Қарағанды қаласының білім бөлімі «№137 негізгі орта мектебі» кмм



бет1/15
Дата25.12.2016
өлшемі4,15 Mb.
#4601
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

«№137 негізгі орта мектебі» КММ

Қазақ тілі пәнінен деңгейлік тапсырмалар

7-сынып

Қарағанды 2015ж.

Құрастырушылар:

№ 137 НОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташмагамбетова А.Т.

№82 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алдангарова Ү.С.

№85 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташмаганбетова А.Т.

Пікір жазған: №85 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ӘК жетекшісі Химжанова Ж.Б.

Резензент: Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ф.ғ.к., доцент Рахымберлина С.А

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................................4

Түсінік хат........................................................................................................................5

Жұмыстың мақсаты........................................................................................................6

Менің отбасым................................................................................................................7

Қазақ тілі- мемлекеттік тіл.............................................................................................7

Менің ана тілім...............................................................................................................8

Сыйлықтар...................................................................................................................8-9

Сыйлықты қай кезде береді?........................................................................................9

Анама сыйлық..............................................................................................................10

Жаз......................... ......................................................................................................10

Жазғы демалыста ........................................................................................................11

Жайлаудағы жаз...........................................................................................................11

Табиғат аясында...........................................................................................................12

Досымның жазғы демалысы.......................................................................................12

Ас –адамның арқауы....................................................................................................13

Мектеп асханасында.. .................................................................................................14

Ұлттық тағамдар..........................................................................................................14

Сүттен жасалатын тағамдар........................................................................................15

Ет тағамдары........... .....................................................................................................15

Киім.Киім кию туралы.................................................................................................16

Ұлттық киімдер.............................................................................................................16

Спорт киімдері..............................................................................................................17

Сұлу, әдемі музыка......................................................................................................18

Қазақтың музыкалық аспаптары...............................................................................19

Қазақ сазгерлері..........................................................................................................19

Қазақтың атақты күйшілері...................................................................................20

Менің әуес ісім.....................................................................................................20

Спорт түрлері...........................................................................................................21

Салауатты өмір салты................................................................................................21

Қазақтың ұлттық ойындары..................................................................................22

Интернет деген не?........................................................................................................22

Шешендік өнер............................................................................................................23

ҚР-ның мемлекеттік рәміздері...................................................................................23

Жылдық қайталау .........................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................26


Кіріспе

Білім берудің негізгі мақсаты жан-жақты білімі бар, өзіндік ой-толғамы мен іскерлігі бар, ұлтжанды тұлға қалыптастыру болып отыр.

Деңгейлік тапсырмалар негізінен оқушының жазбаша тілін дамытуда ойын мәтінге және суретке сүйеніп, өзінше жазбаша түрде білдіруге үйретеді. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.

Сабақта оқушы белсенділігін арттыру үшін:



  • тапсырмаларды өз беттерінше орындату,

  • жаңа сөздерді түсіне білуге жетелеу;

  • сурет бойынша дұрыс сөйлем құруға меңгерту:

  • ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту:

  • берілген деңгейлік тапсырмаларды сауатты қолдана алуын меңгерту;

  • дұрыс оқып, сауатты жазуға баулу

Осындай мақсатты жүзеге асыру жолында әрбір ұстаз, мұғалімдер қауымы өздерінің білігін, білімін, тәжірибесін ортаға салып еңбек етуде. Бұл деңгейлік тапсырмалар да осындай қажеттілікті қанағаттандыру негізінде туындап отыр. 

Тақырыптар бойынша оқушылар жаңа сөздерді қаншалықты меңгергендерін деңгейлік тапсырмаларда ұсынылған сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру арқылы байқауларына болады. Оқушылар оқулықпен жұмыс iстеу барысында жаңа сөздерді естеріне сақтауға тырысады. Сурет бойынша оқушының қисынды ойлау қабілеті арта түседі. Ол үшiн әр сабақ сайын деңгейлік тапсырмаларды пысықтап отырулары қажет. Мiне, осы iсте бұл деңгейлік тапсырма оқушының өзіндік жұмысына жатады. Ол оқушы тілінің байлығын, тілдік тұлғаларды еркін қолданылатын тәжірбиесіне керек етеді.



Түсінік хат

Бұл деңгейлік тапсырмалар орыс тілінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде 7 – сыныбының «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы мен күнтізбелік жоспарына сәйкестендіріліп жасалынды.

«Қазақ тілі» пәніне арналған деңгейлік тапсырмаларда мыналар басшылыққа алынды:


Міне, осы тұрғыдағы тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстарды орындату ұсынылып отыр.

«Қазақ тілі» пәніне арналған деңгейлік тапсырмаларда әртүрлі тапсырмалар оқулық тапсырмаларына негізделініп алынған. Оқушыларға шығармашылық жұмысты өз беттерінше жасауға көмектеседі.



Деңгейлік оқыту арқылы мемлекеттік тілді емін-еркін қарым-қатынас жасай алуына көмек беретін әдістемелік құрал. Өз ойын анық, айқын жеткізе білуіне және сурет бойынша жаңа сөздерді айта алуына баулу мақсатын да берілген әртүрлі тапсырмалар, сұрақтар бұл деңгейлік тапсырманың өзектілігі болып табылады.

Әр оқушының білімділік деңгейін арттыру, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруға бағытталады. Ұсынылған тапсырмалар жүйесін орындау арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, мемлекеттік тілді игеруге мүмкіндік жасайды.

Мақсаты:

Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.


Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру,тілін ,ойлауын мазмұндай білу қабілеттерін дамыту. 
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған. Оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, сурет арқылы жаңа сөздерді меңгеруге көмектесу, ой-өрістерін дамытып, табиғи ерекшеліктеріне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау.

Міндеттері:

Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.


Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған.
Өзектілігі:

Өз ойын анық, айқын жеткізе білуіне және өз ойын жүйелі түрде айта алуына баулу мақсатында берілген әртүрлі тапсырмалар, сұрақтареңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағыттайды.
Күтілетін нәтиже:

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың,оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.


- Оқушылар өз алдына мақсат қоя алады:

- Сыныпта белсенділік таныта алады;

- Жаңа сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құрай алады;

- Ауызекі сөйлеу тілдері артады;



- Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы, қисынды ойлау қабілеттері артады.

Менің отбасым

ІІІ деңгей.

1.Сурет бойынша 3-4 сөз тіркесін құра.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет