сегменттеудің түсінігі.

  2. Сегменттеудің негізгі белгілері.

  3. Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау.

  4. Тауарды нарықта жайғастыру

  5. Нарық және конъюктура.

Маркетинг тұрғысынан қарағанда нарықтар бір-біріне ұқсамайтын, әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әртүрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне осы нарықты сегменттеудің гнегізі болады.

Сонымен нарықты сегменттеу дегеніміз рыноктағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауарлар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады. Маркетинг іс-тәжірибесінде рынокты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:

Тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажетін қанағаттандыру деңгейін максималды дәрежеге жеткізеді;

Фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындары ұтымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді;

Тауардың, фирманың бәсекелік қабілетін жоғарылатуға қатысады.

Тұтыну тауарлар рыногын сегменттеуде мынандай негіздер алынады: география, демография, психография, тұтынушылардың құлығына қарай.


  1. география негізінде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климаттық жағдайына байланысты бөледі.

  2. демография негізінде рынокты сегменттеу принципі де өте жиі қолданылатындарға жатады. Оның сипаттамаларының оңай қолға түсуімен, уақыт жағынан тұрқтылығымен, сұраныспен тығыз байланыстылығымен ерекшеленеді.

  3. психографиялық негізде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді.

  4. тұтынушылардың қулығына қарай рынокты сегменттеу, көптеген мамандардың пікірі бойынша, рынок сегментін құрудағы логикалық негізі болып табылады.

Нарықтың нысаналы сегменттерін таңдау дегеніміз – ол нарықтың бір немесе бірнеше сегментіне фирма өзінің тауарымен шығу үшін сол сегменттерді бағалап, таңдап алу болады. Нарықты игеруде 3 стратегия қолданылады:

  1. дифференциалданбаған маркетинг. Мұнда тұтынушылардың мұқтаждарын айырмай, олардың ортақ мұқтажы белгіленеді.

  2. дифференциалданған маркетинг. Мұнда фирма нарықтың бірнеше сегментіне шығып, әрқайсысына жеке ұсыныс дайындайды.

  3. шоғырланған маркетинг. Бұл стратегия ресурстары шектеулі кәсіпорындарда қоланылады.

Фирма қайсы сегментке тауарымен шығуын шешкеннен соң, оған қалай енуін анықтайды. Сондықтан, фирма бәсекелестердің жайғасымын, дәлірек айтқанда, олардың сол нарықтағы үлесін анықтап алғаннан кейін, өзінің тауарын жайғастыруы тиіс.

Нарықта тауарды жайғастыру дегеніміз нарықтағы тауардың бәсекелік орнын қамтамасыз ету және оған сәйкес келетін маркетинг кешенін дайындау болады.


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.



Тақырып 13. Тауар және тауар саясаты
1. Тауардың жалпы сипаты.

2. Тауардың жіктелуі.

3. Тауардың өмірлік циклі (ТӨЦ)

4. Тауар саясатының міндеттері.


Тауар дегеніміз нарық жүйесіндегі негізгі әрекет етуші «тұлға» десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Экономика теориясында тауар экономикалық категория ретінде белгіленген. Нарықта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар нарығындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар жіктеліп қарастырылады. Тауарлар бөлінеді:

Дәстүрлі тауарлар:

  • Тұтыну тауарлары

  • өнеркәсіп тауарлары

  • биржа тауарлары

Қызметтер түріндегі тауарлар:

  • тұрмыс қызметтері

  • іскерлік қызметтері

  • әлеуметтік қызметтері

Дәстүрлі емес тауарлар:

  • ұйымдар

  • адам күші

  • орындар

  • идеялар

Тұтыну тауарлары – түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған тауарлар. тұтыну уақытына қарай олар ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар, қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар деп бөлінеді. Ал тұтыну әдістеріне қарай күнделікті сұраныстағы тауарлар (үздіксіз сұраныстағы тауарлар, импульстық тауарлар, төтенше сұраныс тауарлары), алдын ала таңдалып, сатып алу жоспарына енгізілген тауарлар, ерекше сұраныстағы тауарлар, пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Өнеркәсіп тауарлары өз ішінде материалдар мен бөлшектер, шикізат, жартылай фабрикаттар, күрделі мүлік, қосалқы материалдар тауарлары деп бөлінеді.

Биржа тауарлары – дүниежүзілік экономикада маңызды роль атқаратын, оңай стандартталатын тауарлардың шағын тобы. Оған жататындар: энергия көзі болатын тауарлар, азық-түлік тауарлар, стратегиялық тауарлар, металдар.

Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі немесе тауардың өмірлік циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Тауардың өміршеңдік кезеңі 4 фазадан тұрады: нарыққа енгізу, өсу, кемеліне жету, құлдырау.


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып -14. Баға саясаты

  1. Нарық жағдайындағы баға

  2. Бағаның негізгі қызметтері

  3. Нарықтың құрылымы және баға жасау

  4. Баға жасаудың міндеттері

Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Құнмен бірге сұраныс пен ұсыныс бағаға өз әсерін тигізеді. Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын 5 қызметі белгілі:



  1. Есеп жүргізі қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығынды керек ететінін көрсетеді.

  2. Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады.

  3. Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен, немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды.

  4. Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы арақатынасына баға күшті ықпал тигізеді.

  5. Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі.

Баға белгілеу ісіқиын және көпсатылы үдерісі болады. оны жалпы алғанда қысқаша былай сипаттауға болады;

бағаны жасау мақсатын анықтау

сұранысты анықтау

шығындарды бағалау

ұсынысты, бәсекелестердің бағаларын және тауарларын талдау

баға құру әдісін таңдау

түпкілікті бағаны белгілеу.

Фирма түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін одан кейін маркетингті ортаның факторларына қарай анықтайды.


Әдебиеттер:

  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 292-305б

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 166-176б.

3. Уткин Э.А. Маркетинг. М., 1998 146-222б.


Тақырып -15.Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы


  1. Өнімді өткізудің мәні

  2. Тарату арналары және оның қызметтері

  3. Делдалдарды таңдау.

Маркетинг алдына қойылатын талаптары тұтынушылардың қажеттерін қанағаттандыратын жоғары сапалы тауар өндірумен және сол тауарды тұтынушыға жеткізіп, оған оны өткізу қажет. өндірілген тауарды тиімді өткізуді қамтамасыз ету үшін фирма шаралар кешенін жүргізеді. өткізудің негізгі түрлерін және әдістерін зерттеп жетілдіру барысында түпкі тұтынушыға тауарды болашағы мол жылжыту әдістерін табуға және тиімді бөлшек сауда ұйымдастыруға көмектеседі.

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз – ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы. Өткізу арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Өткізу арналары көптеген қызметтер атқарады: өндірілген өнімді тарату және өткізу қызметтің өндіріс үдерісіне қажет шикізат және материалдар сатып алу қызметін, маркетингті зерттеулер жүргізу, тауарды сорттау және орау жұмыстарын, тауарды қоймалау және сақтау жұмыстарын, тауарды тұтынушыға жеткізу қызметін, тауарды тұтынушыға қарай тезірек және тиімді жылжытуды ынталандыру саясатын жүргізу қызметін, тауар сатылғаннан кейін тұтынушыға кейін тұтынушыға қызмет көрсету жұмыстарын және т.б.

Тауарды өткізу стратегиялары:


  • Қарқынды өткізу

  • Іріктеу стратегиясы

  • Эксклюзивті өткізу.

Өткізу стратегиясын жетілдіру және жүзеге асыру үшін мына сұрақтарды шешуді қажет етеді:

өткізку арнасын дәл таңдап белгілеу

оңтайлы өткізу әдісін таңдау

делдалдарды дұрыс таңдау және олармен ұтымды жұмыс жасау түрін анықтау

сервис қызметін тартымды және тиімді ұйымдастыру.
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


Тақырып -16. Маркетингілік жоспарлау және бақылау


  1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және түсінігі.

  2. Стратегиялық маркетингті құрастыру үлгілері

  3. Маркетингілік жоспарлау

  4. Маркетингілік басқару

Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Ал шындығына келетін болсақ тәжірибе көрсетіп отырғанындай келешекке арналған жоспарлау көптеген жесіс береді. Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсаты мен әлуетті мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті келтіруді және оны қолдауды басқару үшін жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау:



  1. Ұйым жұмысының бағытын анықтауға және маркетинг зерттеулері құрылымын, тұтынушыларды зерттеу және өнімді жоспарлау үдерісін жақсы игеруге мүмкіндік береді;

  2. Фирманың жалпы мақсаты мен оның бөлімшелерінің міндеттерін дұрыс үйлестіруді қамтамасыз етеді;

  3. Фирманың және бәсекелестердің мықты және әлсіз жақтарын бағалауға мүмкіндік береді;

  4. Қолдана алатын баламалы әрекеттерді анықтауға жағдай жасайды;

  5. Фирма қорларын дұрыс бөліп пайдалануға негіз жасайды.

Ғалымдар мен арнайы кеңесші компаниялар стратегиялық жоспарлауда қолданылатын неше түрлі тиімді стратегияларын ұсынған. Бұл үлгілерді қолдана отырып фирма өзінің мүмкіндіктерін, тауарын және әрекетін бағалай алады. Бұл үлгіде нарық пен тауарды жаңартуға байланысты стратегиялары жасалынады. Үлгіні американдық ғалым и. Ансофф ұсынған. Оған «тауар-нарық» қалыптамасы деген ат қойылған еді.

«Бостон консалтинг тобы» қалыптамасын АҚШ-та Массачусетс штатындағы Бостон қаласындағы кеңес беруші тобы ұсынған. Бұл қалыптамасы тауар көлемін нарық үлесі мен маланың өсу қарқынына сәйкес белгілеуді ұсынады. Қалыптама негізінде қандай тауардың бәсекелестрдікіне қарағанда артықшылығы бар екенін және нарық серпінін анықтауға болады.




«Жұлдыздар»


«Тентек балалар»


«Сауынды сиыр»


«Қуылатын иттер»


Бұл Бостон консалтинг тобы қалыптамасы

Маркетинг мақсатына жету үшін маркетинг іс-әрекеттердің барысы бақылануы керек. Маркетингті бақылаудың 3 негізгі түрі анықталған. Олар мыналар:


  1. жылдық жоспардың орындалуын бақылау

  2. пайда деңгейін бақылау

  3. стратегиялық бақылау

Жылдық жоспардың орындалуын бақылау фирманың жылдық нәтижелері жоспармен салыстырылады. Пайда деңгейін бақылау 3 сатыға сәйкес жүргізіледі:

Маркетинг іс-әрекетін жүргізу үшін қажет шығындарды анықтау

Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу үшін бөлінген шығындармен оның құрамдас бөлшектерінің байланысын анықтау.

Маркетинг іс-әрекеттерінің әр бөлігінің пайдалы немесе шығынды деңгей есептерін жүргізу.

Фирмалар әрдайым маркетинг іс-әрекеттерінің тиімділігін зерттеулері қажет.
Әдебиеттер:

1.Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 332-336б.

2.Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 245-262б.

3. СӨЖ және СОӨЖ
СӨЖ-1


  1. Эссе: «Менеджмен арнайы қызмет түрі ме, әлде онымен «қоғамдық бастама» ретінде айналысу керек пе»?

Орындау барысында менеджменттің маңыздылығын үш түрлі көзқарас тұрғысынан, яғни ғылым, өнер, тәртіп немесе пән арқылы қарастыру қажет. Өз ойыңызды А4 қағазына 1-2 бетке түсіруіңізге болады.

СӨЖ-2 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Кәсіпорында мүдірлер Кеңесі және Бас мүдірі бар. Соңғыға А, Б, В өндірістік бөлімшелері бағынады. Бас мүдірінде және бөлімшелердің әрқайсысында өзінің басқару аппараты (штаб) бар. Ұйымды басқару құрылымын құрыныз және типін анықтаныз.


Тапсырма 2.

Кәсіпорын басшылығы басқа қалада бөлімшені ашу туралы шешімге келді.Жаңа құрылытын ұйым қалыпты жұмыс істеу үшін басшылық қандай сұрақтарды ойластыру қажет?


Тапсырма 3.

Кәсіпорында сыртқы орта және тәртібімен байланысты маңызды ұйымдастырушылық қайта құру басталды. Бұл қайта құру көптеген қызметкерлердің қызығушылығына әсеретеді. Ұйымда оңтайлы өзгерістерді жүргізу үшін Сіз не істейсіз?


СӨЖ-3

1. Қазіргі менеджменттің қалыптасу жағдайын талдау



СОӨЖ-3

1. Менеджмент теормясының жағымды және жағымсыз жақтары



СӨЖ-4 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Велосипеттерді шығаратын кәсіпорында келесі көрсеткіштерге жету үшін келесі міндеттер қойылды:

А) қазіргі кезде шығарылатын өнімнің бірінші жылына 10%, екінші – 30%, үшінші – 40%, төртінші – 50%, бесінші – 70% - ке өнім шығарыуын кеңейту;

Б) бірінші жылда 5%, үшінші жылдың аяғына 12%, ал 5 жылдан кейін 18% капитал айналымын ұлғаю;

В) бірінші жылда – 8%, екінші – 12%, үшінші – 15%, төртінші -18%, бесінші – 71% станок саябағын жаңарту

Ұйымның қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарына анықтама беріп, оларды анықтандар.


Тапсырма 2.

Фирма үш жылдың ішінде өнім шығарылуын 15% арттырып, еңбек өнімділігін 20% көтеруге; басқа қаланың нарығында өз позициясын 8% кеңейтуін болжайды. Сонымен бірге шикізат жабдықтаушы ретіндегі әріптестерде пайда 8%, ал делдалдарда - 15% жоғарлайды.

Ішкі және сыртқы мақсаттарға анықтам а берініз Айтылып кеткен мақсаттарының ішінде қайсысы ішкі, қайсысы сыртқы болатының анықтаныз

Тапсырма 3.

Сіз әйелдер және еркектердің сыртқы киімді өндіретін кәсіпорынды ашасыз. Өз назарынызды жағары сапалы және қымбат бағалы тондарды және дубленкаларды шығаруды жоспарлайсыз. Кәсіпорыныздың негізгі кредосы бай сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың сауалдары мен тілектерін есептеу. Осы мәселені шешу үшін фирма ең жықсы тігін машиналарды сатып алды, жоғары мамандырылған мамандарды жалдады, жоғары сапалы және қымбат теріілерді әкелуге келісім-шартқа қол қойды.

Кәсіпорыныздың миссиясын анықтаныз және оны дәлелденіз.
Тапсырма 4.

«Гамма» фирмасы үтіктерді өндіруді кеңейтеміз деген шешімге келді. Сол үшін оған жаңа жабдықтарды сатып алу, цехтарды қайта жабдықтау, қйойма жайларын кеңейту және т.б. қажет болды. Үтіктерді өндіруді кеңейту үшін қажатті ұйымның мақсатты қойылымдарды сипаттаныз.



СӨЖ бақылау тапсырмалары
1-тапсырма. «Мен бүгінгі күні бойы қатты жұмыс істедім»

Көбіне жұмыс сөңында менеджерлер «Мен бүгін қатты жұмыс істедім, бірақ атқарам деген жұмыстарымның көбі орындалусыз қалды» деген сөздерді жиі айтады. Сөйте тұра келесідей себептердің тізімін айта бастайды:



  1. Жиналыстардың дайындықсыз өтуі;

  2. телефонның маза бермеуі;

  3. жауапкершіліктің жалпыға бірдей бөлінбеуі;

  4. өзгешеліктердің жоқтығы;

  5. ұзаққа созып алу тактикасы;

  6. «жоқ» деп айта алмау себебі;

  7. істі соңына дейін бітіре алмау;

  8. басқалар тарапынан болған кедергілер;

  9. оқуға берілген тапсырмалардың өте көптігі және т.б..


Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. Берілген міндеттерді орындауға тағы қандай себептер кедергі болуы мүмкін?

  2. Өз жоспарыңызды күнделікті уақытында еш зорығусыз орындап отыру үшін не істеу қажет?

Келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер:

  1. қызметкерлерге тиімді әсер етудің қай тәсілі дұрыс деп ойлайсыздар? Көндіру ме, әлде мінжеттеп жүктеу ме?

  2. Сіздің көрсетер үлгіңіз қандай?

  3. Фириада істейтін адамдардың жұмысын тиімді етуге қосатын қандай жаңа ұсыныстарыңыз бар?

СОӨЖ-5

1. «Маған, қандай ынталандыру әдістерін қолданған жөн» тақырыбында эссе жасып келу.

Әдебиеттер::

1. Ахметов Қ.Ғ. Мнеджменттің негіздері (Оқу құралы), А.: «Білім», 4-17б



2. Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. Учебник для экон. спец. вузов М.: Высш. школа, 1994г

3.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. Учебник, Минск: ВГЭУ, 1996г.

4. Мэскон М., Альберт М.. Хедоури Ф. Основы менеджмента. М.: «Дело», 1993г.

СӨЖ-6. бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1.

Менеджермен әрқашанда коммерциялық келісімдерде пайдаланылатын көп мөлшерде әрүрлі мәліметтер болады: тауар бағалары, заңдылық баптар, сөз айналысы жғне т.б.

"Есте сақтау жәшігін" қарыңыз. Бұны жасаудың ењ қарапайым түрі болып аяқ киім салатын қорапшаны алуға болады. Оны төрт картондық бөлме ішіндегі қоршаулармен бес бөлме жасаңыз.

Сізге карточкалар керек ол пошталық ашық хат көлеміндей болу керек. Карточканыњ бір жағына сұрақ жазып қою керек, ал екінші жағына сізбен есте сақтағаныңыз келген жауапты жазып қою керек. Жауапты жғне сұрақты оқыңыз. Карточкаларды сұрақ жазылған жақпен жәшіктің бірінші бөлмесінде орналастырыңыз.

Бірнеше күн өткен соң карточкаларды кезекпен алып, сұрақтарды оқып, оларға жауап беруге тырысыңыз. Сіз дұрыс жауап бергенін тексеріңіз. Егер сіздің жауабыңыз дұрыс болса, карточкаңызды екінші бөлмеге орналастырыңыз. Егер жауап қате болса, карточка бірінші бөлмеде қалады.

Сіздің мақсатыңыз - карточкаларды бесінші бөлмеге орналастыру. Төрт рет дұрыс жауап берген сұрағыңыз сіздің басыңызда тұрақты қалады. Егер сіз төртінші немесе бешінші бөлмеде болған карточкаға қате жауап берген болсаңыз, оны бірінші бөлмеге қойып қайтадан жаттау қажет.

"Есте сақтау жәшігін" пайдалану тәжірибесінде тиімді және тиімсіздігі қандай сұрағына жауап беріңіз? Берілген тәжірибені сіз қалай жетілдіру жолын ұсынар едіңіз.

СӨЖ-7. бақылау тапсырмалары

Іскерлі ойын “КЕЛ СӨЙЛЕСЕЙІК!”

Мақсаты: Ресми емес жағдайда адамдар қалай тез танысатынын көрсету

Шаралары:


  • Біз бір топта жұмыс істесек те біздің әріптестер туралы аз білетінімізді топқа хабарлаңыз

  • Соншалықты таныс емес серіктес табуды қатысушылардан сұраңыз

  • Содан кейін олардың бір-бірімен әңгімелесе таруға екі-үш минут барын айтыңыз. “Кел сөйлесейік!” ойнының негізгі ойы осында жатыр. Олар кез-келген тақырыпқа сойлесе алады, бірақ оларға өздері туралы сөйлескен жөн.

Талқыланатын сұрақтары

  1. Сіз жаңа досыңызды қаншалықты жақсы білесіз?

  2. Берілген екі-үш минут тез өткендей болған жоқ па?

  3. Жаңа досың бұрынғы досыңнан да жақсы біле бастаған секілді боп ешкім өзін сезінген жоқ па?

Кеңестер

  • Қатысушылардан өздері жүрексінбей сөйлеуін сұраңыз

  • Кейбір адамдарға әңгімені негізсіз бастаған қызықсыз секілді. Оларды теріп алыңыз, жолдастарына өздері туралы айтуға итермелеңіз

  • Ойынның ортасында ойынға бәрі тартылды ма, жоқ па екенін соны тексеріңіз. Егер басқалар қатыспаса оларға қатысуға жағдай жасаңыз.


СӨЖ-8 бақылау тапсырмалары

Тапсырма 1

Ұжымдағы келіспеушілік менеджерге көптеген жүйке ауруын, ал фирмаға шығындар әкелуі мүмкін. Сондықтанда, басшыға оларды уақытында тауып және сәйкесінше қортынды жасау қажет. Келіспеушілікті болдырмау үшін жұмыс стилін өзгерту керек.

Мысалы, тапсырмаларды көзбе-көз емес, жалпы кеңесте бөлу, тәжірибеге пікірлермен ашық ауысуды, жиі бірігіп қортынды жасауды енгізу.

Кейде басшы өзі сезбей келіспеушілік тудыруы мүмкін. Есіңізде болсын - басшы ретінде мыналарға жол бермеу керек:



  • өзіңіздің қол астыңыздағылардан қандай болсын іскерлік мәліметтерді жасыру;

  • қол астындағыларыңыздың белгілі біреуіне арнайы ықыласпен қарау;

  • өзіңіздің қол астындағыларыңызды жоғары тұрған басшыға қорықпай "талдауға" беру;

  • өз әріптестеріңіздің маманданғанына сенбеу

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Ұжымда шиеленіскен жағдайлар тумау үшін менеджер не істеу керек?

  2. Егер шиеленіскен жағдай нақты болса, оны қалай басқару керек?

  3. Шиеленісті шешуде менеджер ретінде сіздің әрекетіңіз қандай?


СӨЖ № 9 тапсырмалары

  1. Сұраныс жағдайына байланысты маркетинг түрлерінің кестесін құрастыру

  2. «Қазіргі қоғамға маркетинг не береді?» тақырыбына эссе жазу


СӨЖ №10

  1. нарық түсінігі, артықшылықтары мен кемшіліктері, негізгі атқаратын қызметтері;

  2. Нарықтың жіктелуі

  3. Нарықтық конъюнктура, сұраныс көлемі, нарық үлесі


СӨОЖ № 10


  1. Мына тауарлардың қайсысы нарықта сұранычсты тудырады: зиянсыз темекілер, спирт сусындары, нан, сүт, зонтики, тіс емдейтін шаралар, балмұздақтар.

  2. Маркетингті қолданудың негізгі экономикалық шарттарын атаңыздар?

  3. Маркетинг тұжырымдамасының қандай элементтерін шағын және орта бизнесте қолданған жөн?


СӨЖ №11 тапсырма

Тақырыбы: Маркетингтің қоршаған ортасы


  1. Макроортаның демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, саяси-құқықтық факторлардың қайсысын өндіруші ескеру керек:

а) спорт велосипедтерін;

б) қуыршақтардың колекциясын;

с) үрленетін қайықтарды;

d) нан өнімдерін;

е) сіріңкелерді.


  1. Бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;




  1. Сізге таныс бір кәсіпорынды талқылаңыз, сіз жұмыс істеген не болмаса тәжірибе өткен жеріңізді. Таңдаған кәсіпорын бойынша, оған қандай нарықтық қызметтің субъектілері сәйкес келеді:

а) жабдықтаушылар;

б) маркетингілік делдалдар;

с) бәсекелестер;

d) клиенттер;

е) байланыс аудиториялар.

СӨЖ № 12-ге тапсырма


  1. «Нарықты сегменттеу» сөзжұмбағын құрастыру.


СОӨЖ №12

Тақырыбы: нарықты сегменттеу
1. бизнестің қарқынды дамуына жағдай жасайтын, сеггменттеудің қажеттілігінің толық белгілерін көрсетіңіз:

а) сыра жасайтын зауытқа;

б) үй аяқ-киімін өндірушіге;

с) шашты күтуге арналған косметика өнімін өндірушіге;

d) автомобиль косметикасын өндірушіге;

е) ойыншық фабрикасына;

f) сыртқы киімдерді тігетін фабрикаға;

g) құрғақ асты дайындайтын фабрикаларға;

h) тоңазытқыш өндірушге;

2. тауар өндіруші нарыққа шығуға жоспарланған жаңа тауарының нарықта жайғасуының варианттарын талқылаңыз.

а) созылмалы сағыздың;

б) кір жуатын ұнтақтың;

с) балалар киімін;

d) әйелдерге арналған журнал;

е) салқындатылған сусындар.

Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


СӨЖ №13-ке тапсырма

  1. Тауардың сапасы және бәсекеге қабілеттілігі, оның маркетингтегі мәні.

  2. Тауардың өмірлік циклінің түрлері және оның мінездемесі.



СОӨЖ № 13

Тақырыбы: Тауар және тауар саясаты

  1. төменде берілген тауарларға тауарлық мінездеме беріңіз және оның тұтынушыларға деген қандай қажеттілігі бар екенін түсіндіріңіз:

а) электршәйнегі;

б) қол сағаты;

с) жеңіл автокөлігі;

d) гүл отырғызатын ыдыс кашпосы;

е) үстел лампасы;

f) сән журналы;

g) ағылшын тіліне арналған білім беру қызметі;

h) тоңазытқыш;

i) велосипед.

2. келесі мағынаны түсіндіріңіз: әдейі жасалынған тауар, іс жүзінде орындалған тауар. Мысал ретінде:

а) сіздің ойыңызша ең әйгілі салқындатылған сусын;

б) түрлі-түсті теледидар

с) роликтік конькилер

d) диван


е) екікамерлі тұрмыстық тоңазытқыш

f) тіс пастасы

g) сұйық сабын

h) фортепиано

і) электррадиаторы.

3. келесі тауарларға сыртқы орам варианттарын ойластырыңыз ( орамның формасын анықтау, түрін, тауардың маркісін анықтау).

а) жас әйелдерге арналған духи:

б) ер адамдарға арналған әшекей бұйымдары;

с) балаларға арналған шоколадтық дражесі

d) балалар конструкторы

е) тігіске арналған жіптердің бумасы

f) үстел сервисі

g) хрустальді люстра

h) пластикалық электрошәйнегі

і) 6 пирожый
Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


СӨЖ № 14-ке тапсырма

  1. Бағаны құрудың негізгі этаптары және оның мінездемесі.

  2. Бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі.

СОӨЖ № 14

Тақырыбы: Маркетинг жүйесіндегі баға

1.Төмендегі тауарлар бағаға қалай әсер етеді: банандар, апельсиндер, клубникалар, картоп, ет, балық, сүт, кәмпиттер, дәптерлер, кітаптар, жиһаз, теледидар, бензин, газ.

2.сүттің бағалық икемділігі – 0,78, үйдің – 0,67, шоколадтың – 1,2, қоғамдық транспорттың – 0,8. осы тауарларға деген сұраныс пен пайда қалай өзгереді, егер:

а) баға 20% жоғарыласа

б) пайда 10 % төмендесе.

3.бағаға ең жоғары дәрежеде қандай фактор әсер ететінін анықтаңыз:

а) классикалық әйелдер костюмі;

б) дәрілік өнімдер

с) кітап басып шығаратын түрдің әртүрлілігі

d) күнделікті және сән аяқ-киімі

е) сүт және нан

f) консервіленген шырын.

Әдебиеттер:


  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 292-305б

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 166-176б.

3. Уткин Э.А. Маркетинг. М., 1998 146-222б.
СӨЖ № 15-ке тапсырма (3-сағат)

  1. Франгайзинг: бөлшектеп сату формасы ретінде.

  2. Тауарды орындау кезінде лизингті қолдану.


СОӨЖ № 15 (1,5-сағат)

Тақырыбы: Тауар қозғалысын ұйымдастыру

  1. 10 өндіруші және 20 тұтынушы бар нарықта қанша байланыс орнауы мүмкін делдалдармен және делдалсыз.

  2. төмендегілерге тарату каналын ұсыныңыз:

а) видеокасеталарды өндірушілерге

б) музыкалық аспапты шығаратын шағын фирмаға:

с) пластик және орамдарды шығаратын ұсақ өндірушілер

d) салқындатылған сусындар өндірушілеріне

е) полиграфиялық құрал-жабдықтарды шығаратындарға

Әдебиеттер:



  1. Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 78-85б.

  2. Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 98-119б.


СӨЖ № 16-ға тапсырма

  1. Маркетинг бюджетін құрастыру әдістері

  2. Маркетинг жоспарының құрылымы


СОӨЖ № 16

  1. Шаруашылық портфельге кіретін бизнестің, мақсаттың, міндеттің, өнімнің түрлерін анықтаңыз және келесі кәсіпорындар үшін стратегияның дамуын түсіндіріңіз:

а) университет

б) сауда үйі

с) жиһаз фабрикасы

d) кітап дүкені

е) туристік фирма

f) құрылыстық бірлестік

g) көліктік фирма

h) көкөністі өндіретін фермерлік шаруашылық.

2.Стратегияны құрастыру мақсатында әртүрлі жағдайларды пайдалана отырып, төменде көрсетілгендерге стратегияны таңдау кезіндегі факторлардың әсер етуін түсіндіріңіз:

а) консервілік комбинат

б) кондитерлік фабрика

с) шағын нан пісіретін қоймалар

d) жанармай құю станциясы

е) темір жол вокзалы

f) әуежай.

Әдебиеттер:

1.Романов А.Н. Маркетинг, М.,ЮНИТИ,1996 332-336б.

2.Мамыров Н.К. Маркетинг, Алматы. 1999, 245-262б.


4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


Тақырыптардың атауы

Аудиториялық

Аудиториядан тыс

Менеджменттің пәні, әдістері және міндеттері

Эссе: менеджмент қызметтің спецификалық түрі болып келеді ме немесе онымен «қоғамдық бастамаларда» жұмыс істеуге болады.

Реферат: менеджер және оның функциялары. Тапсырма: қоғам алдында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

Ұйымның құрылымы және ұйымдастырушылық нысандар

Тапсырма «ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы»

Тапсырма «менің ұйымым»

Менеджменттің теориясының және практикасының дамуы

Менеджмент теориясының жағымды және жағымсыз жақтары

Баяндама: қазіргі менеджменттің пайда болу шарттарының анализі

Менеджменттің әдістері

Қазақстан үшін шел елдердің басқару үлгісінің қайсысы сәйкес келеді

Тапсырма «істі енгізудің 7 қағидалары»

Менеджменттің қызметіндегі мотивация

1. эссе: «мен деген ұғымға мотивацияның қай тәсілі сәйкес келеді»

Тапсырма « мен күні бойы ауыр жұмыс істедім»

Жоспарлау және бақылау менеджменттің функциясы ретінде

1. тапсырма: Иерархиология

Реферат: шетел кәсіпорындардың стратегиялық жоспарлауы

2. Тапсырма Мерфология



Ұйымдағы коммуникация

тапсырма: Басқарудың қай стилі ең жақсысы болып саналады?

Тапсырма: ойдың даму тиімділігі

Келіспеушіліктер мен стресстерді басқару

тапсырма: менеджер – келіспеушілік ситуацияларды басқару

Тапсырма»келіспеушілік және оны шешу жолдары»

Маркетингтің концепциялары мен негізгі теориялары

«маркетингтің негізгі концепциялары» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

Эссе дайындау: «маркетинг және қоғам»

Маркетингтің мәні және мазмұны

Маркетинг түрлеріне мінездеме құрастыру

Маркетинг кешенінің негізгі факторларының тізімін құрастыру

Маркетингтің ортасын зерттеу

Бақылау жұмысы «маркетингтің микроортасы»

Тауар нарығының жіктелуін құрастыру

Нарықты сегменттеу

Семей қаласының кәсіпорындарына негізгі мінездемелерді құрастыру

Нарықтағы арнайы тауардың ситуацияларын талдау

Тауар және тауар саясаты

Тауар саясатының міндеттері тақырыбы бойынша шағын сұрау жүргізу, ТӨК негізгі түрлерін талдау, кесте жасау

Орамдардың варианттарын, тауардың маркалық белгісін құрастыру,

Баға саясаты

«бағаның негізгі функциялары» және «нарықтың түрлері мен бағасы» тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«бағаның негізгі түрлері және оның мінездемесі» реферат құрастыру

Таратудың және тауар қозғалысының ұйымдастырылуы

Тауар қозғалысы арналарының функциялары тақырыбына шағын сұрау жүргізу

«Өткізу саясатына» сөзжұмбақ құрастыру

Маркетингілік жоспарлау және бақылау

«бизнес жоспар», жоспарлаудың үлгілері, құрамы, құрылымы тақырыптарына шағын сұрау жүргізу

Реферат құрастыру: маркетингті басқару құрылымы, жетістіктері және кемшіліктері


4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.



Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4.2.емтихан сұрақтарының тематикасы ( қорытынды бақылау )


  1. Еңбектің тігінен және көлденен бөлінуінің арасындағы айырмашылығын анықтаңыз.

  2. Басқару не үшін қажет ?

  3. Жетекшілерүшін сыртқы орта не үшін маңызды ?

  4. Менеджер мен кәсіпкердің арасындағы айырмашылық неде ?

  5. Басқарудың негізгі үш деңгейін қысқаша сипаттаңыз.

  6. Жоғарғы, орташа және төменгі буындардың жетекшілері ұйымда қандай рөль атқарады.

  7. Менеджменттің мәні және мазмұмыны,

  8. Оның әлеуметтік – экономикалық категориясындағы жүйесінің орны.

  9. Оқу пәндерінің жүйесіндегі курстың орны мен міндеттері.

  10. Менеджер және оның функциялары.бизнесмен және менеджер, менеджер және кәсіпкер, менеджер және ұйымдастырушы.

  11. Менеджентті оқудың әдістемесі.

  12. Басқарудың әдістеріне және оның жіктелуіне түсініктеме берініз.

  13. Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайындағы басқарудың экономикалық әдісі.

  14. Басқарудың административтік әдісі.

  15. Басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістері.

  16. « принцип» түсінігі өзіне не қосады.

  17. Басқару процесінің төрт функциялары қандай ?

  18. Жоспарлау функциясы қандай негізгі үш сұрақтрға жауап береді ?

  19. Ұйының функцияларыңың мәндік мінездемесі қандай ?

  20. Басқару деген не: ғылым бба, өнер ме?

  21. Ұйымның құрылымында каммуникация қандай роль атқарады?

  22. Ұйының түсінігі.

  23. Бейресми ұйымның мағынасы неде?

  24. Біріккен ұйымға мінездеме беріңіз ( сыртқы ортаға байланысты ресурстар, еңбекті бөллу және басқару қажеттілігі).

  25. Төменгі, орташа және жоғары буындағы ұйымның жетекшісі қандай роль атқарады.

  26. «менеджмент»түсінігі нені білдіреді №

  27. Басқарушылық шешім қандай сатылардан өтеді және оның мәні ?

  28. Басқарушылық шешімдерді қабылдаудың қандай әдістерін сіз білесіз ?

  29. Менеджердің басты функциялары неде ?

  30. Менеджердің лидер болуы керек пе? Лидерлік неден көрінеді ?

  31. Қәзіргі таңда ұйымдастырушылық құрылымның қандай негізгі типтері кең көлемде қолданылуда ?

  32. Қандай мінездемелер децентрациялау деңгейін құруға жағдай жасайды?

  33. Орталықтандырылған және деорталықтандырылған құрылымның жетістіктері неден тұрады?

  34. «интеграция» термины нені білдіреді?

  35. Интограцияның бірнеше әдістеріне қысқаша сипаттама беріңіз .

  36. Басқарудың ғылыми әдісінің мәні неде?

  37. Басқару циклі қандай функциялардан тұрады?

  38. Ұйымның функциясының мәні неде?

  39. Мотивация функциясының мәні неде ?

  40. Бақылау функциясының мәні неде ?

  41. Менеджерге өз қызметін жоспарлау қажетпе ?

  42. Басқарушылық ақпараттың ұғымы неде жатыр ?

  43. Қандай позиция бойынша ақпарат жүктеледі ?

  44. Қысқаша түсіндіріңіз, тактика, саясат, процедура және ереже дегеніміз не ?

  45. Тактика, саясат, процедура және ереже стратегиялардың жүзеге асуына қалай көмектеседі ?

  46. Жосапарлау мен бақылаудың бірігуі бюджет қалай қамтамасыз етеді ?

  47. Жоспарлау функциясының түсінігін талдап көріңіз.

  48. Мотевацияға анықтама беріңіз.

  49. Мотевацияның мазмұндық және процссуалдық теорияларының арасындағы айырмашылық неде ?

  50. Адамның тәртіп қажеттілігімен байланысты мотевацияның жеңілдетілген үлгісінің мәнін түсіндіріңіз.

  51. Сыртқы және ішкі марапаттаудың арасындағы айырмашылық қандай ?

  52. Мотевацияда марапаттау қандай роль атқарады ?

  53. Портер және Лоулер өздерінің үлгісінде мынандай қорытындыға келді, «еңбектің нәтижесі жұмысқа деген қызушылықты білдіреді.басқарудың тәжірибесі үшін мындай қорытындының салдары қандай ?

  54. Мак Клелланд билік жетістік және бұйым секілді қажеттіліктің үш түрін қолдану арқылы адамдардың тәртібін сипаттаған болатын. Оның мотевациялық теориясында мұндай қажеттіліктет қандай роль атқарады ?

  55. Маслоудың мотевациялық үлгісін Мак Клелланд және Герцберг үлгісімен салыстырыңыз.

  56. Бүгінгі таңда мотевацияның прәндік және бишік типтерін тиімді қолдану кезіндегі ситуацияларды сипаттаңыз.

  57. Өзіңіздің тәжірибелік ситуациянызда таңдап, онда міндетті түрде мотивация болуы керек және онда портер – лоуле үлгісі қалай жұмыс істейді екендігін таңдаңыз.

  58. Маркетингтің негізгі концепциялары сұранысқа байланысты маркетингтің негіздері

  59. Маркетингтің негізгі категориялары және түсінігі

  60. фирманың микроортасы және оның мінездемесі

  61. Макроортаның негізгі фактрлары және оның мінездемесі

  62. Нарықтық механизмнің негізгі функциялары

  63. Нарық конъектурасы және оның көрсеткіштері

  64. Маркетинг ақпарат жүйесі және оны құрайтындар

  65. Маркетингтік зерттеудің негізгі әдістері және оның мазмұны

  66. Нарықты сегменттеу, сенгметтеудің негізгі принциптері

  67. Нарықта тауарды жайғастыру

  68. Тауардың өмірлік циклінің концепциясы, ТӨК түсінігі және таптары

  69. Тұтынуғаарналған тауарлардың жіктелуі

  70. Тауар белгісі және оның мәні, функциялары

  71. Тауарды орау және маркілеу

  72. Тауар саясатының сервисі

  73. Жаңа тауалардың негізгі таптары

  74. Тауар сапасының түсінігі және оны құрайтындар

  75. Бағаның негізгі функциялары

  76. Баға жасауға әсер ететін негізгі факторлар

  77. Икемділік түсінігі және оның түрлері

  78. Баға жасау және нарықтың құрылымы

  79. Бағаның негізгі түрлері

  80. Баға жасаудың негізгі стратегиялары

  81. Баға жасаудың әдістері

  82. Тарату арналары, оның мағынасы, функциялары

  83. Тарату арналарының құрылымы

  84. Бөлшектеп сатудың функциялар

  85. Маркетингілік бақылаудың негізгі түрлері және оның мінездемесі

  86. Маркетингтің ұйымдастушылық құрылымының негізгі түрлері

  87. Өткізуді ынталандыратын негізгі инструменттері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет