Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша


Дұрыстауышты (отладчик) қолдану мүмкіндігі арқылы модульдердің мәтіндерін редакциялау



бет7/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Дұрыстауышты (отладчик) қолдану мүмкіндігі арқылы модульдердің мәтіндерін редакциялау
Конфигураторда модуль мәтіндерінің редакторы мәтін редакторы және модульдер редакторының мүмкіндіктерін ұсынады, сонымен қатар контекстік анықтаманы (подсказка(көмек)) қолдану мүмкіндігін, кіріктірілген тіл операторлары және ретке келтіру тәртібінің қосымша функциялары бойынша оперативті анықтамалық ақпарат алу мүмкіндіктерін ұсынады.
Модульдің процедурсы мен функцияларынан өту. Қажетті процедураға өту үшін "Текст - Процедуры и функции" пунктін таңдап алыңыз.
Экранға редакцияланып отырған модульдің барлық процедуралары мен функцияларының тізімі шығады. Қажетті атауды көрсетіп, "Перейти" батырмасын басыңыз.
Қажетті процедураға немесе функцияға өту үшін "Модуль" құралдар панелінде орналасқан процедуралар мен функциялар тізімін қолдануға болады. Таңдау жасаған кезде көрсеткіш (указатель) таңдап алынған процедура немесе функцияның басына орналасады.
Көрсеткішті процедура немесе функция денесіне орналастырған кезде тізімде осы процедура немесе функцияның атауы көрсетіледі.
Модуль мәтіндерін енгізгендегі контексті анықтама (подсказка). Мәтіндік редактор жүйелік объектілерді және олардың қасиеттері мен әдістерін, конфигурацияда анықталған объектілердің атаулары, процедуралары мен функцияларларын, сонымен қатар жалпы модульдерде, қолданбалы объектілер модульдерінде және форма модульдарында анықталған айнымалылар, процедуралар мен функцияларды қолдана отырып өрнектерді (выражений) енгізу құралын ұсынады.
Мәтін шаблоны (қалпы), егер онда автоалмастыру жолы анықталған болса ғана тізімге қосылады.
Енгізу контекстік мәзір түрінде шығатын тізім арқылы жүргізіледі, контекстік мәзір экранға курсордың тұрған орнына байланысты (экран шекараларының жақындығына байланысты) шығады.
Тізім жазылатын мәтіннің (өрнектің) кез келген символын (бірінші символынан бастап) тергеннен кейін Ctrl+<Пробел (бос орын )пернесі> пернелерін қатар басқаннан соң ашылады, немесе қаситеттері және/немесе әдістері бар объектінің атын енгізгеннен кейін «.» (нүкте) символын енгізсек, тізім автоматты түрде шығады.
Тізім құрамы бағдарламалық модульдің орындалу контекстіне байланысты болады.
Мәтінді енгізгеннен немесе тізімнен таңдап алғаннан соң, егер бұл мәтін қасиеттері немесе әдістері бар өрнектің атауы болса, «.» (нүкте) символын енгізгеннен кейін экранға бұл өрнектің барлық қасиеттері мен әдістері тізім түрінде шығады.
Модульді синтаксистік бақылау. Редакцияланып отырған модульді кіріктірілген тілдің синтаксистік құрылымдарының (синтаксическая конструкция) қолданылуының дұрыстылығын тексеруге болады.
Модульді синтаксистік тексеру үшін "Текст - Синтаксический контроль" пунктін қолданамыз. Қарапайым модульді (қосымша модульде, жалпы модульде емес) синтаксистік тексеру барысында алдымен қосымша модулі және жалпы модульдер тексеріледі, содан кейін редакцияланып отырған модуль тексерілінеді.
Егер модульде қателіктер бар болса, олардың толық тізімі хабарламалар терезесінде қателіктердің табылған орнының толық адресі (олар табылған модуль, қателік кездескен жолдар номерлері) көрсетіліп шығады.
Егер тінтуірдің көрсеткішін қателіктің түрі мен орны туралы хабарлама тұрған жолға әкелсек, ол ұлғайтып көрсететін шыны сияқты болады. Қателік табылған модульдің сол қателік орналасқан жолына өту үшін бұл хабарлама үстінен тінтуірмен екі рет басамыз. Егер қателік кездескен модуль жабық тұрған болса, ол автоматты түрде ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет