Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі. Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән. Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды. Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы. Кезеңдер
Бұл кезең б.з.б. VІІ-V ғасырларды алып жатыр. Осы уақытта Милет мектебі пайда болған. Бұл мектептің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен. Сондай-ақ, бұл кезде философияда Эфес мектебі және Элей мектептері пайда болған.
Бұл кезеңде Перипатетикалық, Академиялық мектептер жалғастырылды. Сондай-ақ Эпикур мектебі, Стоицизм, Скептицизм (өкілі Перон), Эклектизм (өкілдері: Филон, Антиох) бағыттары дамыды.
Бұл кездегі философиялық мектептер: Афиналық мектеп, Софистер мектебі, Мегар мектебі, Киникалық мектеп. Софистер: Протагор, Гипий.
Сенеканың стоицизм мектебі, Тит Лукреций Кардың эпикуреизм мектебі, Марк Пули, Цицеронның эклектиалық мектебі, неоплотонизм философиясы қалыптасты. Неоплотонизмнің өкілдері: Плотин, Прокл.
01
02
03
04
Достарыңызбен бөлісу: |