Кіріктірілген тіл операторлары бойынша оперативті анықтамалық ақпарат алуға «Синтаксис-помощник» қолданылады.
Дұрыстауыш. Егер модуль мәтіні "Конфигуратор" режимінде редакцияланып жатса, басты мәзірдің "Отладка" пунктінің командалары қол жетімді болады.
Редактор тоқтау нүктелерін қоюға және алып тастауға мүмкіндік береді.
Тоқтау нүктесін қою үшін көрсеткішті модульдегі тоқтау қажетті жолдың кез келген жеріне қойып, "Отладка - Точка останова" пунктін таңдап аламыз. Бұл кезде сол жақ шекараны бойлай орналасқан қызметтік облыста тоқтау нүктесінің белгісі пайда болады. Тоқтау нүктесін тінтуірдің көмегімен де орнатуға болады, ол үшін осы облыста тоқтау нүктесі қажетті жолдың тұсынан көрсеткішпен шерту керек.
Тоқтау нүктесін алып тастау үшін "Отладка - Отключить точку останова" пунктін таңдап алу немесе тінтуір көрсеткішімен қызметтік облыста шерту керек.
Егерде жүріп жатқан үдерісті қандайда бір шарт орындалған кезде тоқтату керек болса, "Отладка - Точка останова с условием" пунктісін таңдап алып және ашылған диалогтық терезеде шартты енгізесіз.
Барлық тоқтау нүктелерін алып тастау үшін "Отладка - Отключить все точки останова" пунктісін таңдап алыңыз.