Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған «1С бағдарламалау» пәні бойынша



бет96/97
Дата07.02.2022
өлшемі5,21 Mb.
#88595
түріСеминар
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Лабораторная работа 1С версия5

Бақылау сұрақтары:

  1. 1С:Предприятие жүйесінің ақпараттық базаны жүктеу және кері жүктеу?

  2. Конфигурацияның «Администрирование» мәзірін мүмкіндігі.

  3. Ақпараттық базаны қалпына келтіру.

Лабораториялық жұмыс № 30 (1 сағат)
Тақырып: Базаны тестілеу және түзету
Жұмыс мақсаты: құрастырылған деректер базаларын сақтау, тестілеу және түзету әрекеттерін орындау.
Тапсырма:

  1. Деректер базаларын сақтау.

  2. Базаны тестілеу нәтижесін сақтау.

  3. Орын алған қателіктерді түзету.

Әдістемелік нұсқаулар

Программист өз кезегінде конфигурация режимінде жұмыс істеу үшін программисттің “1С Предприятие” сертификаты болу керек. Ендігі кезекте алдағы уақытта бағдарламалық қолдау көрсетіп отырған кәсіпорын ендігі жаңартуларды оңай ендіру үшін программист келесі талаптарды орындау керек:


а) ең алдымен базаның архивті көшірмесін белгілі бір мұқабада сақтау керек;
ә) құрастырылатын объектілерді құрастырау алдында дүкенге тапсырыстар құжатын жіберу керек;
б) сол тапсырыстар құжатына қол қойылған кезде ғана программист жұмыс істеуін бастау керек;
в) істеу әрекеттерін этаптарға бөлу керек;
г) құрылатын объектілердің әр қайсысының жеке-жеке структурасын құрастыру (яғни қандай реквизиттер болу керек).
д) кейінгі қиын қадам осы қолданбалы объектілер арасында байланыс орнату (реквизиттерді байланыстырған кезде таблицалық байланыс болады);
е) функционалды түрде объектілер байланысу үшін батырмаларды құрастырып олардың атқару фунцияларын жазу;
ё) егер тапсырыста отчет, регистр сияқты қолданбалы объектілерді құру шарт болса, сұраныс конструкторын (конструктор запроса) пайдалану;
ж) алынған нәтижелерден кейін тестілеу жүргізу;



30.1 сурет – Сақтайтын мұқабаны (папка) таңдау

Сақтау кезінде адам өзіне ыңғайлы болатындай етіп мұқабаның (папка) атын жазу керек. Келесі суретте заказ покупателя атты құжатты құру алгоритмінің қысқаша кескіні көрсетілген. Суретте көрініп тұрғандай құжат атауын енгізгеннен кейін құжат тізімінің атауы және объектінің атауын енгізу жөн.


Тізімнің атауы 1C Предприятие режимінде сол жақ панельде көрінеді. Ал объектілік көрінісі (представление объекта) жаңа құжатты құрған кезде жоғарғы жақта заказ покупателя (құжат) түрінде көрініп тұрады. Құжат реквизиттерін құру кезінде реквизиттерге міндетті түрде тип беруіміз керек. Егер программист белгілі бір себептермен объектінің типін белгілемесе онда автоматты түрде объектіге қатар (строка) типі беріледі.
Типтер әр түрлі болуы мүмкін. Егер уақыт типті болса онда дата, время, дата и время типтерін таңдау мүмкіндігі болады. Құрмалас (составной) тип болған жағдайда бір реквизитке бірнеше тип түрлерін таңдауға болады.



30.2 сурет – Құжаттың (документ) реквизиттерін құру


Команда ол құжат анықтама сияқты қолданбалы объектілердің тармағында орналасқан қосымша объект. Егер командалық панельде команда анықталмаса, жазылған код ешқандай іс-әрекет істемейді де команда да пайдаланушыға көрінбейді. Суретте көріп отырғанымыздай кестелік құжатқа сатылым құжатының барлық сатылған тауарларының атауы, бағасы, саны, суммасы бөлек терезеге шығады.



30.3 сурет – Шығыс (расходная накладная) құжаты командасы

Сұраныс конструкторы (конструктор запроса ) атты қосымша объект программист жұмысын біршама уақытқа тездетеді. Кез-келген отчет не болмаса, құжатты регистрлер арқылы қимылын жасату үшін SQL тілінің орысша аналогы қолданылады. Программист он, жиырма қатардан тұратын сұранысты жаза алады [5]. Егер жазылатын сұраныс жүз немесе екі жүз қатардан тұратын болса, онда программист жұмысы өнімділігін жоғалтады. Программист жұмысы зерігетіндей болмас үшін сұраныс конструкторы құрастырылып шыққан. Сұраныс конструкторының қосымша беттері мынадай:


а) өрістер мен кестелер (таблицы и поля);
ә) топтау (группировка);
б) шарттар (условия);
в) қосымша (дополнительно);
г) біріктірулер (объединения);
д) реттілік (порядок);
е) нәтиже (итоги);
ё) құрастырушы (построитель);
ж) сұраныс пакеті (пакет запросов);
Өрістер мен кестелер (таблицы и поля) қосымша бетінде барлық қолданбалы объектілердің реквизиттері мен кестелік бөліктері (анықтама мен құжаттарда), виртуалды кестелері (ақпараттар регистрі, жинау регистрі, бухгалтерия регистрі) тізімдері таңдалады.
Топтау (группировка) қосымша бетінде сұраныс нәтижелерін топтау жүзеге асырылады. Мысалы сатылым құжатын уақыт бойынша топтау қажет болса Ссылка.Дата қатарын таңтауымыз керек.
Шарттар (условия) қосымша бетінде сұраныс нәтижесін қандай шарт бойынша сұрыптап алу керектігі анықталады. Мысалға алатын болсақ, сатылым құжатының тек Проведен (өткізілген) қалпында тұрғандарын таңдап алу керек болса, шарттар (условия) қосымша бетінде РасходнаяТовары.Ссылка.Проведен деп шарт жазуымыз керек.
Біріктірулер (объединения) қосымша бетінде кестелердің сипаттарының атаулары анықталады. Сипаттардың атауын программист өз қалауынша өзгерте алады.
Реттілік (порядок) қосымша бетінде сұраныс нәтижелерін қай сипаты бойынша реттеу керектігі анықталады.
Нәтиже (итоги) қосымша беті программист белгілі бір сипаты бойынша нәтижелерді арнайы қатарға шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, суммасы бойынша нәтижені сұранысқа енгізетін болсақ, әр құжаттың суммасының нәтижесі арнайы қатарға шығады.
Сұраныс пакеті (пакет запросов) беті негізінен бірнеше сұраныстарды белгілі бір белгісі бойынша біріктіретін бөлік. Бірнеше сұранысты біріктіру негізінен бірдей сипаттары таңдап алынған объектілерді біріктіреді. Біріктіру Объединить сұраныс операторы арқылы жүзеге асады.



30.3 сурет – Сұраныс конструкторымен жұмыс істеу

Кез-келген конфигурацияда қателік туа қалған жағдайда ең алдымен программист ақпараттық базаны тестілеу және түзету арқылы тексеріп көруі қажет.





30.4 сурет – Программисттің ақпараттық базаны тестілеуі

Есептеме пайдаланушылар қолданып басшыларға кәсіпорынның шаруашылық әрекеттерінің нәтижелерін баяндау үшін қажетті элемент. Есептемені программист құру кезінде негізі екі түрлі жолды қолданса болады:


а) форма құру арқылы;
ә) мәліметтерді компоновкалау жүйесі арқылы (система компоновки данных).
Әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мәліметтерді компоновкалау жүйесі арқылы (система компоновки данных) құрылған есептеме программист жұмысын едәуір жеңілдетеді, яғни программист тек дайын конструкциялық құрылғылармен жұмыс істейді. Конструкциялық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде кестелер арасында байланыс орнатылады, код аз жазылады. Есептеменің формасы автоматты түрде құрылады.



30.5 сурет – Мәліметтерді компоновкалау жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет