Аралас оќыту технологиясын ќолдану


Математика пәнін оқытуда аралас оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі53,26 Kb.
#85770
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-7-АОТ

Математика пәнін оқытуда аралас оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері

Аралас оқыту моделі – бұл білім алушылардың үйде немесе мадиатекада өз бетінше жұмыс істеу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануларымен шектелмей, олардың танымдық іс-әрекеттерінің бір бөлігі оқытушының тікелей қатысуымен сабақта жүргізіліп, ал екінші бір бөлігі дербес не кіші топтық серіктестерімен бірлесе отырып, өз бетінше жұмыс істеуге бағыттылған қашықтықтан оқыту формасымен жүргізілетін біртұтас оқу үдерсі.


Аралас оқытудың компьютерлік бөлігі:

  • материалға «жан бітіреді» және онымен білім алушының қарымқатынасқа түсуін қамтамасыз етеді;

  • интерактивтілікті береді, белсенді оқытуға талпындырады;

  • дәрісте жай мәтін түрінде түсіндіруге қиын соғатын кейбір идеяларды көрнекі демонстрациялайды;

  • әртүрлі симуляциялар арқылы оқылатын үдерістің ішіне үңілуге мүмкіндік береді;

  • өзбетінше оқу және өзін-өзі бақылау дағдысын дамытады;

  • білім алушыларға қауіпті немесе қымбатқа түсетін мүмкін болмайтын жағдайларды байқап көруге мүмкіндік береді.

Білім берудің қазіргі кезеңінде оқытудың аралас формалары негізінен қашықтықтан оқыту формасында қолданылады, яғни контентті оқу қашықтықтан оқыту режимінде жүреді, ал білімді бағалау, оқытудың классикалық түрінде жүргізіледі. Алайда, оны кері қолданған жағдайда (жоғары оқу орнының классикалық күндізгі оқыту кезінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану) аралас оқытудың технологиясы жиі кездеспейді. Мұның негізгі себептері төмендегідей:

  • оқу контенттерін жасауға арналған қашықтықтан оқытуды жүргізу кезінде қолдануға болатын құралдардың болмауы;

  • қашықтықтан оқыту технологиясының аясында білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

  • оқытудың спецификациясы (әсіресе, мектепте оқыту спецификациясы);

  • білім алушылардың ішінде дербес компьютері жоқ не Интернет желісіне қосылмағандардың жеткілікті жабдықталмауы;

  • т.с.с.

Сонымен, жоғарыда сипатталған аралас оқыту технологиясы бізге танымал екі технологияны дәстүрлі және қашықтықтан оқытуды үйлестіре отырып қолдануды ұсынатыны және оны қолдану үшін оқу үдерісін ұйымдастырудан бастап, әр пәннің мазмұны мен әдістемесіне дейін қажетті өзгерістер енгізуді талап ететіні анықталды. Пәндегі әдістемелік өзгерістердің қандай бағытта болатынын көрсету мақсатында информатика пәнін қарастырайық.
Әдетте, математика мұғалімінің кәсіби қызметінің мазмұны ретінде оқу-тәрбиелік үдерісті педагогикалық ғылым мен практика талабы деңгейінде ұйымдастыру, математиканы оқыту әдістемесін білу және меңгеру, заманауи технологияларды білу, әртүрлі қызмет салаларында математикалық модельді құру, құрылған математикалық модельді шеше білу талап етілетіні белгілі. Сонымен қатар, олардың компьютерді толық меңгере отырып, математикалық модельдерді, қолданбалы бағдарламалар пакетін, олардың қажетті қызметтерін таңдап, сабақта тиімді қолдана білуі, яғни ақпараттық-коммуникациялық-технологиялық құзырлылығы жоғары деңгейде қалыптасқан болуы тиіс. Олай болса математик-мұғалімнің өз кәсібіне шығармашылықпен қараудың арқасында аралас оқыту технологиясын қолдану мүмкіндігі бар деп есептейміз.
Математика пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттарды іздестіру, жинау, сақтау және көрсету дағдыларын қалыптастырып және дамыту үшін өзбетінше жұмыс істеулеріне көп көңіл бөлу қажет. Оның үстіне, офистік бағдарламалармен жұмыс істеуді үйрететін көптеген анықтамалық сайттар мен тренажерларды пайдаланып, сол тақырыптарды өзбетінше игеру үшін электронды оқытуды қолдануға болатыны белгілі. Сол сияқты пәннің басқа да тақырыптарына талдау жасап, аралас оқыту технологиясы жағдайында қандай материалдарды қашықтықтан оқытуға болатынын ажырату да әдістемелік зерттеуді талап етеді.
Аралас оқыту технологиясының элементтерін математика пәнін оқытуда қолдану үшін оқушылар өз бетінше оқи алатын тақырыптарды таңдап, топтық тапсырмалар беруге болады. Сыныпты бірнеше ішкі топтарға жіктеп, олардың әрқайсысына тақырыптың бір бөліктерін тапсырып, берілген уақыттан кейін барлық материалдарды біріктіріп, тақырыптың тұтастай есебін жасату керек. Сонан кейін сабақта сол есеп бойынша әрбір оқушыға өзінің қосқан үлесін айтқызып, оны талқыға сала отырып, оқушыны әрі ұжымдық жұмысқа, әрі өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге болады. Сонымен бірге бұл материалдың кемшіліктерін жөндеп, толықтырған жағдайда оны аяқталған дайын цифрлық білімдік қорға айналдыру мүмкіндігі де бар.

Іс жүзінде мектепте аралас оқытуды енгізудің келесі негізгі модельдері бөлінеді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет