Қарағанды облысы топонимдері Нұр-Сұлтан, 2020 Т. Аршабеков



Pdf көрінісі
бет79/182
Дата04.11.2023
өлшемі7,57 Mb.
#189322
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   182
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov, Я против наркотиков, тапсырма 9 - психология
КӨКСЕҢГІР 
– 
тау
, Жаңаар. ауд., Шөлқоңыр тауының оңт. – шығысында, 
Манақа өзенінің бойында.
Көк 
(сын есім)
, сеңгір 
(зат есім) сөздерінің 
қосылуынан құралған атау. Мағынасы – «алыстан көгеріп көрінетін биік тау».
КӨКТАС
– 
тау, 
биік. 531,4 м, Жаңаар. ауд. Шалғия пос.-нің шығ.-да; 
өз. 
ұз. 142 км, Сарысу алабында. Жаңаарқа ауданының оңтүстік бөлігінде, әуелі 
шығысқа, одан кейін батысқа қарай ағады. Желдітау, Қу тауларынан басталып, 
Жетіқоңыр құмының солтүстігінде тартылып қалады. Су жинайтын алқабы 
6560 шаршы км. Оң жағынан Ақтассу (10 км.), Еспенбек (20 км.), сол жағынан 
Сарыбие (31 км.), Қарасай (73 км.), Сағынтай (38 км.) т.б. салалары келіп 
құяды. Жоғары және орта ағыстарының аңғары тастақты, тар. Негізінен қар, 
жерасты суларымен толысады. Жазықта қарасуларға бөлініп қалады. Шөл 
далада орналасуына байланысты бұл өзеннің мал суаруда, жайылымдарды 
суландыруда маңызы зор. 
Көк 
(сын есім), 
тас 
(зат есім) сөздерінің қосылуынан 
жасалған атау. Мағынасы: «бұл тауда, немесе өзен маңында көк тастардың 
көп екендігін» білдіреді.
КӨНЕК 
– 
төбе, тау, 
Жаңаар. ауд. Ералиев с/о. Балажелкекті тауының 
солт.-шығысында, Ералиев ауылының батысында. Зат есімінен жасалған атау. 
Мағынасы: «төбенің көнекке ұқсас екенін» білдіреді.
КІШІ АҚМАЯ
– 
төбе,тау, 
Жаңаар. ауд. Отаутас тауының шығ. жағ.-да. 
Кіші 
(сын 
есім), ақ 
(сын есім)+мая (зат есім) сөздерінін тіркесуі мен бірігуінен 
жасалған. Негізгі тау аты 
ақ маяға 
(үйілген шөпке) немесе шөккен түйеге 
ұқсас болған соң қойылған да, 
кіші 
сөзі таудын «Үлкен Ақмаяға» қарағанда 
шағындығын білдіреді.
КІШІ ТОЛАҒАЙ
– 
тау, 
Жаңаар. ауд. 
Кіші 
(сын есім) 
-\-толағай 
(зат есім) 
сөздерінін. косылуынан жасалған. Негізгі Толағай атауының монғол (қалмақ) 
тіліндегі мағынасы: «бас» деген сөз, яғни бұл таудың басқа ұқсауынан 
қойылған. Ал атаудың алдында тұрған 
кіші 
сөзі таудың «Толағай» тауына 
қарағанда үлкен еместігін білдіреді.
КІШІ ШАШТЫ
 
– 
тау, 
биік. 541,8 м, Жаңа-ар. ауд. Сарысу өзенінің оңт.-
де. Таудың негізгі 
Шашты 
бөлімі тауда өсімдік 
шаш 
сияқты өсіп тұрғанын 
білдіреді. Ал 
кіші 
сөзі таудың үлкен еместігін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   182




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет