Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков


БАЙСАЛ КӨЛІ – Байсал – тыныштық, тыным, сабыр [ҚТС, 77]; көл –  айналасы тұйықталған су тоспасы [ҚТС,323]. Нұра ауданы.  СҰЛУ ҚАМЫС КӨЛІ



Pdf көрінісі
бет71/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
БАЙСАЛ КӨЛІ
– Байсал – тыныштық, тыным, сабыр [ҚТС, 77]; көл – 
айналасы тұйықталған су тоспасы [ҚТС,323]. Нұра ауданы. 
СҰЛУ ҚАМЫС КӨЛІ
Сұлу – 1. кескін-келбеті көрікті, ажарлы, өңді; 
2. Сәнді, әсем [ҚТС, 585]; Қа-мыс – батпақты, сулы жерлерде өсетін, қияқ 
жапырақты көп жылдық өсімдік [ҚТС, 370]; көл – айналасы тұйықталған су 
тоспасы [ҚТС, 323].
ТАССУАТ КӨЛ
– Тас – таулы жерлердегі қатты кристалл жыныс, соның 
үлкенді-кішілі бөлшек-тері [ҚТС, 621]; суат - өзеннің, бұлақ-тың мал суаратын 
жері [ҚТС, 582]; көл – айналасы тұйықталған су тоспасы [ҚТС, 323].
ҰЛЫ КӨЛ
– Ұлы – 1.орасан зор, үлкен, ірі; 2. асқан кемеңгер, данышпан 
[ҚТС, 683]; көл – айналасы тұйықталған су тоспасы [ҚТС, 323].
ҰЗЫН КӨЛ ҚАЗЫБЕК
– Ұзын – 1. қысқа емес, шұбатылған; 2. аласа 
емес, биік [ҚТС,680]; көл – айналасы тұйықталған су тоспасы [ҚТС, 323]. 
Осы есімді адамның мекені болғандықтан аталуы мүмкін.
 
Оронимдер этимологиясы
Ор
өзенінің этимологиясы туралы орыс ғалымы П.И.Рычков 1762 жылы 
былай деген болатын: «Ор деген – түркі сөзі, оның екі мағынасы бар. бірінші 
мағынасы «перекоп, линия», ал екінші мағынасы «устье, отверстие, ворота». 
Біз П.Рычковтың «Ор-түркі сөзі» деген пікіріне қосыла отырып, бұл сөз түркі 
тілдеріндегі «ой», «шұңқыр» деген мағынамен орайлас па деп ойлаймыз.
Ә.Х.Марғұлан Кертағ (Кертау) тауы- Ақадыр станциясының оңтүстігінде 
75 км жерде орналасқан Қызылтаудың ескі аты, ал Ортағ (Ортау) Ақадыр 
станциясының батыс жағында 50 км қашықтықта жатыр деп көрсетеді. Бұл 
жерде осы екі атаудың этимологиясы туралы пікір айтқан жөн. Бұлардың 
екінші компоненті тағ қазіргі қазақ тіліндегі тау сөзінің көне фонетикалық 
түрі. Ал 
Кертау
деген атаудың кер деген бөлігі көне замандарда «тау», «қыр», 


160
«шың», «жота», «тау басы» деген мағынада қолданылған. Орта ғасырларда 
Ортағ
аталған тау қазір Ортау делінеді. М.Қашғари еңбегінде кездесетін 
Бақырлығтағ
атауын Ә.Х.Марғұлан Жезқазған маңындағы Милықұдық 
атауымен теңестіреді. Ал Бақырлығтағ атауының көне формасын қазіргі қазақ 
тіліне аударсақ, бақыр(жез) лы + тау, яғни Жездітау деген сөз. Көне түркі 
тілдерінде жез-ді бақыр деп те атаған.
Сары
сөзімен құрамдасып келген атаулар, сөз тіркестері тілімізде тек түсті 
ғана білдірмейді, «кең», «мол», «үлкен» деген мағыналарда да қолданылады. 
Қазақ топонимисі Е.Қойшыбаев та Сарыдала, Сарытау, Сарыбел, Сарыжота 
деген атаулардың құрамындағы сары сөзі «кең, үлкен» мағынасын білдіреді 
деп қарайды.
Тау аттары (оронимдер) бір немесе екі - үш сөзден де қойылып отырған. 
Орталық Қазақстандағы тау аттары негізінен ана тіліміздегі сөздерден 
алынған. Сондықтан да олар жалпы қауымға түсінікті, мағынасы айқын. Тау 
атаулары құрамында жергілікті географиялық терминдердің де саны басым.
Орталық Қазақстан оронимиясында кеңінен тараған, түркі тілдерінде 
түрліше вариантта айтылатын тау термині көбіне биіктік мағынасын 
білдіреді. Ал гагауз, қырым - татар, караим, якут тілдерінде және түрік 
тілінің диалектісінде сол 
may 
сөзі «орман» мағынасында да қолданылады. 
Оның кейбір түркі тілдерінде «солтүстік» деген мағынаға ие екенін академик 
A.H.Кононов ашып берді.
Адыр 
басқа да көптеген түркі тілдердің құрамында бар. Түркі тілдес 
регионда адырдың географиялық мән - мағынасы қалай өзгеріп отыратынын, 
сонымен қатар 
адырдың айыр 
сөзімен этимологиялық гомогендік байланысы 
барын, көне Орталық Қазақстан оронимиясында 
адыр 
термині арқылы 
жасалған екі компонентті атаулардан мысал ретінде келтірейік: 
Қандыадыр 

тау, Нияз тауларының солтүстік - шығысында, Қарағанды облысы; 
Қаптаадыр 

таулар, Арғанаты тауларының солтүстігінде, 
Қараадыр - 
тау аттары, Ұлытау 
тауларында Арғанаты тауларының оңтүстік - шығысында, Қарағанды облысы. 
Қарағанды облысы топонимиясында ұшырасатын, жер бедерінің 
ерекшеліктерін айқындайтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет