Мәтін редакторы "Встроенный язык" (кіріктірілген тіл) кеңейтуі орнатылған мәтіндік құжаттарды редакциялаған кезде мәтін редакторы мүмкіндігін (мүмкіншілігін) сонымен қатар төменде сипатталған қосымша мүмкіндіктерді ұсынады.
Бұл режимде мәтіндік редактор бағдарламалық модульдердің синтаксистік элементтерін түспен белгілеуді жүргізеді. Кейбір синнтаксистік құрылымдар автоматты түрде топтарға біріктіріледі. Көрсетілімді басқару топтың бірінші жолының сол жағында немесе "Текст - Группировка" ішкі мәзірінің командасында орналасқан арнайы маркерлерінің көмегімен жүргізіледі.