Қарағанды 2020 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет23/24
Дата18.09.2024
өлшемі0,74 Mb.
#204656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Оқу құралы 2020 жыл (2)

«Мәңгілік Ел», бұл - Тәуелсіздік және Астана. Бұл Тәуелсіз Еліміздің символына айналған бас қаламыздың гүлденуі мен қуатының үстем болуы мемлекетіміздің жарқын болашағының көрінісі ретінде қарастырылады.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Қазақстандықтар үшін туған Отаны – бұл Тәуелсіз Қазақстан елі. Демек, қазақстандықтардың елі бір болғандықтан да «әр қайсысының жүрегінде – бір ел» түсінігі тұрғысынан бабалардан қалған жалпыадамзаттық дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік беретін ұлы істері өз жалғастығын табатындығына сенім мол. Бұл «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген ұлағатты сөздің мәнін дәлелдей түседі.
Мәңгілік Ел, бұл - Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият. Кең далада еркін өмір кешкен өр мінезді жандар үшін қашанда ұлы мақсаттарды жоғары қоя білгенін өмір тәжірибесі қорытқан рухани мұралардан ізгілік-игілігі ретінде көзбен танып, көкірекпен қабылдай білуіміздің көрінісі - еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық үнқатысуының түпқазығына айналуы тиіс.
Мәңгілік Ел, бұл - Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім. Модернизация мен инновациялық дамуға бет алған біртұтас еліміз өз күш-қуатын дамытуда табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітуді мақсат тұтады.
Мәңгілік Ел, бұл - Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. Елдің барлық табыстары мен жетістіктері, жеңістері – ұлттық бірліктің, соның ішінде барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдайдың бар болу мүмкіндіктері олардың еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтардың тереңге бойлағанының кепілі, дәлелі.
Мәңгілік Ел, бұл -Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы. Қазақ халқы ділінің негізгі кереметінің бірі – өзге халықтардың мәдениетін, дінін, салт-дәстүрлерін құрметтей білуі, ұлттық мәдениеттің, олардың өзара сұхбатқа ашықтығы, инновациялардың, өзара ықпал-әсерлерінің нәтижесінде қорлануы – жалпы қазақстандықтардың ұлттық дәулеті болып саналады. Мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту - қазіргі өмір талабына жауабымыз болмақ.
Мәңгілік Ел, бұл - Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Ұлттық қауіпсіздікті нығайту – өзін елінің патриоты санайтын әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі баршамызға түсінікті. «Мәңгілік Елдің» қастерлі құндылықтарын басшылыққа ала отырып, қоғамның тұрақтылығын нығайту және оның біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсу жолында қажырлы еңбек жасау – әрбір Тәуелсіз Қазақстан елінің азаматының борышы болмақ. Бұл әрекеттердің барлығы біздің болашақ ұрпақ үшін, қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасалынып жатқан саналы таңдау екендігіне сеніміміз мол демекпіз.
Ұлттық бірліктің басты қағидасы ретінде ұлт рухын нығайтып дамыту біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде белгіленді. Рухани негіз – ұлтты біртұтас етіп біріктіретін күш. Халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары. Бұл тарих пен біздің тағдырымыздың басты қозғаушы тетігі. Ұлт рухы кез келген ел келбетінің қайталанбас қасиетін айқындайды, бағытын анықтап, дамуына екпін береді. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін: дәстүрлер мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіске жету рухы; дәстүрлі құндылықтарға сүйену (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзімділік) қоғамның рухани негізі ретінде негізгі басымдықтар болуы тиіс [22]. Жаңа қазақстандық патриотизмнің басты мақсаты - қоғамдық келісімді сақтап нығайту. Бұл біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің бұлжымас алғышарты. Қазақстандық патриотизмнің негізі - бұл барлық азаматтардың тең құқықтағы және олардың Отан абыройы үшін ортақ жауапкершілігі.
Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа ұмтылысы және осымен байланысты бұқаралық сананы өзгерту мәселесін көтереді. Осы бағытта 6 арнайы жобаларға жеке де жете тоқталып өтеді. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындау барысында бәсекеге қабылеттілікті арттыру – болашақ ұлттың табысты жетістігі екеніне назар аударады. Әр ел азаматтарын ұлттық және жеке байлықты қадірлей білуге, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашақты жоспарлауға, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеуге шақырады. Ұлттық сананы кемеліне жеткізуде, ұлттық бірегейлікті сақтауда, ең бастысы, сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық болмыстың өзегін сақтай білуді алға тартады. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылуды» көздейді. Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу - жаһандану үрдісіндегі басты талап екендігін атап өтеді. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашатынына бағдар жасай отырып, әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатынына мол сенімін білдіреді.
Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап берген. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау мәселесін күн тәртібіне қояды.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды ұсынған болатын, әрі бұл жобаның алғашқы қадамы жүзеге асырылып, бүгінгі таңда бірқатар кітаптар шет тілдерінен қазақ тіліне аударылып, қолданысқа енген.
Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді. Әрі жұмыстың өз бетімен жіберуге болмайтындығын, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажеттігіне баса назар аударады. Бұл бастама қазіргі таңда өз жемісін, нәтижелерін беруде. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласатындығын нығырлай түскен.
Төртіншісі, «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру мәселесінің маңыздылығын атап өтеді.
«Тәуелсіздік дәуіріндегі» отандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аудару идеясын - «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асыру керектігін ұсынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба жыл сайынғы ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың қажырлы еңбектерінің «тарихы» ретінде өз көрінісін тапқан.
«Елбасы рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қоя білді. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныстыру рәсімдерін өткізуді болашақтың үлесіне міндеттейді.
Елбасының пікірінше, ұлттық жаңғыру бұл – ұлттық сананың кемеліне жетуі деген сөз дей отырып, оның екі сипатын атап көрсетеді. Біріншіден, «ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту». Екіншіден, «ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту». Соған қарағанда, қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін деген сауалды қоя отырып, оған тереңінен жан-жақты жауабын өзі береді. Бұл жерде сырттан төніп тұрған жаңғырудың ішінен түрлі ұлт өкілдерінің даму үлгісінің адамзат баласына ортақ үлгісін жан-жақты, көп қырлы өнеге-үлгілерін ғана алып қарастыруда деген түсінік өте қате екендігін өмірдің өзі танытып отырғандығын көрсетеді. Әр уақытта кез келген мемлекет ешкімге ұқсамайтын дамудың қайталанбас үлгілерін туындататынына тоқтала келе, «ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуға тиіс» екендігіне баса назар салады.
Қазіргі таңда рухани жаңғыру бұл – зерделі танымда ата-бабалар мұрасын тереңірек ұғынуға, ұлттық болмысымыздың тарихи тамыры болатын дүниелерді білуге деген ұмтылыс.

Қорытынды


Ерте дүние тарихынан қалыптасып, дамып келе жатқан философиялық дүниетаным жалпыадамзаттық мәселелерді, дүние мен адамды рационалды түсіну ұмтылыстарының күрделенген формасы. Даму тарихының әр кезеңіндегі ұлы ойшылдардың дүниетанымдық көзқарастары тұрғысында адам мен қоғам арақатынасы сұрақтарына жауап іздеумен қатар, жауабын шығармашылық ізденістер нәтижесінде тауып та келген болатын. Философия – бұл адам болмысының рухани дүниесінің өзегі ретінде қоғам, оның мәні, тіршілік болмысы, табиғат, оны танудың ерекшеліктері, бір сөзбен, философиялық ұғымдарды қамтитын ілім. Адам болмысы рухани дүниесінің өзегі ретіндегі философияның дүниетанымдық маңызды қызметі осыдан келіп шықса керекті.


Өз кезегінде, философия адам және дүние, таным процесі мен болмыс мәселелері туралы ғана жалпы білім берумен шектеліп қана қоймайды, әрі қисынды ойлау дағдыларының қалыптасуына, адамның жеке тұлғалық шығармашылық-тәлімдік, мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға деген ынтасын арттырады. Осы арқылы рухани мәдениетінің құрылуына жағдай жасайды. Дүниетанымдық ғылыми-теориялық негізде шығармашылыққа жол аша отырып, жастардың қоғамдағы рөлін анықтауда болашақ өмірдегі стратегиялық бағыт-бағдармен алған беталысын мақсаттастыққа негізделген өз өмір жолын табуға жетелейді.
Философияның қызметінің мақсат-міндеті мен арнаулы іске асатын негізгі қолданылу салалары сан қырлы, сол себепті мән-мазмұны күрделі, кең ауқымды мәселелерді қарастырады, саралайды және зерделейді. Соған қарағанда, қарастырылып отырған мәселелердің дені жалпы білім беру тұжырымы студенттерге ғылыми ізденістегі зерттеуге, Елбасымыз ұсынған «бұқаралық сананы» өзгертуге ұсынған көзқарасы тұрғысынан жастардың бойынан сананың ашықтығын, өзіндік ұлттық код, ұлттық сана-сезім, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, сыни ойлау, білімге ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға бағыт-бағдар ұстанған.
Әрі білім алушылардың философиялық дүниені танып-білудің ерекше формасы жөнінде түсінік-қарымын қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында алған білімдерін шыңдау. Қашанда бабаларымыз жас ұрпақты ізгілікке баулып, шыңдаушы болу - зор абырой екендігін әсте естен шығармаса керекті. Сонымен қатар, қоғамдық сананы жаңартудағы және қазіргі заманның жаһандық міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну аясында білім алушылардың философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін игеруіне жол салып, ғылыми зерттеу қабілеттерін дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық әлеует қалыптастыру – қазіргі таңдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін көрсету – басты мақсат-мүдде болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:





  1. Диоген Лаэртский. О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов. – Москва, 1979. – 420 с.

  2. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридата дейін. - Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық коры, 2018. - 216 б.

  3. Сағатова Ә.С. Қазақ рухани дүниесіндегі даналық және үйлесімділік: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012.- 106 б.

  4. Есім Ғ. Фалсафа тарихы: (Оқулық-хрестоматия). – Алматы, 200. -278 б.

  5. Философия негіздері: Оқу құралы / С. Б. Балшекеев, Н.Ж. Сарсенбеков, М.Ө.Төлеуова. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2010. - 95 б.

  6. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: Антика философиясы. - Т.1. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. –407 б.

  7. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: Қазіргі заман философиясының бастауы. – Т.3. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 412 б.

  8. Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. -Алматы: Жалын, 1994. -К.1. -368 б.

  9. Дәдебаев Ж. Бөлтірік Әлменұлы және қазақ шешендік өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1996. -180 б.

  10. Сағатова Ә.С. Ұлы дала рухын асқақтатқан өршіл намыс: Монография. -Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2019. -148б.

  11. Жұбанов Т. Ғасырлар пернесі. -Алматы: Жазушы, 1975. -400 б.

  12. Сағатова Ә.С. Қазақ би-шешендерінің дүниетанымындағы ел мүддесі мен тағдыры:Монография. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014.- 112 б.

  13. Құнанбайұлы А. Қалың елім қазағым. Шығармалары. -Алматы: Жалын, 1995. -384 б.

  14. Дәдебаев Ж. Бөлтірік шешен. -Алматы: Ғылым, 1994. -144 б.

  15. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары: өлеңдер, дастандар, қара сөздер. -Алматы: Жазушы, 1998 . -560 б.

  16. Байділдаев М. Бес ғасыр жырлайды. -Алматы: Жазушы, 1984. -Т.1. -256 б.

  17. Sagatova A.S. Features of national thinking of the Kazakh people: Monograph. - Karaganda: publishing house KarGTU, 2020. - 104 p.

  18. Древнекитайская философия / Сост. Ян Хин-Шун. -Москва: Принт, 1994. -Т.1. -364 с.

  19. Сейдімбек А. Күй және көшпелілер мәдениеті // Жұлдыз. -1991. - №2. -148-159 бб.

  20. Риккерт Г. Тарих философиясы / Риккерт, Г. Философия истории. — СПб., 1908.

  21. Түркі дүниесінің ойшылдары. 1-кітап. – Астана: ТОО «Prosper Print», 2013. -508 б.

  22. Қазақстанның ұлттық бірлігінің Доктринасы, 2010 ж.

  23. Назарбаев Н.А.Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. 12 сәуір 2017 ж. http://www.akorda.kz.

  24. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы. Т.2. – Астана: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. –400 б.

  25. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы: Қазіргі заман философиясы. Т.4. - Алматы : «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ, 2019. - 419 б.



  26. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет