Қарағанды облысы мәслихаттың 2015 жылы 11 желтоқсандағы ХL сессиясының №453 шешімімен бекітілген


Инновациялық және инвестициялық дамудың SWOT-сараптамасы



бет14/18
Дата22.05.2018
өлшемі6,37 Mb.
#40584
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2.1.1.9.3. Инновациялық және инвестициялық дамудың SWOT-сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

  1. Облыста инновацияны дамытудың инфрақұрылымы жасалды

  2. Қолайлы бизнес-климат экономикалық және саяси тұрақтылықпен қолдау көрсетіліп отыр.

  3. Аймақтың инвестициялық тартымдылығының жоғары болуы бай табиғи және минералдық ресурстарының болуынан.

Әлсіз жақтары :

  1. Өндіріс саласында фармацевтикадан басқа, жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өнім шығару мүлдем жоқ.

  2. Инвестицияны тарту бойынша бәсекелестік жағдайдың әлсідігі (кедендік және валюталық режим).

  3. Инвестициян тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы (арнайы зоналар, қаржылық, банктік ақпараттық, сараптамалық, консалтингілік, транспорттық және т.б.).

  4. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың санының кемуі




Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Аймақаралық байланысты қалыптастыру

  2. «Инвестор – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсеті .

  3. Қазақстаннның орталығында орналасқандықтан қолайлы болып табылатын геоэкономикалық жағдай, мультикөліктік желі Астана-Алматы серіктес қалаларды дамытуға және урбаникалық шоғырлану аумағында агломерациондық-желілік орналасуға жағдай жасайды.




Қауіптер

  1. Әлемдегі экономикалық дамудың баяулауы және геосаяси тұрақсыздық

  2. Шикізат базысының сарқылуынан инвестициялық тартымдылығының кемуі;

  3. Негізі капиталға құятын инвестиция көлемінің аздығынан қолда бар өндірістік –өнеркәсіптік әлеуеті жоғалту.
2.1.1.9.4. Инвестициялық және инновациялық дамудың өзекті мәселелері

- Экономиканың шикізаттық емес секторының инвестициялық тартымдылығының аздығы (әкімшіліктік барьерлер, дамымаған көліктік және коммуникациялық инфрақұрылым, білікті жұмыс күшінің аздығы, Қазақстандық нарықтың сыйымдылығының аздығы)

- Инвестиция салудың әлеуетті нарығы туралы жеткілікті түрдегі ақпараттың болмауы және Қазақстандық компаниялардың осы нарыққа шығу әдісінің жеткіліксіздігі.

- Инновациялық белсенді кәсіпорындардың санының кемуі;

- Аймақтық технопарктердің жергілікті атқарушы органдармен аз қатынастарының арқасында инновациялық жобаларды іздеудегі қиындықтар


2.1.2. Әлеуметтік сала
2.1.2.1. Білім беру
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру туралы» Заңды сақтай отырып білім беруді модернизациялау жүзеге асырылып отыр.

Облыста мектепке дейінгі ұйым бар, онда 5-6жастағы балаларға мектеп алды дайындық жасалады.

Бүгінгі күні облыста 508 мектепке дейінгі ұйым қызмет етіп отыр, оның ішінде: 196 балалар бақшасы және 312 мини-орталықтар (2012 жыл– 502 бірлік).

Кесте 34.

Мектепке дейінгі ұйым желісінің даму динамикасы



Жылдар

БММ саны

мини-орталықтар саны

БММ қамтылған балалар

МО қамтылған балалар

Жалпы балаларды қамту %

2013

503

312

50353

13113

87

2014

503

312

51231

13637

87

9 ай

2015


508

312

51591

13861

87

Бір жастан 6 жасқа дейінгі қамтылған балалар 87%, ал 3 жастан 6 жасқа дейін – 98%. 2010 жылы 13 мың орын құрылды, негізінен мини-орталықтар желісін құру есебінен (мини-орталықтар – 82%,балалар бақшасы – 18%).

Қолданылып отырған шараларға қарамастан облыстағы аудандар мен қалаларда қосымша орындарға сұраныс сақталып отыр. Облыста мектепке дейінгі ұйымнан орын алуға барлығы 32 427 өтініш тіркелген. Қарағанды, Теміртау қалаларында тұрғындардың туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты сұраныс жоғары орташе есеппен 2,6%.

2015-2016 оқу жылының басында өткен 2012 жылмен салыстырғанда ауылдық елді мекендерде және қалаларда аз кешенді бастауыш мектептерін жоюдан қысқарып отыр.




Сурет 16
. Жалпы білім беретін мемлекеттік күндізгі мектептер желісінің өзгеру желісі динамикасы

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында облыста мектептерді қазіргі заманғы компьютерлік техникамен, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен, интерактивті құралдармен және кеңжолақты Интернетке қолжетімділік қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Ол 2012 жылы бір оқушыға бір компьютерден келу көлемін 6,3 тен 5,4 адамға қысқартты, алмастыруды қажет ететін компьютер техникасын 11,5 тен 10,1% кемітті. Кеңжолақты Интернетке қосылу көрсеткіші 81 ден 82% артты.

Білім берудің 309 ұйымында республикалық электрондық білім берудің e-learning бағдарламасы жалғасып отыр оның ішінде 222 бірлік 2014 жылға енгізілген ( 2013 жылы – 87 бірлік).

Білім беру желісінің білім беру порталын құру мен телекоммуникациялық желі құру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр, АБЖ «Білім ал. Электрондық балалар бақшасы. Электрондық мектеп. Электрондық кәсіби лицей. Электрондық колледж». Интерактивтік технологияны білім беру барысында кең пайдалануға мүмкіндік беретін формалардың бірі ретінде on-line сабақтар болып табылады, олар қазіргі заманғы интерактивтік құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Облыста білім беруді ұйымдары осындай сабақтарға үнемі қатысып отырады. Қазақ және орыс тілдерінде электрондық оқу баспалары пайдаланылады.

Қарағанды қаласында және Сәтбаев қаласында үш ауысыммен оқыту мәселесін шешу үшін 1 200 орынға және 600 орынға мектептер салу басталды. Осы мақсатқа 2015 жылы Ұлттық қордан 900 млн. теңге бөлінді .

Апаттық мектептер санын азайту бойынша жұмыстар жалғасып келеді. Облыста 2 апатты мектеп бар: Бетбұлақ ауылы Ұлытау ауданы және Абай ауданы Құрма ауылында. Бүгінгі күні жаңа мектеп салынып жатыр 80 орын (ЖБ) және 320 орын (РБ).

Бетбұлақтағы мектепті қолданыстан шығару алдағы жылға жоспарланған, Құрмадағы мектепті қолданыстан шығару 2016 жылдың соңына жоспарланған.

Тек 2014 жылы 4 балалар бақшасы, 1 жалпы білім беру мектебі, өнер мектебі, жатақханасы бар колледж және 1 қосалқы құрылыс салынды (2011 жылы - 2 мектеп, 5 балалар бақшасы). Капиталдық жөндеу 22 мектепке жасалды (2011 жылы 31 мектепке жөндеу жасалды).

Ауылдық жерлерде білім беру сапасын арттыру міндеті өзекті болып отыр. 2015 жыл басынан бері 46,5% мектеп аз комплектілі болып саналады. Осы мектептердің проблемасын шешу үшін облыста 17 ресурстық орталық қызмет етеді олар әр түрлі деңгейдегі 51 аз комплектілі мектептерді біріктіреді.

Облыстағы мектептегі білім беруді 18 827 педагогтар жүзеге асырады. Оның ішінде әйел адамдар 15841 адам немесе 83,4%, оның ішінде ауылдық жерлердегі – 2,4%. Еңбекақысының төмен болуына байланысты әлеуметтік пакетінің төмендігі мен артықшылықтар аз болуына байланысты жас педагогтардың келуі аз.

10 131 педагогтың 53,8% жоғары және бастапқы біліктілік санаты бар, ол 2011 жылмен салыстырғанда 2,4% артық.

2012 жылдан үш деңгейлі бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсы 3 123 педагог өтті немесе 16,6% жалпы саннан алғанда. Облыстағы аталған курстан ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес өтеді.

2015 жылы 449 мектепте (87% жалпы саннан) ыстық тамақ беру ұйымдастырылды, ол 2012 жылғымен салыстырғанда 11 мектепке артық. Ыстық тамақ 168 762 балаға ұйымдастырылған (95%) жалпы саннан, 2012 жылы 26 546 балаға артты немесе 10% (2012 жыл – 142 216 бала, 85,0%). Тегін тамақтандырумен аз қамтылған және балалары көп отбасының оқушылары 100% қамтамасыз етілді.

Облыста 4,0 мыңнан артық жетім бала және ата анасының қарауынсыз қалған балалар бар (білім беру саласында - 1250, денсаулық сақтауда– 271, әлеуметтік қорғауда – 115, асырап алу және қамқорлыққа алуда және потранаттық тәрбиеде 2485). 9 айда 2015 жылы мемлекеттік мекемесіндегі тәрбиеленуші 263 балала қамқорлыққа алу отбасына орналастырылды (асырап алу), патронаттық тәрбиеге және асырап алуға (осы уақытта 2014 жылы - 277 бала берілді). 12 балалар үйінде оның ішінде ЖМ «Қайта жаңғыру Балалар үйі» және «SOS Балалар ауылы» Теміртау қ. 1250 жетім қараусыз қалған балалар тәрбиеленуде.

Инклюзивтік білім беруге ерекше көңіл бөлініп отыр. Облыста арнайы реттеуші мекемелердің барлық түрлері сақталған және инклюзивтік білім беруге жағдай жасалып отыр. Арнайы білім беру желісіне (түзету) білім берудің 16 арнайы коррекциялық ұйымы кіреді ( 2012 жылы – 16): 10 мүмкіндіктері шектелген арнайы (түзету) мектеп интернаттар онда 1550 бала бар (1761), 2 психологиялық-медико-педагогикалық кеңестерде (ПМПК), дамуында проблемасы бар балаларға арналған 1 реабилитациялық «Үміт» 3 психологиялық-педагогикалық түзетуге арналған кабинет.

Одан басқа білім беру ұйымдары жанында 92 логопункт қызмет етеді, олардың желісі 2012 жылмен салыстырғанда 14 бірлікке артты, сонымен қатар жалпы білім беру мектептерінде 99 (2012 ж. – 105) арнайы түзету кластары бар, оның желісі инклюзивтік білім беруді дамытуға байланысты 6 класқа қысқарды.

81 мектебі жоқ елді мекендегі 1305 балаға: оның 268 апта сайын барып қайтатын интернат ашылды, ал 1037 балаға күн сайын мектепке апарып алып келу ұйымдастырылды (2012 жылы – 74 елді мекенде - 8017 бала тұрады).

Соңғы бес жылда жазғы сауықтыру мекемелері 17 тен 13 кеміген.

Білім беру жүйесінде балаларға қосымша білім беру желісі 56 ұйымда оның ішінде 6 жеке ұйым (Қарағанды. Теміртау қ.). Желінің 1 бірлікке қысқаруы 2014 жылы Теміртау қ. Балалардың музыка мектебінің жабылуы «Т.Әубәкіров атындағы гимназияны» ұйымдастырудан болды.

Облыста қосымша білім беру ұйымы қамтыған бала саны 23% немесе 40 309 бала, ол жалпы алғанда 1-11 клас оқушылары арасынан алғанда. Қосымша білім беруге қамту 2011 жылғы деңгейде қалып отыр.

ТКББ жүйесінде 71 колледж әрекет етіп отыр, оның ішінде 44 мемлекеттік және 27 мемлекеттік емес. 2011 жылмен салыстырғанда колледж желісі 11 бірлікке кеміді оның ішінде: 7 жеке колледж лицензиялық талаптарға сәйкес еместігінен жабылды, 3 колледж ЖОО жанындағы - мемлекетік университеттің меншіктік формасының өзгеруінен жабылды, екі коммуналдық мемлекеттік мекеме қосылу арқылы қайта құрылды, 2014 жылы Нұрада көппрофилді колледж ашылды.


Кесте 35.

2012-2015 жылдардағы ТКББ ұйымдастырудың желісінің өзгеру динамикасы жылы ах



201.

2014 ж.

9 ай . 201.

Бірлік саны

контингент,адам

Бірлік саны

контингент,

адам

Бірлік саны

контингент,

адам

78

51514

74

47491

71

43612

Арнайы техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды даярлау 16 сала бойынша жүргізіледі, 105 мамандық, 191 біліктілік. 2012 жылмен салыстырғанда дуалды оқытуды жүзеге асыратын колледж саны 7 ден 27 артты және жалпы оқыту орынын көлемінің 36 % құрап отыр. 2015жылдың соңына ол көрсеткішті 40% жеткізу көзделіп отыр.

Аталған оқыту формасындағы түлектерді жұмысқа тұрғызу көрсеткіші 75,6% артты 2011 жылы 77,8% 2015 жылы, техникалық және кәсіби білім беру ұйымы түлектері саны 2,15% кеміді: 16672 ден 16358 адамға; оқу орнынан кейін білімін жалғастырған студенттер үлесі 11% ден 12,7 % артты.

2012 және 2015 жылдардағы қорытынды бойынша «Дәстүрлі жастағы техникалық және кәсіби білімі бар жастарды қамту үлесі (14-24 жас): 2012 жылы жоспарда – 20,6%, нақтысында – 22,6%; 2015 жылы жоспарда және нақты – 19,3%.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу дәрежесін арттыруды қамтамасыз ету үшін облыста 8-11 клас оқушылары арасында кәсіби бағыттау шаралары өткізіледі (ерте кәсіби бағыттау негізінде үздіксіз білім беру моделін енгізу, БАҚ бару және т.б.).



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет