Аралас оќыту технологиясын ќолдану


Аралас оқыту модельдерінің деңгейлік интеграциясы



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі53,26 Kb.
#85770
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Лекция-7-АОТ

3. Аралас оқыту модельдерінің деңгейлік интеграциясы
Аралас оқыту модельдерінің жоғарыда аталған түрлерінен басқа да модельдері топтастырылуы мүмкін. Мәселен, Д.Кларктың зерттеулері бойынша аралас оқыту моделінің элементтерін интеграциялауда 4 деңгейді көрсетуге болады: компоненттер деңгейі; ин-тегралданған деңгей; педагогикалық коммуникация деңгейі; білім беру ортасы бар деңгей.
Компоненттер деңгейі – интеграцияның ең төменгі (әлсіз) деңгейі, мұнда оқытудың аралас моделінің элементтері түгел дерлік бірін-бірі өзара алмастыра алады, яғни біреуінің тиімділігі қалған элементтерге тәуелсіз, олардың барлығы қатыспаған жағдайда да ол өз бетінше жұмыс істей алады. Бұл деңгейде интеграция жайында айту, әрине, қиын, мұнда тек қана аралас модель элементтерінің үйлесімділігі жайлы ғана сөз қозғауға болады. Д.Кларк мұндай үйлесімнің екі түрін көрсетеді:

  • аралас оқытудың параллель моделі (оқу материалын көрсетудің модульдік принципін, білім алушылар өздеріне ыңғайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік болатын жағдайды іске асырады);

  • аралас оқытудың сериялық моделі (оқу материалын көрсетудің модульдік принципін, пәннің мазмұны әртүрлі жолдармен салыстырмалы тәуелсіз бөліктерге бөлінетін жағдайды іске асырады).

Бұл екі модельдің тиімділігі оқушылардың дайындық деңгейіне, олардың өз бетінше оқуына, оқу материалын өздеріне ыңғайлы формаларда таңдау іскерліктеріне байланысты.
Интегралданған деңгей аралас оқыту моделі элементтерінің арасында өзара байланыс болуымен сипатталады. Мұнда әрбір элемент қалған барлық элементтерді ескере отырып жобаланады. Аралас оқытудың интегралданған моделдері үшін төмендегілер міндетті: модель элементтерін безендіру стилінің біркелкілігі; модельдің әртүрлі элементтерінің мазмұнындағы ортақ бөліктер арасында қиылысатын сілтемелердің болуы; бір элементтің аймағында кіру және шығу бақылауларының болуы.
Педагогикалық коммуникация деңгейі оқушылар мен оқытушылар арасында жеке немесе электронды ортаның бар болуымен сипатталады.
Білім беру ортасы бар деңгей – аралас оқыту моделінің элементтері интеграциясының ең күшті деңгейі, мұнда элементтердің ішкі байланыстары олардың оқу орнының білім кеңістігіне біртұтас органикалық енуін қамтамасыз етеді.
Егерде аралас оқытуды күндізгі және қашықтықтан оқыту үдерісінің құрамдас компоненттері өзара гармоникалық үйлескен жүйе десек, онда осы өзара әсерлесу әдістемелік тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған жағдайда ғана аралас оқытудың нәтижесі оқушылар білімінің жоғары деңгейін көрсетеді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет