Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Лабораториялық жұмыс № 4 (1 сағат)



бет6/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5
3с лекция
Лабораториялық жұмыс № 4 (1 сағат)
Тақырып: Объектілер құру
Жұмыс мақсаты: Объектілерді құру және оның терезесімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
Тапсырма:

  1. Объектілер құру терезесі

  2. Объектілерді құру және қасиеттері мен параметрлерін беру

  3. Объектілерді сақтау.



Әдістемелік нұсқаулар

Конфигурация объектілері редакциялау терезесінде жасалынып, редакцияланады.


Редакциялау терезесі белгі баулары бар панель түрінде жасалынған. Белгі баулардың құрамы және объектілердің қасиеттерінің мазмұны редакцияланып отырған объектіге байланысты болады. Бірақ, редакциялау терезелерінің өзара айтарлықтай айырмашылықтарына қарамастан, көп ұқсастықтары бар.
"Основные" белгі элементінде объектінің аты, синонимы және түсініктеме енгізіледі.
"Данные" белгі элементінде объектінің құрамы анықталынып, реквизиттер, өлшемдер, ресурстар жасалынып олардың типтері мен өлшемділіктері көрсетіледі.
"Формы" белгі элементінде пайдаланушылардың бұл типтегі объектілермен интерактивті жұмыс жасауына қажетті әртүрлі экрандық формалар жасалынады.
"Макеты" белгі элементінде шығу формалары жасалынады.
"Подсистемы" белгі элементінде бұл типтегі объектілердің қандай ішкі жүйелерге қатысы бар екендігі көрсетіледі.
"Права" белгі элементінде оқуға, өзгертулер енгізуге, жоюға және басқа да әрекеттер жасауға пайдаланушылардың құқықтары орнатылады.
"Интерфейсы" белгі элементінде бұл типтегі объектілер қолданылатын интерфейстер таңдап алынады.
"Прочее" белгі элементінде «Анықтамалық ақпарат» батырмасының көмегімен объектілердің бұл түрлері бойынша анықтамалық ақпаратты жасау терезесі ашылады және бұл ақпаратты көмектің мазмұнына қосу анықталады. Егер "Включать в содержание справки" қасиеті қосылған болса, онда бұл объекті үшін анықтамасының мазмұнына синонимнің мәні бойынша тақырып қосылады. Бұл қасиеттің орнатылуына тәуелсіз индекстер тізіміне (анықтама тақырыптары бойынша іздеу үшін) объектінің синонимінің мәні бойынша жол қосылады.



4.1 сурет – Объектінің қасиеттерінің бейнесі
Белгі элементінде сонымен қатар бұғаттауды басқару және толық мәтінді іздеуді пайдалануды баптаудың реквизиттері орналасуы мүмкін. Бұл реквизиттер тек келесі қолданбалы объектілер үшін ғана болады: анықтауыш, құжат, сипаттама түрлерінің жоспарлары (планы видов характеристик), шоттардың жоспарлары (планы счетов), есептеу түрлерінің жоспарлары (планы видов расчета), регистрлер, бизнес-үдерістер, тапсырмалар.
Объектіні редакциялау терезесінде аталған белгі элементтерінен басқа ерекше белгі элементтері болады немесе жоғарыда аталған белгі элементтерінің кейбірі болмауы мүмкін.
Бұл белгі элементі мәліметтерді сипаттау объектілердің сипаттамасында жүргізіледі.
Объекілерге сілтеме және таңдап алынған объектіге сілтеме жасап тұрған объектілерді іздеу "Конфигурация" терезесінде "Действия - Поиск ссылок на объект" және "Действия - Поиск ссылок в объекте" пунктерін таңдау арқылы жүзеге асырылады.

4.2 сурет - «Действия» мәзірі

Конфигурация объектілерін ішкі жүйелер (подсистема) бойынша іріктеу "Действия - По подсистемам" пунктін таңдап алу арқылы жүргізіледі. (4.2 сурет).


"Подсистемы" тарамында бұл конфигурацияны қолдана отырып жүзеге асыратын қызмет түрлерін сипаттайтын объектілер орналасқан.
Конфигурацияның барлық объектілерінде "Подсистемы" қасиеттері бар. Бұл сияқты объектілерді бір немесе бірнеше ішкі жүйелерге жатқызуға болады. Конфигуратор конфигурация объектілерін ішкі жүйелер бойынша іріктеу жасап және тек таңдап алынғандарын көрсетуге мүмкіндік береді.
Объектілерді ішкі жүйелер бойынша іріктеу жасаудың сүзгісін ретке келтіру (настройка фильтра) "Конфигурация" терезесінде "Действия — По подсистемам" пунктісін таңдап алып, қажетті ішкі жүйелер жиынтығын көрсетіп, іріктеудің қосымша белгілерін көрсетеміз: "Включать объекты подчиненных подсистем" және "Включать объекты родительских подсистем", кейін "Установить" батырмасын басамыз.
Объектілерді ішкі жүйелер бойынша іріктеу жасауды өшіру үшін "Конфигурация" терезесінде "Действия — По подсистемам" пунктін таңдап, "Отключить" батырмасын басамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет