Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет74/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
 
АҚЕМШЕК
– 
тау, 
биік. 528,1 м, Жаңаар. ауд. 
Ак, 
(сын есім), 
емшек 
(зат 
есім) сөздерінен жасалған атау. Таудың емшекке ұқсастығына карап қойылған
атау.
АҚҚЫЗ
– 
тау, 
биік. 512,3 м, Жаңаар. ауд., Қыналы көлінің онт.-бат.-да. 


162
Кісі есімінен койылған тау аты.
АҚТАС

 
тау, 
биік. 507,4 м, Жаңаар, ауд. 
Ақ 
(сын есім) және 
тас 
(зат 
есім) сөздерінен бірігіп жасалған атау.
АҚШОҚАТ 
– 
тау, 
биік. 572,2 м, Жаңаар. ауд. 
Ақ 
(сын есім) 
+шоқат 
(зат 
есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Атаудың екінші сыңарындағы 
шоқат – 
«ұсақ төбе, шоқылар», яғни Ақшоқат – «ақшыл түсті шоқылар мен төбелер».
АҚШОҚЫ 

 
тау,
Қу тауының оңт.-батысында, Мұңлы тауының солт.-
батысында,
 
көл,
Ақтау тауларының солтүстігінде, Үлкен Алабас тауының 
солт.-батысында

 
шоқы
, Шашты тауының солт.-шығысында,
шоқы ,
Қаражал 
қаласының оңтүстігінде, Қарашоқы тауының солтүстігінде орналасқан.
 
Ақ 
(сын есім) 
+шоқы 
(зат есім) сөздерінің бірігуінен жасалған. Атаудың 
мағынасы – «түсі ақ төбе, шоқы».
АҚИРЕК
– 
шоқы
, Жаңаар. ауд. Ақтау с/о. Қызылтас тауының оңт.-
шығысында, Желтау тауының солт.-батысында орналасқан. 
Ақ 
(сын есім) 
және ирек сөздерінен құрастырылған атау. Мағынасы – «Түсі аппақтығымен 
ерекшеленіп тұрған шоқы».
АТАБАЙ
– 
тау, 
биік. 447,4 м, Жаңаар. ауд., Сарысу өзенінің солт.-де.; 
құд., 
Жаңаар. ауд., Қырқұдық құд.-ның қасында, Кісі есімінен қойылған топоним.
АЮЛЫ 
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. Ақтау с/о жерінде. Атауы ертеде аюлар 
мекендегендіктен қойылған. Ақырғы аюды 1949ж. геологтар атып алған
АЛАБАС 
– 
тау, 
Ақтау с/о жерінде, Жаңаар. ауд. Ақтау тау массивіне 
жатады. Екі сөзден 
ала+бас 
біріккен атау. 
Ала
сөзі отыздан астам түркі 
тілдерінде жеке де, туынды түбір де, қос сөз, біріккен сөз құрамында да өте 
жиі кездесіп, өзінен кейін тұрған сөздің түрін, түсін, белгісін, реңін білдіретін 
анықтаушы, не қос сөздің алдыңғы компоненті ретінде қолданылады. (ҚТҚЭС 
-1966.б.27). Мұндай атау негізінен тау аттарына (ороним) тән. Мысалға:
«Алабас – тау... Мағынасы: «ақ, қара, ала түстер аралас тау» (ҚГАС (ЖО)., 
1990.б.34). 
АРҚАСЫ
– 
тау, 
биік. 450,6 м, Жаңаар. ауд. Атаудың бірінші сыңарындағы 
арқа 
(зат есім) түркі тілдерінде «тау орманы», «шың, қыр, тау», «тау жалы, 
қыры» мағыналарын береді, ал оның екінші кұрамындағы 
сы 
қосымшасы 
екі элементтен құралған. яғни 
с 
– көптік жалғауының көне көрсеткіші, 
ы- 
тәуелдік жалғауы. Демек, 
Арқасы 
– «орман-тоғайлы келген биік жоталар мен 
таулы төбелер».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет