Аралас оќыту технологиясын ќолдану



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі53,26 Kb.
#85770
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-7-АОТ



Лекция тақырыбы: Аралас оқыту технологиясы және оны математиканы оқытуда пайдалану жолдары


Жоспары:

  1. Кіріспе. Аралас оқыту технологиясы.

  2. Аралас оқыту технологиясының модельдері

  3. Аралас оқыту модельдерінің деңгейлік интеграциясы

  4. Математика пәнін оқытуда аралас оқыту технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері


  1. Кіріспе

Бүгінгі таңда елімізде орта білім беру жүйесінің 12 жылдық білім беруге көшуі, әлемдік білім беру кеңістігіне бағдар тұтуы білімге деген көзқарастың жаңаша қарастырылуын көздеп, білім берудің жаңа парадигмасын тудырып отыр.


«Парадигма» латын тілінен аударғанда «үлгі» деген мағынаны білдіреді, ал қазіргі педагогикада білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылып келеді.
Білім беру парадигмаларының көптеген түрлері бар: дәстүрлі-консервативтік (білім парадигмасы); феноменологиялық (гуманистік парадигмасы); рационалдық (тәртіптілік парадигмасы); технократтық; эзотерикалық. Әрбір парадигма «оқушыны не үшін тәрбиелеу керек, қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай жағдайда да тек білім». Феноменологиялық парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке тұлға ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын (ортаға бейімделу, оның ойы, сезімі және іс-әрекеттерімен санасу) меңгерту жатады. Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдерді беру, мұнда адамның қасиеті оның білімінен, тәртібінен және оны тасымалдауынан танылады. Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. Бұл жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып табылады.
Аталған білім парадигмаларына теориялық талдаулар жасай отырып, олардың тарихи кезеңде бірін-бірі алмастырушы парадигмалар ретінде жаңа идеялар мен принциптердің, шығармашылық қатынастар мен мәдениеттің дамуын терең ұғынуды талап ететінін айтуға болады. Сондықтан да, біз білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтамны негізге аламыз.
Сонымен, білім берудің жаңа парадигмасы бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды мақсат етеді. Әлемдік білім кеңістігіне ұмтылу, әрине, білім беру жүйесін ақпараттандырудан туындайды.
Ақпараттандыру негізінде білім беру жүйесін модернизациялау мәселесін зерттеушілер (А.А.Кузнецов, М.П.Лапчик, И.В.Роберт, В.П.Демкин және т.с.) дәстүрлі білім беру технологияларын заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (АКТ) рациональды үйлестіру деп анықтап, оны модернизациялау мәселесін шешуде мүмкін болатын жолдардың бірі деп көрсетеді. Соңғы жылдары білім беру жүйесінде АКТ-ны қолданудың перспективті бағыттарының бірі ретінде аралас оқыту технологиясы қарастырылуда. Ол электрондық оқытудың бір түрі ретінде білім берудің жаңа парадигмасында практикаға ене бастады.
Аралас оқытудың негізін класта классикалық оқыту технологиясы мен виртуальды немесе on-line-оқыту тенологияларын дидактикалық тұрғыдан мағыналы біріктіру құрайды. Мұндай тәсіл дәстүрлі оқытудың негізгі проблемасы – әрбір оқушының әлеуетті қабілеттерін іске асыру мен дамыту мүмкіндіктерінің шектеулілігі проблемасын шешуге ыңғайлы жағдай туғызады деп саналуда. Аралас оқыту – дәстүрлі «тірі» оқыту мен оқу үдерісіне қатысушылардың бірігіп әрекеттесуін іске асыруға мүмкіндік беретін екінші кезеңдік Интернет-ресурстың көмегімен оқытуды араластыру (комбинирлеу). Жалпы алғанда, аралас оқытуды қашықтықтан оқытудың бір түрі немесе жалғасы деп есептеуге болады, бірақ олардың ерекше айырмашылығы бар, ол – аралас оқытуда білім алушылардың бір-бірімен және оқытушымен міндетті түрде «тірі» қарым-қатынаста болуы. Демек, аралас оқытуда күндізгі және қашықтықтан оқыту технологияларының элементтері белгілі бір пропорциямен қатысады, бұл, әрине, оқытудың екі технологиясының да кемшіліктерін жоя отырып, олардың жетістіктерін бір мезгілде пайдалануға мүмкіндік береді. Аралас оқытудың негізгі мәні – оқытудың формасы мен әдістерін тиімді үйлестіру.

1-кесте-аралас оқытудың анықтамалары









Bersin&Associates, 2003

Аралас оқыту - бұл оқу әдістерінің жиынтығы.

Reay, 2001

Аралас оқыту - онлайн және күндізгі оқу.

Bonk, 2006

Аралас оқыту - бұл күндізгі оқу (бетпе-бет оқыту) мен компьютерлік құралдарды оқытудың үйлесіміне негізделген оқыту жүйесі.

Институт Клейтона Кристенсена
www.christenseninstitute.org



Аралас оқыту - бұл мұғалімнің қатысуымен оқытуды (бетпе-бет) онлайн-оқытумен үйлестіретін және оқушының оқу жолын, уақытын, орны мен қарқынын дербес бақылау элементтерін, сондай-ақ оқыту тәжірибесін мұғаліммен және онлайн режимінде біріктіруді көздейтін білім беру тәсілі.

Friesen, 2012

Аралас оқыту интернет пен электронды бұқаралық ақпарат құралдарын, оқытушы мен оқушылардың сыныбында физикалық қатысуды қажет ететін, формалармен біріктіру арқылы ұсынылатын мүмкіндіктер ауқымы ретінде анықталады.

Долгова Т.В., 2017

Аралас оқыту - бұл күндізгі және электрондық оқытуды оқушының уақытты, орынды, қарқыны мен оқу траекториясын өз бетінше таңдау мүмкіндігімен үйлестіретін және біріктіретін білім беру технологиясы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет