Мәтінді оқы,аудар.
ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі.
Қазіргі кезде интернет, электрондық пошта қызметі күнделікті қажеттілікке айналды. Интернет жүйесі арқылы көптеген елдермен байланыса аласың. Интернетті қолданатын адамдар саны он миллионнан асады. Шіркін, озық техникаға еш нәрсе жетпейді ғой!
Компьютер жұмыстың сапалы да, жылдам да жүруіне үлкен ықпал етеді.
ІІ деңгей
Бос орынға сұрақтар қойыңдар.
. . . ?
ХХІ ғасыр электрондық аппараттардың жылдам дамыған кезеңі.
. . . ?
Қазіргі кезде интернет күнделікті қажеттілікке айналды.
. . . ?
Интернет жүйесі арқылы көптеген елдермен байланыса аласың.
. . . ?
Компьютер жұмыстың сапалы да, жылдам да жүруіне үлкен ықпал етеді.
І деңгей
Төменде берілген сөйлемге талдау жасаңдар:
Сөйлемге синтаксистік талдау;
Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау;
Интернет сөзіне фонетикалық талдау.
Интернетті қолданатын адамдар саны он миллионнан асады.
Шешендік сөздер
ІІІ деңгей
1.Сызбаны толтыр
Шешендік сөздер
2.Сөйлемді аяқта.
Шешендік сөз дегеніміз ...
ІІ деңгей
Кестені толтыр.Өз ойларыңды жаз.
Қазіргі замандағы саясаткерлер
|
Қазақ шешендері
|
|
|
І деңгей
1.Шешендік сөзді мысалға келтіріп, екі баланың сөзін өз сөзінмен сызбаға жаз.
Не тәтті?
Не жұмсақ?
Не қатты?
|
1 бала
|
2 бала
|
|
|
2. Шешен болу үшін не керек деп ойлайсың? Ойыңды жаз.
Қазақстан рәміздері
ІІІ деңгей
Қазақстан Республикасы рәміздерін дұрыс атап, жазуды үйрен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Респубшликасының Мемлекеттік Гимні
ІІ деңгей
Мәтінді оқы. Төмендегі сұрақтарға жауап жаз.
1996 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының рәміздері- Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы қабылданды.
Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы екі түсті: көгілдір және алтын.
Көк түс-түркі халықтары үшінқасиетті ұғым. Ол бірліктің, адалдықтың белгісі. Алтын түс-байлық пен берекенің белгісі.
Мемлекеттік рәміздер халқымыздың еркіндікті сүйетіндігін, ниеті мен тілегінің таза, асқақ екендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Ол қашан қабылданды?
Қазақстанның Туы мен Елтаңбаның түсі қандай?
Көк түс ненің белгісі?
Алтын түс ненің белгісі?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер?
Қазақстан Респубшликасының Мемлекеттік Гимнінің авторлары кімдер?
І деңгей
Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құра.
Отан, мемлекет, үлкен, табиғат, таулар.
Жылдық қайталау.
Грамматикалық тапсырмалар.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Сенің атың кім?
Сенің отбасыңда неше адам бар?
Сен қай мектепте оқисың?
Сенің мекенжайың қандай?
Қазақтың ұлттық тағамдары мен киімдерін білесің бе?
ҚР-ның рәміздерін ата.
2-тапсырма. Тақырып бойынша диалогты өзара жалғастырыңдар.
- Сәлем, Айдос!
- Сәлем, Андрей?
- Айдос, Жаңа Жыл мерекесі жақындап келеді. Сен туыстарыңа не сыйлайсың?
- Мен ата-анама жәдігерлік сыйлаймын.
- Ініңе не сыйлайсың?
- Ал ініме коньки сыйлаймын, өйткені оның ермегі-спорт.
- Қарындасыңа не әпересің?
- Қарындасым 5 жаста, оған қуыршақ сыйлаймын. Андрей, өзің қандай сыйлықтар аласың?
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді баған түрінде жаз.
Кім? Не? Қандай? Қайда? Қанша?
.... ...... ....... ..... .....
Керекті сөздер: нағашы, жиырма, адам, жер, үйде, отыз бес, үлкен, Отан, тәтті, бес, сыйлық,отбасы, ащы, он жеті, жайлауда, табиғат аясында, дәмді.
4-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер жазыңдар.
5- тапсырма. Берілген үстеулерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.
Таңертең, былтыр, іште, едәуір, жылдам, аса, босқа, аз-аздан.
6-тапсырма. Синонимдік қатарды жалғастырыңдар.
Тәуелсіз, егеменді,....
Жариялады,...
Бүкілхалықтық мейрам,...
Тест тапсырмаларын орында.
1. Туынды үстеуді көрсетіңдер
А) әдейі бардым
В) ертең келеді
С) әрең жүреді
Д) жылдамырақ жүреді
Е) талай жүрген жерім
2.. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
а) 42
ә) 12
б) 37
в) 26
3.Негізгі сын есімді табыңдар
А) еріншек
В) батыл
С) шыдамы
Д) адам
Е) рухани
4.Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?
а) 1989ж. 22 қыркүйекте;
ә) 1991ж. 11 шілдеде;
б) 1997ж. 11 шілдеде.
5. Қазақстанның рәміздеріне не жатады?
а) Президент, астана, ту
ә) елбасы, елтаңба, бас қала
б) ту, елтаңба, гимн
в) гимн, кітап, ту
6.Етістіктің өткен шағын көрсетіңдер
А) жеткізер
В) жеткізген
С) жеткізетін
Д) жеткізеді
Е) жеткізді
7.Қазақ халқының ұлттық тағамдарының негізгі үш түрі:
А.Ет тағамдары, сүт тағамдары,нан тағамдары
Ә.Ет тағамдары, қазы, қарта
В.Сүт тағамдары, нан тағамдары,қымыз.
8. 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» (СӨС) бағдарламасы неше кезеннен тұрады?
а) 5
ә) 3
б) 4
в) 2
9. Туда не бейнелеген?
а) күн, қыран құс, ою
ә) шаңырақ, тұлпарлар
б) аспан, жұлдыз
10.Дауларға байланысты не туған?
а) шешендік сөздер
ә) айтыс
б) мақал – мәтел
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әдістемелік нұсқау хат.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты.
Пән бойынша оқу бағдарламасы. Астана 2010.
7-сыныпқа қазақ тілі пәніне арналған күнтізбелік жоспар.
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. «Атамұра» 2011.
7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. «Алматыкітап баспасы» 2011.
Сарыарқа. Қазақ тілі. 2008.
Қазақ тілі.Учебник для 7 класса общеобразвательной школы с русским языком обучения. Авторлары: Г.К. Аймағанбетова,П.С. Талдыбаева, және т.б. шығармашылық топ.2011ж.
Достарыңызбен бөлісу: |