Кіріктірілген тіл бойынша анықтама алу. Кіріктірілген тіл бойынша оперативті анықтамалық ақпарат алу үшін «Синтаксис-помощник» пунктісін таңдап алыңыз.
«Синтакс-Помощника» терезесінде екі белгі бау бар: "Содержание" және "Индекс", «Поиск». Біріншісінде анықтамалық ақпарат орналасқан, ал екіншісі объектінің қасиеті немесе әдісінің атауы бойынша ақпаратты іздеуге арналған.
Анықтамалық ақпаратты көру. «Синтакс-Помощник» терезесінің "Содержание" белгі бауы екі бөлімнен тұрады.
"Содержание" белгі бауының жоғары жағында 1С:Предприятие: жүйесінің кіріктірілген тілінің элементтерінің тізімі берілген: операторлар, басқару құрылымдары, процедуралар мен функциялар, жүйелік константалар және т.б. ыңғайлылық үшін кіріктірілген тілдің барлық элементтері тақырыптық бөлімдерге бөлінген.
«Синтакс-Помощник» терезесінің төменгі жағында жоғарғы терезеде таңдап алынған кіріктірілген тіл элементінің сипаттамасы беріледі. Элемент сипаттамасын алу үшін «Синтакс-Помощник» терезесінің жоғары жағында керекті тіл элементін таңдап алып, Enter пернесін басу керек.
Кіріктірілген тіл элементтерінің көшірмесін алу. «Синтакс-Помощник»-та кіріктірілген тілдің таңдалған элементінің көшірмесін мәтін редакторына түсіру функциясы бар.
Көшірмесін алу үшін ағаш тәріздес тізімнен қажетті тіл элементін белгілеу және алмасу буферін пайдалану керек. Мәтінді редакциялау терезесіне мегзегіш (курсор) орнына кіріктірілген тіл элементінің "дайындамасы (заготовка)" түсіріледі.
Кіріктірілген тіл элементінің "дайындамасын" көшіру үшін алмасу буферінен басқа "көшір және қалдыр" ("перенеси и оставь" ("drag & drop")) режимін пайдалануға болады: «Синтакс-Помощник» терезесінен қажетті кіріктірілген тіл элеменін мәтін редакциялау терезесіне тінтуірмен алып келу жеткілікті.
«Синтакс-Помощник»-те іздеу. «Синтакс-Помощник» терезесінің "Индекс" белгі элементінде қажетті тіл элементінің атауын енгізетін өріс бар. Төменде атаулардың толық тізімі берілген. Оның астында тіл элементі туралы анықтамалық ақпаратты шығаратын өріс орналасқан.
Енгізу басырында бағдарлама арнайы контекстік іздеу жүргізеді, бұл кезде әр символды енгізгеннен кейін, тізімдегі осы символдардан басталатын атауларға өту жүргізіледі.
Контекстік іздеу режимін қосу үшін мәтіндік редактордың контекстік мәзіріннен "Поиск в Синтакс-Помощнике" пукнстісін таңдап аламыз. "Индекс" белгі элементінде ашылған «Синтакс-Помощник» терезесі экранға шығады.
Қажетті тіл элементін іздеу үшін пернетақтадан элементтің атауының алғашқы символдарын терсек, элементтер тізіміндегі мегзегіш (курсор) атауының басқы әріптері енгізілген символдармен сәйкес болатын элементке келіп тұрады.
Тізімде белгіленген элементтке қатысы бар тақырыптық бөлемдердің тізімі де шығады.
Егер "OK" батырмасына бассақ, контекстік іздеудің диалогтық терезесі жабылады, «Синтакс-Помощник» терезесінде ену терезесінде көрсетілген тіл элементінің сипаттамасы беріледі.
Тізімнен тіл элементінің сипаттамасына сонымен қатар, элементтер тізімінен қажетті элементке екі рет шерту немесе ену тізіміндегі (в списке вхождений) тақырыптық бөлімге тінтуірдің сол жақ батырмасымен басу арқылы өтуге болады.
Модульді редакциялау кезінде анықтамалық ақпаратты алу. Кіріктірілген тіл элементтерінің сипаттамасын модульді редакциялау барысында «Синтакс-Помощник»-те іздеуге болады. Іздеуді іске асыру үшін кіріктірілген қажетті тіл элементінің үстіне мегзегішті қойып немесе қажетті мәтін блогын белгілеп алып, Ctrl+F1 пернелерін басу керек.
Егер мәтіндік мегзегіш орналасқан сөз немесе белгіленген блок «Синтакс-Помощник»-те сипатталған кіріктірілген тіл элементі болса, онда бірден тіл элементінің сипаттамасы берілген «Синтакс-Помощник» терезесі ашылады.
Егерде кіріктірілген тіл элементі «Синтакс-Помощник»-тің бірнеше тақырыптық бөлімдерінде сипатталмаған болса, онда бірінші қажетті тақырыптық бөлімді таңдау үшін "Выбор главы" терезесі ашылады.
Егер таңдап алынған сөз немесе белгіленген блок кіріктірілген тіл элементі болмаса, онда Ctrl+F1 пернелерін басқанда «Синтакс-Помощник» контекстік іздеу терезесі ашылады.
Жүргізілген іздеу "Строка поиска" өрісі арқылы шақыруға болатын тізімде сақталып қалады.
Кіріктірілген тіл элементі табылып, «Синтакс-Помощник» терезесі ашылғаннан кейін, қажетті элементті сипаттамалар ағашынан табу үшін кіріктірілген тіл элементтері тізімінің контекстік мәзірінің "Найти в дереве" ( «Найти текущий элемент в дереве» батырмасы бар) пунктісін қолданамыз.
Қарау барысында бірнеше бет таңдалған болса, онда “Вперед" және "Назад" контекстік мәзірі арқылы қаралып кеткен беттерге қайтып оралуға болады.